Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласында медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау

7
Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласында медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау
Санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету саласында медициналық қызметкерлердің құқықтарын қорғау
Тьесова-Бердалина Раушан Амамбековна
автор журнала “Руководитель медицинской организации”, ассоциированный профессор кафедры гигиены, эпидемиологии и микробиологии КазМУНО, доцент, PhD, к. м. н., г. Алматы
Іс жүзінде кез келген елдің денсаулық сақтауында өткір проблема – персоналдың емдеу-профилактикалық ұйымдағы кәсіптік қызметінің нәтижесінде зақымдану проблемасы орын алған.

Медициналық қызметкерлер құқықтарын қорғау саласындағы заңнама

Қазақстан Республикасы дамуының және қолжетімділігі мен медициналық-әлеуметтік көмектің сапасын арттыруға бағытталған денсаулық сақтауды жаңғыртудың заманауи жағдайларында стратегиялық мақсаттар мен басымдыққа ие мемлекеттік міндеттер халық денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады.

Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) Бас конференциясы өндірістегі өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулар мен адамдар өлуінің жаһандық көлемдерін және оларды қысқарту мақсатымен бұдан кейінгі іс-шаралар қабылдау қажеттігін мойындай отырып, өндірістегі жалпы және кәсіптік аурулар жағдайында жұмыскерлерді қорғау БЕҰ-ның өз Жарғысында көзделген міндеттердің бірі екендігін еске салады, және өндірістегі жарақаттану, кәсіптік аурулар мен адамдардың өлімі оқиғалары экономикалық және әлеуметтік даму процесі мен өнімділікке қолайсыз әсер ететіндігін мойындайды. БЕҰ өзіне дүние жүзі елдерінің мақсаты барлық кәсіптердегі еңбекшілер денсаулығы мен өмірін қажетті қорғауды қамтамасыз ету болатын бағдарламалар қабылдауға жағдай жасауға салтанатты міндеттеме қабылдады. 

Медициналық ұйымдардың басшыларына заңдарды білмеу заңдық жауапкершіліктен босатпайтынын білу қағидаттық жағынан маңызды. Егер заңдар, қағидалар мен нормативтер бар болса, онда денсаулық сақтау объектілерінің қызметкерлеріне де, жұмыс берушілерге де оларды сақтау қажет.

Республика (жер-жерде, барлық елдерде) заңнамасы олардың сөздік мағынасының  маңызына сәйкес түсіндірілуі тиіс. Заңнамалық нормаларды екіұдай түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері мен азаматтық заңнаманың негізгі қағидаттарына жауап беретін түсінікке артықшылық беріледі.

Маңызды! Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа тұлғаға залал келтіруге бағытталған іс-әрекеттеріне, құқықты өзге нысандарда асыра пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның тағайындалуына қарама-қайшы жүзеге асыруына жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне  сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат мынадай қағидаттардың негізінде жүргізіледі:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алуға тең құқықтарын қамтамасыз ету;

2) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағытталғандықтың басымдылығы;

3) медициналық көмек сапасын тұрақты арттыру;

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету;

5) халық денсаулығы, дәрілік заттардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу.

Сөздік

Денсаулық сақтау объектілері – оларда өз қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары мен денсаулық сақтау саласында медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар.

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым – денсаулық сақтаудың шаруашылық жүргізуші субъектілері, ауруға шалдығушылықтан сақтандыру мен төмендету, науқастарды анықтау, диспансерлендіру, стационарлық бақылаумен, зерттеп-тексерумен, емдеумен және науқастарды оқшаулаумен байланысты емес білікті медициналық көмек көрсету бойынша профилактикалық қызметті жүзеге асырады.

Медициналық ұйымдарға арналған негізгі гигиеналық талаптар мен нормативтер

Стационарлар мен емханаларға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар  ауа-тамшылық инфекциялардың таралуынан сақтандыру болып табылады. Бұған мыналардың арқасында қол жеткізіледі:

  • ғимараттарды ұтымды жоспарлау;
  • үй жайларға тиімді, табиғи ғана емес, сондай-ақ механикалық желдетуді қолдану;
  • профилактикалық іс-шаралар жүргізу (күн сайынғы ылғалды жиыстырып-тазалау, химиялық және физикалық әдістерді қолданумен тұрақты дезинфекция).

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 7-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль