Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдаят, профилактикалық іс-шаралар

39
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдаят, профилактикалық іс-шаралар
Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдаят, профилактикалық іс-шаралар
Кужабаева Гаухар Елеусизовна
автор журнала "Старшая медицинская сестра", руководитель отдела эпидемиологического надзора Управления охраны общественного здоровья Наурызбайского района г. Алматы
Туберкулез профилактикасы бойынша іс-шаралардың табысы мен олардың тиімділігі бүкіл халықтың белсенді қатысуы кезінде ғана мүмкін болады.

Кіріспе

Туберкулез қоғамдық денсаулық сақтаудың елеулі проблемасы болып қалып отыр. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі  – БДҰ) мәліметтеріне сәйкес, жыл сайын дүние жүзінде туберкулезбен 8,5 млн-дай адам ауырып,  1,3 млн адам қайтыс болады.

Назар аударыңыз! Туберкулез – әлеуметтік мәні бар жұқпалы ауру, ол өте өткір қоғамдық проблема болып табылады, еңбекке қабілеттіліктен айырылудан орасан экономикалық залал келтіреді, сондай-ақ республика халқының неғұрлым өнімді халқының уақытынан ерте қайтыс болуына әкеледі.

Туберкулездің қоздырушысы – Кох таяқшасы, сыртқы орта факторларына жоғары төзімділікті иеленген микобактерия, төменгі температуралардан қорықпайды, бактериялары кепкен қақырықта бір жылға дейін, науқастың киімі мен ішкиімінде – төрт айға дейін сақталады. Туберкулез инфекциясының көзі туберкулездің белсенді өкпелік нысаны бар науқастар болып табылады. 

Туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдаят

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі  – ҚР ДСМ) статистикалық мәліметтеріне сәйкес, біздің елде соңғы 10 жылдың ішінде туберкулезбен ауырушылық көрсеткіші 54,9 %-ға, ал өлімге ұшыраушылық 77,4 %-ға төмендеді.                                                                                     

Тәуекелдің ерекше тобына көрші елдерден келген еңбек мигранттарының қосылуы жалғасып жатқандығын атап өту маңызды. Жылына 300 мыңнан 1 млн-ға дейінгі мигранттарды қабылдай отырып, Қазақстан Орталық Азия елдері үшін туберкулездің топнсшекаралық бақылау бойынша сөйлесу алаңшасына айналды. Орын алған проблемаларды есепке ала отырып, Қазақстан Үкіметі  туберкулезбен күрес бойынша  2014–2020 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылдады.

 ҚР ДСМ-нің бастамасы бойынша 2015 жылдың ақпан айында БДҰ сарапшыларының Қазақстандағы туберкулезді эпидемиологиялық қадағалау жүйесін бағалау жөніндегі Миссиясы болып өтті. Миссия барысында Қазақстанда туберкулез оқиғаларын айқындау, диагностикасы мен тіркеу әдістерінің қолжетімділігі мен сапасы бағаланды. БДҰ-ның сарапшылары республикада туберкулезге эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің жолға қойылғандығын және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті (бұдан әрі – АМСК) ұйымдастыру деңгейінде аурудың жаңа оқиғаларын іздестірудің белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.

2012 жылдан бастап туберкулезге қарсы Ұлттық бағдарламаны іске асыру нәтижелерін бағалай келіп, БДҰ Миссиясы мынадай қорытындыға келді: Қазақстан көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді, балалар туберкулезін емдеу мен диагностикасы, инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету мен кадрларды тиісті дамыту  мәселелері бойынша проблемаларды шешуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

Жұқтыру жолдары

Қазіргі уақытта туберкулезді жұқтырудың екі жолы белгілі:

1) ауа-тамшылық (түшкіру мен жөтелу кезінде, құрамында қоздырғышы бар ауамен тыныстау кезінде);

2)  жанасушылық (тұрмыстық заттар арқылы).

Алайда ауру тыныс алу жолдарына Кох таяқшасы түскен адамның бәрінде бірдей  дами бермейді. Ағзада туберкулездің дамуына зиянды әдеттер (маскүнемдік, темекі тарту), иммунитеттің әлсіреуі, ширығулар, нашақорлық, жиі болатын жіті тыныс алушылық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖТВИ), теңгерімделмеген тамақтану, пәтердегі дымқылдық пен ластық, өкпенің, бүйрек, бауырдың созылмалы аурулары, қант диабеті, гормональды және цитостатикалық терапия сияқты факторлар да жағдай жасайды.

Негізгі клиникалық  симптомдары

Өкпе туберкулезінің негізгі клиникалық симптомдарына: 3 апта және одан көп уақыт ішіндегі жөтел, кеуде аймағындағы ауырсыну, алқыну, дене температурасының артуы, тершеңдік, шаршаушылық, жалпы әлсіреу, дене массасының төмендеуі жатады.

Бұған қоса, туберкулез қоздырғышының басқа мүшелер: бүйрек, сүйек, көз, терінің қан және лимфатикалық тамырларына түсуі мүмкін, мұндай жағдайда туберкулез өкпеден тыс туберкулез деп аталады. Мұндай науқас айналасындағылар үшін қауіпті болып табылмайды.

Қазақстанда туберкулезбен ауыратындарды айқындауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы
 № 194 бұйрығымен  «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (29.08.2016 ж. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) Санитариялық қағидалары бекітілді.

Бұл талаптарға сәйкес туберкулезбен ауыратындарды айқындауды мыналар кезінде барлық мамандықтардағы медициналық қызметкерлер жүзеге асырады:

1) адамдар  амбулаториялық-емханалық және  стационарлық ұйымдарға медициналық көмек алуға жүгінген кезде;

2) стационарлық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;

3) міндетті және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жүргізген кезде;

4)  туберкулезге қарсы иммундандыруды жүргізген кезде.

Маңызды! Туберкулезбен ауруы мүмкін екендігін көрсететін симптомдары бар пациенттер медициналық ұйымға жүгінген кезде міндетті рентгенологиялық және бактериологиялық зерттеумен (жағынды, қақырық пен басқа да патологиялық материалдың микроскопиясы) толықтай клиникалық және аспаптық зерттеп-тексеру жүргізіледі.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 6-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль