КФБ-нің таблеткаланған дәрілік заттармен жұмысының алгоритмі

7
таблеткаланған дәрілік заттармен жұмысы
таблеткаланған дәрілік заттармен жұмысы
Иванова Оксана Зиновьевна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, старшая медицинская сестра высшей категории хирургического отделения Областного онкологического диспансера, г. Петропавловск
КФБ жұмысының алгоритмдері дәрігерлер мен медбикелерге өз уақытында сапалы медициналық көмеккөрсетуге ғана емес, сондай-ақ дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға да мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес денсаулық сақтаудың басты міндеттерінің бірі тиісті сападағы медициналық көмек көрсету болып табылады.

Әрбір медициналық ұйымда әзірленіп,  ұйымның бірінші басшысы куәлендірген алгоритмдер дәрігерлер мен медициналық бикелерге өз уақытында  сапалы медициналық көмек көрсетуге ғана емес, сондай-ақ дәрілік заттарды  (бұдан әрі – ДЗ) ұтымды пайдалануға да мүмкіндік береді.

Клиника бөлімшелерінен клиникалық фармация бөліміне (бұдан әрі – КФБ) күн сайын дәрігерлер антимикробтық ДЗ тағайындаған пациенттердің мынадай мәліметтер қамтитын тізімі келіп түседі:

  • енгізу уақыты, науқастың тегі, туған күні;
  • қажетті ерітіндінің мөлшерлемесі, көлемі;
  • емдеу ұзақтығы;
  • енгізу режимі.

Тізім дәрігерлер мен бөлімше меңгерушісінің қолдарымен және Т.А.Ә.-мен бекітілген.

Медициналық бикелер принтерде пациентті сәйкестендіру этикеткаларын басып шығарады. Оларға этикетканы желімдей отырып, шприцті немесе құтышаны таңбалауды жүргізеді, одан кейін препаратты араластыруға кіріседі.

Келесі кезеңді курьер жүзеге асырады. Бикстегі орын-орындарына салынған  таблеткаланған препараттар бөлімшелерге жеткізіледі.

Бөлімшелердің медициналық бикелері биксті жеткізген кезде тізім бойынша салыстырып тексеру жасайды. Бикстің ішіндегілер дәрігердің тағайындауларымен сәйкес келмеген кезде  медициналық бике ол туралы клиникалық фармакологке/клиникалық  фармацевтке хабарлайды және емдеуші дәрігерді немесе бөлімше меңгерушісін хабардар етеді.

Төменде Петропавл қаласы Облыстық онкологиялық диспансерінің мамандары әзірлеген, таблеткаланған ДЗ-ды таратып салу алгоритмі ұсынылған.

Таблеткаланған дәрілік формаларды таратып салу алгоритмі

1.Жарақталуы: препарат, .

  1. Мақсаты: одәрілік заттармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету.
  2. Қолданылу саласы: Клиникалық фармация бөлімі, клиникалық бөлімшелердің медициналық  персоналы (медициналық бикелер), ДЗ-мен жұмыс істеуші.

       4. Жұмсалатын  материалдар 

          4.1. КФБ-не ДЗ-ды таратып салуға арналған кабинеттің жарақтануына мыналар кіреді:

  • таблеткаланған дәрілік заттарды таратып салуға арналған таблеткасалғыштары немесе пакеттерді сақтауға арналған бөлімшелері бар, препараттарды таратып салуға арналған үстел;
  • препараттарды сақтауға арналған медициналық  шкафтар;
  • шұңғылша мен қолдарды гигиеналық өңдеуге арналған сұйық сабыны және антисептигі бар мөлшерлегіш құрылғылар.

          4.2.Персонал үшін жеке қорғану құралдары (ең аз міндетті жиын) керек:

  • қолғаптар.  Нитрильдік немесе оларды жиі алмастырған кезде табиғи латексті қолғаптармен жұмыс істеуге жол беріледі;
  • медициналық стерильді бетперде.

  1. Саясат
    1. 1. терапия алатын пациенттерге күтім жасалуы тиіс, ол мыналарды қамтиды:
  • препараттарды қауіпсіз қабылдау;
  • пациенттен ДЗ-дың жанама әсер етулері немесе аллергиялық реакцияларды айқындауға мониторинг;
  • асқынулар мен жанама әсерлерді болғызбау және барынша азайту.
    1. 2. Тиісті құзіреті бар, арнайы оқытылған қызметкер ғана ДЗ-ды таратып салумен айналысуға құқылы.
    2. 3. ДЗ-ды сақтау, дайындау, таратып салу КФБ-нде орталықтандырылып жүргізіледі.
    3. 4. ДЗ-ды таратып салу тікелей тұтынудың алдында жүргізіледі.
    4. 5. Медициналық бике дәрігерге аллергияның кез келген симптомдары, пациент жай-күйінің нашарлауы және кез келген оқыс оқиғалар туралы дәрігерге  «Оқыс оқиға туралы есеп» (1 қосымша) түрінде дереу хабарлауға тиіс.
    5. 6. Медбике пациент пен отбасы мүшелерін жанама әсерлер туралы хабарлауын көтермелеуі және пациенттер өз сезімдерін білдіруге және сұрақтар беруге қысылмаулары үшін қолайлы жағдай жасауы тиіс.
    6. 7. Таблеткаланған дәрілік препараттар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2010 жылғы 23 қарашадағы  «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен бекітілген № 004-1/у нысаны бойынша дәрігерлік тағайындаулар парағына сәйкес беріледі. Дәрігерлік тағайындаулар парағын толтыру бойынша ұсынымдар 2 қосымшада берілген.

1 қосымша

(үлгі)

 «Оқыс оқиға туралы есепті» толтыру жөніндегі басшылық

Бұл басшылықты  «Нейрохирургия Ұлттық орталығы» (бұдан әрі  – Орталық) АҚ басқармасы төрағасының бұйрығымен бекітілген, оқыс оқиға туралы есепті толтырған кезде пайдаланыңыздар. Бұл құжаттың мақсаты ақпарат беру мен оқыс оқиға туралы есепті толтырудың негізгі қағидаттарын түсіндіру болып табылады.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 7-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль