Бикелік басқарудың жаңа моделін енгізу: нейрохирургия Ұлттық орталығының тәжірибесі

12
Жумабаева Алтын Зурашевна
директор по сестринскому делу АО «Национальный центр нейрохирургии» г. Астаны, «Отличник здравоохранения»
Бикелік қызмет моделін жасау қажеттігі пісіп-жетілді, бұл кезде медбикелер дәрігерлік тағайындауларды орындаушылар ғана емес, сондай-ақ дәрігерлердің теңқұқықты серіктестері де болады.

«Бикелік іс өнер де, ғылым да болып табылады. Ол белгілі бір бикелік білім мен дағдыларды түсіну мен іс жүзінде қолдануды талап етеді, олар бұл мүмкін болатын барлық жағдайларда зерттеулердің нәтижелеріне және/немесе дұрыс мәліметтерге негізделеді. Ол гуманитарлық ғылымдардан, физикалық, биологиялық және мінез-құлықтық ғылымдардан, басқару және көшбасшылықтеориялары мен білім беру теорияларынан алынған білім мен әдістерді пайдаланады» [1].

Барлық елдерде бірдей бикелік істің дамуы үшін қолайлы жағдайлардың бола бермейтіндігі түсінікті. Медициналық бике кәсібіне көбінде айтарлықтай немқұрайды көзқарас қалыптасты, және де медициналық бике жұмысы ұтымды пайдаланылмады, бұл сөз жоқ, тұтастай алғанда денсаулық сақтаудың дамуын тежеді.

Бикелік істі зерттеушілердің неғұрлым беделділерінің бірі Дороти Холл  «бикелік іс соңғы 40 жылдың ішінде медициналық ғылым дамығандай қарқынмен дамыған болса, бүгінгі күні ұлттық денсаулық сақтау қызметтерінің алдында тұрған көптеген проблемалардан құтылуға болатындығын» атап өткен еді. «Медициналық бикенің дәрігерге қарағанда тең құқықты жағдайды иеленетіндігін мойындауға ниеттілік танытпау, – деді ол, – бикелік күтімнің дәрігерлік практика сияқты дамымағандығына әкелді, бұл науқастарды да, сондай-ақ сау адамдарды да саналуан, қолжетімді, экономикалық тиімді бикелік қызметтер көрсетуді пайдалану мүмкіндігінен айырды» [2]. 

Стацинар жағдайларында, үйде және белсенді шақырулар кезінде науқасқа  денсаулығының  жай-күйі нашарлайтын алғашқы минуттарда көбінде нақ осы медициналық бикелер дәрігерге дейінгі алғашқы көмек, науқастар мен олардың туыстарына психологиялық қолдау көрсетеді.

Бұған қоса, стационардағы түнгі кезекшілік кезінде бірінші кезекте оған пациент жүгіріп келеді, ауысым ішінде пациентпен бірнеше рет араласатын, оның барлық жүріс-тұрыстары мен бір күн ішіндегі жай-күйінің өзгерістері туралы кім біледі? Әрине, ол медициналық бике! «Орта» медициналық қызметкерлер жоқ, орта медициналық білімі бар медициналық бикелер бар. 

Бүгінгі күні бикелік іс сенімді түрде айналыс алып, дамуын жалғастырып  келеді, және де дүние жүзіндегі барлық елдердегі бикелік істің кәсіпқойлары халыққа медициналық көмектің сапалық жаңа деңгейін жасауға кәсіптік үлестерін қосуға өздерінің ниетті екендіктерін үлкен сенімділікпен мәлімдеуде.

Студенттерді оқытуға арналған инновациялық педагогикалық технологиялар әзірленуде, медициналық бикелерді оқыту мен біліктілігін арттыру курстарының жаңа бағдарламалары ұсынылуда. Кәсіптік практика стандарттары мен олардың сапасының индикаторларын пайдаланумен медбикелер көрсеткен қызметтерді бағалау бойынша іс-шаралар енгізілуде. Бикелік іс саласындағы ғылыми зерттеулер дамуда және танымалдығы артуда.

Бикелік істі дамытудың заманауи тұжырымдамасына сәйкес, медициналық бике біліктілігі жоғары маман – бірыңғай дәрігерлік бригада шеңберіндегі дербес жұмысқа қабілетті, дәрігердің және пациенттің серіктесі болуы тиіс. Заманауи медициналық бике денсаулық нормалары мен күтім жасау негіздері туралы білімнен бөлек, психология, педагогика, менеджменттегі жеткілікті білімді меңгеруі, өз практикасы саласына қатысты ең жаңа зерттеулер туралы мәліметтерді қалай және қайдан іздеу керектігін білуі, сондай-ақ бұл зерттеулердің нәтижелерін өз кәсіптік қызметінде қолдана білу үшін жеткілікті білімге ие болуы тиіс.  

Практикалық денсаулық сақтауда бикелік қызметті басқарудың әртүрлі модельдері бар. Медициналық ұйымдардың өздері өздері үшін басқарудың тиімді моделін, олар үшін қабылдауға болатын құрылым мен даму стратегиясын белгілейді. Соңғы жылдары бірқатар ірі емдеу-профилактикалық ұйымдарда (бұдан әрі  - ЕПҰ) бас дәрігерлердің бикелік персоналмен жұмыс жөніндегі орынбасарларының лауазымдары енгізілді, бұл бикелік персоналды басқару сапасын арттыруға және бикелік қызметтер басшыларының беделін көтеруге жағдай жасады. Көптеген медициналық ұйымдарда медициналық бикелер Кеңестері табысты жұмыс істеуде, олардың негізгі функциясы бикелік қызмет сапасын, аурухананың санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және фармакологиялық тәртіпті бақылау болып табылады. Бірқатар ЕПҰ-да бикелік процесс технологияларын енгізумен байланысты жаңа лауазымдар пайда болды:

  • медициналық бике-үйлестірушілер...

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 8-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль