text
MCFR.KZ Медицина

Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы

  • 12 сентября 2018
  • 307
АІИ профилактикасы бойынша жұмысты қалай ұйымдастыру керек
АІИ профилактикасы бойынша жұмысты қалай ұйымдастыру керек

Ауруханаішілік инфекциялардың өріс алуы – әлі де өзекті проблема. Осы мақала медициналық ұйымдарда АІИ профилактикасын ұйымдастырған кезде негізге алынатын номативтік-құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, АІИ тиімді профилактикасының басты қағидаттарын ашады.

Ауруханаішілік инфекция (hospital-acquired infection) – науқас денсаулық сақтау мекемесінде емделіп жатқан кезеңде медициналық көмек көрсету нәтижесінде науқасқа жұғатын шығу тегі микробтық кез келген клиникалық айқын көрінетін ауру. 

Қазіргі таңда ауруханаішілік инфекция (АІИ) айтарлықтай жіті проблема туындатып отыр. Дүниежүзілік статистиканың деректері бойынша АІИ пациенттердің кем дегенде 5 – 12 % туындайды. Қазақстанда бұл сан шамамен 215 жағдайды құрайды. Бұл ретте статистиканың деректері қауіп төніп тұрғандардың тізімінде тек қана пациенттер емес меджұмыскерлердің де бар екенін көрсетеді. Көптеген жағдайларда АІИ жағдайлары перзентханаларда (71,4 %) тіркеледі. АІИ туындау себептеріне асептика және антисептика қағидаларын сақтамау (33,3 %), сондай-ақ антибиотиктерді дұрыс тағайындамау жатады.

Ауруханаішілік инфекциялардың туындауына әсер ететін факторлар

Қазақстан Республикасы бойынша әртүрлі денсаулық сақтау объектілерінде ауруханаішілік инфекциялармен ауырудың көп жылдық қарқынын талдау олардың көптеген мынадай:

  • науқастану және емделу нәтижесінде адамдардың жалпы иммунитетінің төмендеуі;
  • көп жылдар бойы бір препаратты қолданғаннан ауруханада антиботиктерге, дезинфектанттар мен антисептиктерге төзімділігі қалыптасқан шартты-патогендік және патогендік жоғары вирусты қоздырғыштардың жиналу және таралу деңгейін;
  • ауруханаларда әртүрлі режимдерді сапасыз орындау нәтижесі;
  • медициналық жабдықты заласыздандыру және дезинфекциялау сапасы;
  • антибиотикпен емдеуге көрсетілімдер болмаған кезде кең көлемде әсер ететін антибиотиктерді тағайындайтын клиникалықтардың практикасы;
  • жеке бактериологиялық зертханаларды оларды орталықтандырып жабуы;
  • кәсіби патологияның профилактикасының проблемалары сияқты факторлардан туындайтынын атап өтуге мүмкіндік береді.

★ҚЫЗЫҚТЫ САУАЛ★

Медициналық ұйымдарда АІИ–ға бақылау жасау жүйесін қалай ұйымдастыру керек
Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы

Гаухар Кужабаева

автор журнала “Старшая медицинская сестра”, главный специалист отдела эпидемиологического надзора Управления по защите прав потребителей Наурызбайского района г. Алматы

Инфекциялық бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір медициналық ұйымда инфекциялық бақылау Комиссиясы құрылады, ол Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы "Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау жүргізу Қағидаларын бекіту туралы" № 19 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - Қағидалар),"Медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау комиссиясы туралы Үлгілік ереженің" 1 қосымшасына сәйкес әрекет етеді.

Инфекциялық бақылау жөніндегі комиссияның қызметі әзірленген және медициналық ұйымбасшысы бекіткен Бағдарламаға сәйкес, бейін, емдеу-профилактикалық процестің өзіндік ерекшеліктері, қаржылық және материалдық ресурстар есепке алына отырып, жүзеге асырылады.

Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы

Ауруханаішілік инфекциялардың (АІИ) профилактикасының маңыздылығы мынадай бірқатар:

  • стационарларда АІИ-ден өлім санының артуы;
  • науқас ауруханаішілік инфекцияны жұқтырған жағдайда оның емінің құнының артуы мен жатып емделуінің ұзақтығы;
  • АІИ және т. б. салдарынан пациент пен оның отбасы үшін еңбекке жарамсыз болуынан туындайтын қаржылық қиындықтары факторларымен айқындалады.

АІИ таралуын алдын алу жолдарының бірі – бұл ЕПМ бөлімшесіне инфекцияланбаған бейіндегі инфекциялық аурулардың белгілері бар тұлғаларды кіргізбеу.

Қабылдау бөлімі жұмыскерлерінің АІИ өршуінің алдын алу мақсатында пациент түскен кездегі әрекеттері

Қабылдау бөлімі жұмыскерлерінің әрекеттері пациенттің бөлімшеге қандай күйде келіп түсетініне байланысты болады.

Жоспарлы түрде түскен кезде профилактикалық тексеру туралы мынадай:

  • туберкулезге;
  • жоспарлы ота жасаған жағдайларда В және С гепатиттерінің маркерлеріне;
  • екі жасқа дейінгі бала пациенттер мен олардың ілесіп жүретін туыстарына арналған балалар стационарына ішек инфекцияларына;
  • психиатриялық стационарлардың пациенттеріне дифтерия мен ішек инфекцияларына құжаттардың болуын тексерген жөн.

Төтеннен түскен кезде тексеруді дәрігердің нұсқауы бойынша пациенттің жағдайының ауырлығын ескере отырып тікелей қабылдау немесе палаталық бөлімшеде жүргізеді. Тексеруді тағайындау туралы белгілерін және тесерудің нәтижелерін пациенттің сырқаттық тарихына енгізеді.

★Вебинар!★

Медициналық ұйымның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы қызметін мемлекеттік бақылау мен қадағалау ерекшеліктері

Алина Абирова

«ACTUALIS: Медицина» ЭЖ сарапшысы «Аға медбике» журналының авторы, Алматы қ. ҚДСД АІИ-ді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы 
П«Қазақстандағы денсаулық сақтауды жаңғырту: басшы мен аға мейірбикенің рөлі» тақырыбындағы медициналық конференцияның материалдары бойынша

Инфекциялық аурулардың стационарға енуінің профилактикасы және

алдын алуға қабылдау бөлімінің медициналық жұмыскерлері:

  • инфекциялық және паразиттік аурулары бар науқастарды, инфекциялық ауру белгілері бар тұлғаларды, инфекциялық аурулардың тасымалдаушыларын анықтайды;
  • күдікті/инфекциялық аурулары бар науқастарды оқшаулайды;
  • пациент түскен күні қолжетімді, соның ішінде зертханалық әдістермен оның жағдайына диагностика жасайды;
  • инфекциялық (паразиттік) ауруды, тасымалдаушыны немесе күдігі бар адамды анықтаған жағдайда ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығымен бекітілген қағидаларға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық игілігі саласындағы аумақтық органды ақпараттандырады; 
  • инфекциялық (паразиттік) аурулардың қоздырғыштарын тасымалдау күдігі туындаған барлық жағдайларда № 907 бұйрықпен бекітілген № 060/е нысаны бойынша инфекциялық ауруларды есепке алу журналына есепке алады;
  • қарап-тексеру нәтижесі және дәрігердің нұсқауы бойынша пациенттерге санитрлық өңдеу жүргізеді.

 № 060/е нысаны - инфекциялық ауруларды тіркеу ЖУРНАЛЫ

Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы

АІИ-дің тиімді профилактикасы үшін мыналарды жасау керек:

  • Үй-жайларды, жабдықтарды, құрал-саймандарды санитарлық жағдайда ұстауға қойылатын жалпы талаптарды ұстану;
  • Дезинфекцияны ұйымдастыру;
  • Залалсыздандыру алдындағы сапалы өңдеу жасауды қатаң ұстану;
  • Медбұйымдарға залалсыздандыру жұмыстарын жасау.

Пациенттер мен медперсоналдың жеке басының гигиенасы да маңызды талап болып табылады.

Инфекциялық бақылау жөніндегі қызметті үйлестіруді медициналық ұйымның бірінші басшысы қамтамасыз етеді.

Инфекциялық бақылау жүйесін тиімді ұйымдастыру үшін әрбір медицицналық ұйымда Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қолданыс күшіне ие Үлгілік ережеге сай Инфекциялық бақылау комиссиясы құрылады.

Инфекциялық бақылау бойынша комиссияның құрамына мыналар кіреді:

  • төраға – медициналық ұйымның басшысы немесе оның орынбасары;
  • осы медициналық ұйым қызметкерлерінен тұрақты мүшелері: госпиталь эпидемиологы, инфекциялық бақылау мейірбикесі, дәрігер-хирург, дәрігер-инфекцияшы, дәрігер-терапевт, дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, дәрігер-бактериолог, дәріхана меңгерушісі, бас мейірбике;
  • медициналық ұйымның бейініне қарай басшысының шешімі бойынша басқа да бейінді мамандар: дәрігер-паталогоанатом (АІИ өлімге әкелген оқиға тіркелген жағдайда), инженерлік бейіндегі маман (ғимараттарды, құрылыстарды, медициналық аппаратураны пайдалану мәселелері талқыланатын кезде), экономист (АІИ оқиғаларынан экономикалық залалды есептеу үшін), басқа да мамандар тартылады.

