Абайлаңыз, кене энцефалиті!

33
Кене
Кене
Кужабаева Гаухар Елеусизовна
автор журнала "Старшая медицинская сестра", руководитель отдела эпидемиологического надзора Управления охраны общественного здоровья Наурызбайского района г. Алматы
Мақалада энцефалит профилактикасының іс-шаралары, кене шаққан кездегі іс-әрекеттер алгоритмі талаптар ұсынылған.

Кене энцефалиті

Кене энцефалиті – бұл көпшілік жағдайда көктем-жаз маусымында орталық және шеткергі жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық инфекция.

Көктемгі күннің алғашқы сәулелерімен кенелер қысқы ұйқыдан оянады және негізінен бұталардан, өтіп бара жатқан адамдарға шабыл жасайды. Әркімнің: өз бақшасында, қалалық саябақ немесе скверде, таудағы сейілдерде  кененің құрбанына айналуы мүмкін. Алдымен олар аяқтарға түседі, одан кейін адам денесі бойынша саяхаттай отырып, терінің неғұрлым осал тұстарына: құлақтардың артына, қолтықтарға, кіндікке, қарынға кіріп кетеді.

Вирустың негізгі тасымалдауыштары иксодтық кенелер болып табылады, жұқтыру кененің шағуы кезінде болып өтеді. 

Кене шаққан кездегі іс-әрекеттер алгоритмі

Серуендеулерден (жасыл аймақ бойынша) үйге қайтқаннан кейін киімді жақсылап қағып-сілку және денеде кіріп кеткен кененің бар-жоқ екендігін мұқият қарап шығу қажет.

Егер сіздер денеден кіріп кеткен кенені анықтаған болсаңыздар, оны іскектің немесе шымшуыршаның көмегімен кенені бүйірінен қысып, сағат тіліне қарсы айналдыра отырып, алып тастау қажет.

Кенені сондай-ақ, кененің басына жақындау жерге тұзақ жасай отырып, оны шамалы ырғау арқылы  кез келген мықты жіппен де алып тастауға болады.

Барлық кенелердің жұқтырғыш бола бермейтіндігін еске сақтаңыздар! Алынып тасталған кененің жұқтырғыштығын анықтау үшін оны паразитологиялық зертханаға микробиологиялық талдау жасау үшін жеткізу қажет.

 Алматы қаласында Сәтпаев көшесімен қиылыста, Әуезов көшесі, 84 үй мекенжайында орналасқан ШЖҚ  «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы»  РММ-не жүгінуге болады.

Маңызды! Бірінші кезекте нені білу қажет:

  • ауру жіті басталады;
  • инкубациялық кезеңі 3-тен 15 күнге дейін созылуы мүмкін;
  • аурудың клиникалық симптомдары: дене температурасының  39–40оС-қа дейін көтерілуі, бұлшықеттік ауырсыну, жүрек айну, құсу;
  • аурудың ауыр нысандары кезінде мойын мен білек бұлшықеттерінің салдануы байқалуы мүмкін, бұл мүгедектенуге әкеп соғады.

Профилактика іс-шаралары

Кене энцефалитінің профилактикасы мақсаттарында және кене шағу оқиғалары тіркелген кезде ересек халық Алматы қаласында орналасқан медициналық ұйымдардағы жарақаттық пункттерге: ШЖҚ «№ 7 қалалық клиникалық аурухана» МКК, ШЖҚ  «Қалалық орталық клиникалық аурухана» МКК, ШЖҚ « № 4 қалалық клиникалық аурухана» МКК, ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» МКК-на, ал 14 жасқа дейінгі балалар  – ШЖҚ «Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы» МКК-на жүгіне алады.

 № 283 бұйрықпен бекітілген  «Паразиттік аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларының (1 қосымша) 12 тарауындағы 105 тармаққа сәйкес кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақта тұратын және жұмыс істейтін халыққа профилактикалық мақсатпен жыл сайынғы вакциналау көрсетілген.

 Назар аударыңыз! Вакциналау тегін жүргізіледі!

 Профилактикалық (противоэпидемияға қарсы)  іс-шаралар мақсатында 2017 жылғы эпидемиялық маусымға Алматы қаласы аумағында кенеге қарсы өңдеудің екі туры жоспарланған: бірінші тур  2017 жылдың сәуір-мамыр айларында өтетін болады.

1 қосымша

Иксод кенелері (көктемгі-жазғы кене энцефалиті) арқылы берілетін аурулардың алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар [1]

Медициналық ұйымдар уақытында ауру жағдайларын, сондай-ақ кене шаққаннан зардап шеккен адамдарды тіркеуді және есепке алуды, науқастарды диагностикалау, ауруханаға жатқызу, емдеу және ауырып сауыққан адамдарды диспансерлеуді жүргізеді. Көктемгі-жазғы кене энцефалитімен  ауырып сауыққан адамдарды диспансерлік бақылауды пациенттің денсаулық жағдайына байланысты екі және одан да көп жыл бойы невропотолог-дәрігер жүргізеді.

Кене энцефалитіне қарсы жоспарлы иммундауды медициналық ұйымдар жүзеге асырады. Жоспарлы профилактикалық иммундауға қызметі кене энцефалитінің табиғи ошақтарында болумен байланысты адамдар жатқызылады.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 6-нөмірінен оқыңыздар.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль