«Эндоскопиялық аспаптарды өңдеу алгоритмі» СОЕ

17
Мақалада «Эндоскопиялық аспаптарды өңдеу алгоритмі» СОЕ ұсынылған.

«Эндоскопиялық аспаптарды өңдеу алгоритмі» 

Мақалада "Эндоскопиялық аспаптарды өңдеу алгоритмі" СОЕ мысалы ұсынылған

Мақсаты: Инфекциялық аурулар профилактикасы, ауруханаішілік инфекция, отадан кейінгі асқынулар.

Анықтамасы:             

Дезинфекция  – инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою бойынша іс-шаралар кешені.

Дезинфекциялық жабдық –  дезинфекция, стерильдеу алдындағы тазарту (бұдан әрі – САТ), стерильдендіру жүргізу үшін тағайындалған аппараттар мен қондырғылар.

Дезинфекциялық құралдар (бұдан әрі  – дезқұралдар) –  дезинфекция, стерильдеу алдындағы тазарту, стерильдендіру жүргізу үшін тағайындалған химиялық, биологиялық құралдар.

Стерильдендіру  – оларға физикалық, химиялық, жылулық немесе аралас тәсілдермен әсер ету жолымен қоздырғыштардың барлық түрлерін, оның ішінде спораларды толықтай жою.
 

Қолданылу саласы:

Қағидалар клиникалық бөлімшелердің орта және кіші медициналық персоналына қолданылады.

            Жиыстырып-тазалаулардың жүргізілуіне бақылауды аға медициналық бикелер жүргізеді.

Талаптар:

  1. Дезинфекциялаушы құрал.
  2. Жуушы зат.
  3. Бұл құралдарды араластыру жөніндегі нұсқаулықтар.
  4. Өңдеуге арналған сыйымдылықтар.
  5. Өңдеу сапасын стерильдеу алдындағы бақылауға арналған азопирам.
  6. Стерильдендіруді, стерильдендіру алдындағы бақылауды тіркеу журналдары.

            Сілтемелер:    

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы  «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № 48 бұйрығы.

Эндоскопиялық аспаптарды өңдеу алгоритмі

Өңдеу кезеңдері:

  1. Алдын ала тазарту.
  2. Түпкілікті тазарту.
  3. Стерильдендіру алдындағы тазарту.
  4. Жоғары деңгейлі дезинфекция (бұдан әрі  – ЖДД).
  5. Стерильдендіру.
  6. Сақтау.

Алдын ала тазарту

  1. Эндоскоптың жұмыстық бөлігін  (басқару блогынан дистальді шетіне қарайға бағытта) жуушы зат ерітіндісімен ылғалданған салфеткамен (ластануды қалдырмайтын) сүрту.
  2. Эндоскоп арналары арқылы жуушы ерітіндіні айдау.
  3. Салфеткаларды пайдаланғаннан кейін  дезинфекциялайды.
  4. Эндоскоптың қымталғандығын тексеру.

Түпкілікті тазарту

  1. Медициналық қызметкер су өткізбейтін халат немесе алжапқыш, бүтін қолғаптар, бетперде, көзілдірік немесе қалқанша киеді.
  2. Эндоскопты жуушы ерітіндіге батырудың алдында эндоскоптан барлық алмалы-салмалы бөліктері мен элементтерін (клапандар, бұқтырмалар және басқалар) ажыратады.
  3. Жуушы зат ерітіндісіне батырады, оларды жуушы ерітіндіде ылғалдап, арнаулы немесе жұмсақ қылшақтармен тазартады.
  4. Эндоскопты жуушы ерітіндіге батырғаннан кейін, оның сыртқы беттерін салфеткалардың көмегімен мұқият тазартады.
  5. Арна диаметріне сәйкес келетін арнаулы қылшақтардың көмегімен арналардағы ластануларды кетіреді. Бұл ретте қылшақтар басқару блогында орналасқан арналардың кірмелеріне енгізіледі, және арнаның бүкіл ұзындығы бойымен бір қозғалыс жүргізіледі. Арнаның қарама-қарсы шетінде пайда болған қылшақты мұқият тазартады, және қылшақ тек тазартылғаннан кейін ғана арнадан шығарылады. Арнаны тазарту арна шықпасында пайда болатын қылшақ таза болғанға дейін жалғасады.
  6. Бұдан кейін арнаға арналарды толтыруға арналған бейімдегіштерді (тазартуға арналған бейімдегіштерді) қосады және толықтай батырылған эндоскоп арналары арқылы арналардан ластанулар шайылып біткенге дейін жуушы ерітіндіні өткізеді.
  7. Қылшақтар жуушы заттың сол ерітіндісінде тазартылады.

Түпкілікті тазарту кезеңі мәні жағынан САТ-ға ұқсас және бұл мақсаттар үшін рұқсат етілген құралдарды пайдалануды көздейді. 

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 7-нөмірінен оқыңыздар.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль