Руководитель медицинской организации

«Қолдар гигиенасы бағдарламасы» СОЕ

1 ноября 2019
76
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт
«Қолдар гигиенасы бағдарламасы» СОЕ

Мақалада «Қолдар гигиенасы бағдарламасы» СОЕ мысалы ұсынылған.

Қол гигиенасының бағдарламасы СОР

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының 2013 жылғы 23 сәуірдегі  Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдары қызметкерлерінің
қолдарын өңдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» № 111 бұйрығы
Анықтамасы: 
Қолдарды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет: тырнақтардың алынуы, тырнақтарда жалтырсырдың жоқ болуы, қолдарда зергерлік әшекейлер мен сағаттардың болмауы.
Ресурстар:
Сұйықсабынды жартылай босаған құтыға толтырып құюға болмайды.
Құжаттау:
  • қолдар гигиенасы бағдарламасы;
  • «Қолдарды хирургиялық өңдеу» нұсқаулығы;
  • қолдарды жуу техникасы (фото).
Емшаралар: Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің  қолдарын өңдеудің үш тәсілін ажыратады:
  1. Қолдарды антисептиктерді қолданусыз, сабын және сумен жуу.
  2. Қолдарды антисептикті қолданумен өңдеу.
  3. Қолдарды хирургиялық дезинфекциялау.

«Қолдар гигиенасы бағдарламасы» СОЕ
Надиля Шильтерханова«Актуалис Медицина» ЭЖ сарапшы редакторы
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуі мен таратылуының негізгі факторы – медициналық персоналдың қолдары, олардың қолдары іс-қимылдарды орындау немесе ауруханалық ортаның әртүрлі объектілерімен жанасу (аппараттардың, аспаптардың беттерімен, науқастарға күтім жасау заттарымен, санитариялық-техникалық жабдықпен, жаймамен, киіммен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, таңу материалымен, медициналық қалдықтармен және басқалармен) кезінде ластанады

  Қолдарды антисептиктерді қолданусыз, сабын және сумен жуу

«Қолдар гигиенасы бағдарламасы» СОЕ

Қолдарды антисептиктерді қолданусыз, сабын және сумен жуу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • азық-түлік өнімдерімен жұмыстың,тамақ әзірлеу мен таратудың алдында;
  • тамақ ішудің алдында;
  • дәретханаға барғаннан кейін;
  • пациентпен тікелей жанасу болмайтын кезде, пациентке күтім жасау бойынша іс-әрекеттерді (төсек жаймаларын алмастыру, үй-жайлрды жиыстырып-тазалаужәнет.б.) жүргізудің алдында және одан кейін;
  • жұқпалы және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттерді қоспағанда, пациенттің зақымданбаған терісімен жанасудан (саусақпен сезу, тамыр соғуын, артериялық қысымды өлшеу және т.б.) кейін;
  • қолдар айқын ластанатын жағдайлардың бәрінде.

Қолдарды жуу үшін жылы ағындық су, мөлшерлеуіші бар құтылардағы сұйықсабын, бірреттік сүлгілер немесе бірреттік салфеткалар пайдаланылады. Сұйықсабынды жартылай босаған құтыға толтырып құюға болмайды.

Қолдарды жуу кезіндегі іс-әрекеттердің кезектілігі:

  1. суқұбырлық шүмекті ашу;
  2. қолдарды сумен ылғалдау;
  3. ылғал қолдарға сабын жағу;
  4. өңдеуді EN-1500 еуропалық стандартқа сәйкес жүргізу (осы әдістемелік ұсынымдарға қосымша);
  5. қолдарды бірреттік сүлгімен немесе бірреттік салфеткамен құрғату;
  6. сүлгіні сыйымдылыққа немесе қалдықтар жинауға арналған контейнерге тастау.

«Қолдар гигиенасы бағдарламасы» СОЕ
Маргарита Чистякова«Актуалис Медицина» ЭЖ сарапшы редакторы, Цифрлық «ХҚЭДО-Қазақстан» баспасының бірқатар басылымдарының авторы, 1-ші санатты эпидемиолог дәрігер, Алматы қ.
«Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолын өңдеу жөніндегі әдістемелік ұсынымды бекіту туралы» ҚР ДСМ 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 111 бұйрығының 1-тармағында «Осы әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арналған» делінген, лауазымдары мен құрылымдық бөлімшелері нақтыланбаған.

Қолдарды  антисептик қолданумен өңдеу

Қолдарды антисептик қолданумен өңдеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • инвазивтік емшараларды орындаудың алдында және одан кейін;
  • пациенттің тері жабындарының бүтіндігі зақымдануына байланысты іс-әрекеттер жүргізудің алдында және одан кейін;
  • жарақаттармен және катетерлермен іс-әрекеттер жасаудың алдында және одан кейін;
  • науқастың қанымен және басқабиологиялық сұйықтықтарымен, бөліністерімен жанасудан кейін;
  • жұқпалы және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттермен жанасудың алдында және одан кейін;
  • жаңа туған нәрестелерді қарап-тексерудің алдында.
Қолдарды антисептик қолданумен өңдеу екі кезеңнен тұрады:
  • қолдарды сабынмен жуу;
  • қолдарды тері антисептигімен дезинфекциялау.

Қолдарды антисептик қолданумен өңдеу кезіндегі іс-әрекеттердің кезектілігі:

  1. қолдарды сабынмен және сумен жууды осы әдістемелік ұсынымдарға сәйкесжүргізу;
  2. білезік буынына 3 мл-ден кем емес мөлшердегіантисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыстар кезектілігін сақтай отырып,  толық кепкенге дейін, теріге мұқият үйкелеу (антисептик жаққаннан кейін қолдарды сүртпеу).

Қолдарды өңдеу үшін жылы ағындық су, сұйықсабын және шынтақтық мөлшерлеуіші бар құтылардағы антисептиктер, бірреттік сүлгілер немесе бірреттік салфеткалар пайдаланылады. Сұйықсабынды жартылай босаған құтыға толтырып құюға болмайды. Антисептик ретінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекция құралдары пайдаланылады.

Қолдарды хирургиялық дезинфекциялау

«Қолдар гигиенасы бағдарламасы» СОЕҚолдарды хирургиялық дезинфекциялау мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • кез келген жеделараласулардың алдында;
  • маңызды инвазивтік емшаралардың алдында (мысалы, ірі тамырларды инемен тесу).

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×