Әрбір медициналық ұйымда бейіні, емдеу-профилактикалық процестің өзіндік ерекшеліктері, қаржылық және материалдық ресурстарын есепке ала отырып, инфекциялық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша Жұмыс бағдарламасы әзірленеді.

АІИ профилактикасы кезінде кіші және орта медперсоналдың рөлі

АІИ профилактикасында жетекші рөлді кіші және орта медициналық персонал атқарады, өйткені солардың санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимдерді сақтауы барысында өз кәсіби міндеттерін күнделікті, маңдай термен, бұлжытпай орындауының арқасында АІИ профилактикасының негізі құралады.

АІИ таралуының алдын алу үшін кіші медперсонал мыналарды жасауы тиіс:

  • үй-жайларды кем дегенде тәулігіне 2 рет (қажеттілік туындаған жағдайда жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдаланып жиірек) сумен тазалау (едендерді, жиһазды, жабдықтарды, терезенің алдын, есіктерді және т. б. жуу);
  • тазалық жасайтын құрал-саймандардың (шелектерді, табақтарды, шүберекті, швабраларды және т. б.) барлығын үй-жай мен тазалық жұмыстарының түрлерін көрсетіп таңбалап шығу, қатаң түрде өз мақсаты үшін пайдалану және бөлек сақтау;
  • палаталы бөлімшелердің үй-жайлары мен басқа да қызметтік үй-жайлар мен кабинеттерді бекітілген кесте бойынша кем дегенде айына бір рет қабырғаларды, едендерді, барлық жабдықтарды мұқият жуып, сондай-ақ жиһаз, шамдар, қорғаныс жалюзилерінің шаңын сүртіп толық тазалау жұмыстарын жасау.

АІИ профилактикасы бойынша ең қарапайым, бірақ тиімді шаралардың бірі қол жуу болып табылады. Көп жағдайларда медициналық қол әрекеттері аса қауіпті биологиялық сұйықтықтармен контактіге түсумен байланысты болғандықтан жұмыс барысында жеке қорғаныс құралдарын (қолғаптарды, бетперделерді, киімді, көзілдірікті) қолдану да маңызды.

Медперсоналдың барлығы өткір заттарды (инелер, қандауыр және т. б.) қолдану ережелерін білуі және қатаң сақтауы, пайдаланылған медициналық аспаптар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жинау және сақтау бойынша алгоритмді бұлжытпастан орындауы, сондай-ақ көп рет қолданылатын ота жасау жаймалары мен киімін сұрыптау және өңдеу қағидаларын сақтауы қажет.

ЕПМ-де санитарлық-гигиеналық режимді бұзу жағдайлары АІИ-дің кенеттен өрістеуіне әкеледі.

Инфекциялық бақылау бойынша Бағдарлама. Мысал.

Ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы

АІИ профилактикасын ұйымдастырған кездегі нормативтік-құқықтық актілер 

Ауруханаішілік инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018.2.03 «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 126 бұйрығының 17-тарауындағы 238 – 243-тармақтарда көрініс тапқан.

Медициналық ұйымдарда АІИ профилактикасын ұйымдастырған кездегі негізге алынатын нормативтік-құқықтық актілер

  • ҚР-ның 2009 жылғы 18 қыргүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі  туралы» кодексі (7-бабы 1 тармағының 5) тармақшасы);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы «Медициналық ұйымдарда инфекциялық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 19 бұйрығы;
  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017.31.05 «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 357 бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2018 жылғы 27 наурыздағы «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы № 126 бұйрығы;
  • ҚР ҰЭМ-нің 2015 жылғы 27 қаңтардағы «Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыру және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 48 бұйрығы;
  • ҚР ҰЭМ 2015.24.02 «Міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 128 бұйрығы;
  • ҚР ҰЭМ 2015.24.06 «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулар жағдайларын тіркеу, есепке алуды жүргізу қағидаларын және олар бойынша есептілікті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 451 бұйрығы.
  • ҚР ҰЭМ-нің 2016.06.06 «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары» № 239 бұйрығы;
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының 2013 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы медициналық ұйымдары қызметкерлерінің қолдарын өңдеу бойынша әдістемелік ұсынымдар» № 111 бұйрығы.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Пожалуйста зарегистрируйтесь

Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение