Медициналық қызметкердің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауын бағалаудың кейбір проблемалары

17
Медициналық қызметкердің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауын бағалаудың кейбір проблемалары
Медициналық қызметкердің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауын бағалаудың кейбір проблемалары
Возняк О. А.
к. ю. н, доцент, Казахский гуманитарно-юридический университет, г. Астана
Медициналық қызметкердің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауын бағалаудың кейбір проблемалары

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (бұдан әрі – ҚР ҚК) медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарға дербес тарау бөлді,  осылайша медициналық көмек көрсетуге мұқтаж тұлғалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға басымдық берді. Медициналық қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету мен қолжетімділігі (адам өмірі мен денсаулығын сақтау, кепілдік берілген медициналық көмектің тегін көлемі, бес конституциональды реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарының 81-қадамын бекіту) заңнамалық жағынан бекітілді. 2014 жылғы ҚР ҚК қабылданғанға  дейін медициналық ққұқық бұзушылықтарға жатқызылған құрамдардың көпшілігі «Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар» тарауында болғандығы фактісін [1] атап өтпеуге болмайды (атап айтқанда, заңсыз түсік жасау, науқасқа көмек көрсетпеу), мұнда объект ретінде адам өмірі мен денсаулығына қол сұғушылық белгіленген.

Дербес тарауды бөліп шығара отырып, заң шығарушы жеке тұлғаны медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер жол беретін бұзушылықтардан қорғаудың маңыздылығын белгіледі және «медициналық құқықты» дербес сала етіп бөліп шығару қажеттігі, медициналық қызметкерлердің өздерін жол берген салғырттығы немесе өзінің кәсіптік міндеттерін орындамағаны үшін көбінде негізделмеген айыптаулардан қорғау туралы мәселе қойды (Әзербайжанда, Беларусьте бұл мәселенің бұл саланың дербестігі пайдасына шешілгендігін атап өтпекпіз).

Ресми статистика соңғы екі жылдың ішінде бұл топтың құқық бұзушылықтар жасау фактісі бойынша жағдаят белгілі бір деңгейде орналасқандығын көрсетеді:  мысалы,  2015 жылы сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің Бірыңғай тізілімінде (бұдан әрі – СТБТ) 595 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген (олардан ел бойынша тіркелген құқық бұзушылықтардың жалпы санынан ҚР ҚК 317 бабы бойынша – 539,  318 бап – 8,  319 бап – 35,  320 бап – 5,  322 бап – 6,  323 бап бойынша – 2; 2016 жылы 526  медициналық құқық бұзушылық тіркелген (317 бап бойынша – 492,  318 бап – 10,  319 бап – 12,  320 бап – 5, 323 бап бойынша – 7). Алайда, қол сұғушылық объектісі мен салдарларының маңыздылығынан шыға отырып, құқық бұзушылықтар құрамын егжей-тегжейлі дәлелдеу мен бағалау үшін маңызы бар негіздемелерді айқындау қажеттігі туралы үндемей қалуға болмайды. Біз көптеген авторлардың пікірі бойынша, медициналық қызметтер көрсету саласында латентті құқық бұзушылықтар үлесінің зор екендігінен шығамыз. Бұл ретте латенттіліктің себептері болып, зардап шегушінің тарапынан әртүрлі негіздемелер бойынша құқық бұзушылық туралы мәлімдеуден бас тартуға байланысты субъективтік белгілерден бөлек, объективтік белгілер де –  тергеу-сот органдарында биомедициналық ғылымдар дамуының деңгейіне сәйкес келетін тиісті білімнің жоқтығы, жоғары технологиялық сот-медициналық сараптамалар өткізу қажеттігі бой көрсетеді, оларға сауатты мамандар түсініктер берулері тиіс, олар өкінішке орай, тұтастай алғанда ел бойынша көп емес [2].

Назар аударыңыз! Практикаға талдау жасау құқық бұзушылықтардың неғұрлым көп саны ҚК-тің кәсіптік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін 317 бабының үлесіне тиетінін көрсетті.

Баптың аталуы оның мазмұнына толықтай сәйкес келмейтіндігіне назар аударамыз, өйткені аталуында әңгіме міндеттерді тиісінше (автормен бөлініп көрсетілді) орындамау туралы болып отыр, баптың өзінде  «орындамау» және «тиісінше орындамау», яғни нақты әрекеттерді (әрекетсіздіктерді) орындаудан бас тарту немесе бұл міндеттерді сапасыз, тиісінше орындамау түріндегі баламалы әрекеттер белгіленген.

Медициналық құқық бұзушылықтарды жасау туралы көмек көрсету мүмкіндігіне және мүмкін болатын салдарларын көре білумен телуде ғана айтуға болатындығы; медициналық құқық бұзушылықтарды өзінің кәсіптік міндеттерін бұзумен байланысты әрекеттердің ерекше тобына жатқызу туралы тұжырымды қағидаттық жағынан маңызды деп есептейміз [3,  77 б.; 4,  346 б.].

Медициналық қызметкердің міндеттері медициналық саладағы Стандарттармен белгіленген, яғни пациентке медициналық қызмет көрсетуге қатысты жағдаят дамуының әрбір мүмкін нұсқасы заңнамамен бекітілген, және медициналық қызметкердің іс-әрекеттер тетігі анықталған.  Стандарттар көмек көрсету тәртібін регламенттейді, алпроцестің өз ішінде әрекеттерді орындаудың дұрыстығы тек қызметкердің өзіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі 88 бабының негізінде  Қазақстан азаматтары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) алуға және ТМККК шеңберінде дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілуге құқылы. Бұған қоса, 88 баптың 6) тармақшасымен медициналық қызметкерлердің дәрілік заттарды, медициналық техниканы дұрыс тағайындамауы және қолдануынан денсаулыққа келтірілген залалды өтету құқығы бекітілген. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы  «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» № 274-IV Заңының 7 және 16 баптарында да осыған ұқсас норма бекітілген.

Маңызды! Кез келген жағдайда медициналық қызметкер кінәсінің дәлелдемесі тек медициналық сараптаманың қорытындысы болуы мүмкін. Сараптама медициналық мекемеден құжаттар бар болған кезде (медициналық карта, оған аурудың өтуі, тағайындалған емдеу, жүргізілген іс-әрекеттер туралы жазбалар енгізіледі және медициналық ұйыммен медициналық қызметтер көрсетуге жасалған  шарттың негіздемесі болып табылады) дербес жүргізілуі мүмкін. Сақтандыру компаниясы да сараптама жүргізе  және медициналық мекемеден қажетті құжаттарды талап ете алады немесе сараптама соттың шешімі бойынша жүргізіледі. 

Толығырақ  «Медицина ұйымының басшысы» журналының 2017 жылғы 8-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль