text
MCFR.KZ Медицина

ЖПД медициналық бикелерінің дербес жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі

  • 12 июля 2017
  • 53
главная медицинская сестра ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 10» г. Алматы
ЖПД медициналық бикелерінің дербес жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі
ЖПД медициналық бикелерінің дербес жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі

Мақалада Алматы қаласындағы № 10 қалалық емханада жалпы практика дәрігерінің өкілеттіліктерін БМСК деңгейінде оның құзіреті шеңберінде медициналық бикеге беру тәжірибесі келтіріледі.

ЖПД өкілеттіліктерін медициналық бикеге беру

Бүгінгі күні Қазақстан денсаулық сақтауындағы аса өзекті тақырыптардың бірі бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) деңгейінде жалпы практика дәрігерінің (бұдан әрі – ЖПД)  өкілеттіліктерін оның құзіреті шеңберінде медициналық бикеге беру болып табылады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 14 маусымдағы «Кешенді жан басылық норматив бойынша амбулаториялық-емханалық көмекке ақы төлеуді қанатқақты енгізу туралы» № 415 бұйрығына сәйкес  № 10 қалалық емханада пациенттерді медициналық бикелердің дербес қабылдауы енгізілді.

№ 10 қалалық емхана – Алматы қаласындағы ірі емдеу-профилактикалық ұйымдарының (бұдан әрі – ЕПҰ) бірі.  Емхана күніне 500 адамның келуге есептелген, 56 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді. ЕПҰ штатында  358 қызметкер жұмыс істейді, олардың ішінде  91 дәрігер мен орта медициналық персоналдың 163 өкілі бар.

       2012 жылдан бастап емханадағы халыққа көмекті ұйымдастыру елеулі өзгерістерге ұшырады, олардың нәтижесінде ЖПД мен медициналық бикелер көрсететін қызметтер үлесі артты. Бұл дәрігерлер мен медбикелердің арасында міндеттерді соңғыларының функцияларын кеңейту жағына елеулі қайта бөлісуге әкелді.

Бір жағынан, өкілеттіліктерді беру дәрігерді ұйымдастырушылық және бірқатар емдеу процестерінен босатады, оларда пациентпен қарым-қатынас жасауға көбірек уақыт қалады, екінші жағынан – орта медперсонал мәртебесін көтереді: бикелік істің заманауи сауатты маманы көптеген мәселелерді өздігінен шеше алады. Қорытындыда дәрігер және медбике командасындағы нақты жолға қойылған жұмыс халыққа қызмет көрсету сапасын неғұрлым жоғары деңгейге көтереді. 

Жаңалықты енгізудің бастапқы кезеңінде медбикелер дербес қабылдау жүргізуге үйретілді. № 5 қалалық емхана базасында  бикелік істің штаттан тыс бас маманы  М. А. Абабкованың басшылығымен пацтенттерді бикелік тексеріп-зерттеуді жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді: пациентті орта медициналық маманның бастапқы қарап-тексеру картасы (1 қосымша), диспансерлік пациентті қарап-тексерудің бикелік парағы (2 қосымша), жаңа туған нәрестелерді профилактикалық қарап-тексеру бойынша әдістемелік ұсынымдар (3 қосымша), оларда зерттеп-тексерудің субъективтік, объективтік, аспаптық және зертханалық әдістері көрініс тапты.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы «Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы» № 85 бұйрығының 1 тармағына сәйкес жалпы практика медбикесінің функциялық міндеттері мен медициналық бикенің дербес қабылдаудағы іс-әрекеттер алгоритмі белгіленді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2012 жылғы 26 желтоқсандағы «Аурудың созылмалы нысандары бар науқастарды диспансерлеу хаттамаларын (стандарттарын) бекіту туралы»   № 885 бұйрығының негізінде  пациент қозғалысының маршруты  мен  диспансерлік пациент қозғалысының маршруты әзірленді  (4 қосымша).

ЖПД қағидаты бойынша медициналық көмек көрсету моделін енгізу

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


ЖПД қағидаты бойынша медициналық көмек көрсету моделін енгізу БМСК сапасын арттырудың неғұрлым тиімді әдістерінің бірі болып табылады.

Бұл модель жалпы практика дәрігерінің мамандар әдетте көрсететін қызметтерді меңгеруіне телінбейді. Дәрігер функциясына сондай-ақ, профилактикалық жұмыстың үлкен көлемі, пациенттерді ағарту  және басқалар енгізілген. Бұл міндеттерді  сауатты медициналық бикелердің қатысуынсыз шешу іс жүзінде мүмкін емес.

Салауатты өмір салтын насихаттау, халықты вакциналау, тәуекел факторлары бар тұлғаларды белсенді айқындау, созылмалы науқастарға, оның ішінде ауруы тұрақсыз өтетін науқастарға  тұрақты бақылау жасау, пациенттерді өзінің жай-күйіне өзіндік бақылау жасауға үйрету – бұл жұмыстың бәрі медбикелердің міндеттеріне кіреді, олар осылайша алғашқы және екіншілік профилактикаға белсенді қатысады. Нақ осы аурулардың өздері мен олардың асқынуларына профилактика  медициналық қызметтер көрсетудің барлық түрлеріне, әсіресе жедел жәрдем шақыру мен  стационарларда емделу сияқты қымбат тұратын түрлеріне кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 7-нөмірінен оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение