Орта буын медициналық қызметкердің кәсіптік қызметіндегі қарым-қатынас

20
Огарков Владимир Федорович
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, к. м. н, доцент, г. Караганда
Оның деңгейі мен бағытталғандығына қарамастан, медперсонал жұмысындағы қарым-қатынас, – сапалы кәсіптік қызмет үшін қажетті аса маңызды шеберліктердің бірі.

Бикелік істің Қазақстан Республикасында көптеген онжылдықтардың ішінде қалыптасқан практикасы көп жағдайда пациенттермен, әріптестер мен дәрігерлермен қарым-қатынас дағдылары мен терең білімді талап етпейтін қандай да бір емшараларды орындаумен байланысты болды. Олардың шеңберінде бикелік персонал функцияларының кеңеюі жүріп жатқан, денсаулық сақтаудағы заманауи реформалар науқас адаммен тиімді қарым-қатынас жасау шеберлігін олардың табысты қызметінің қажетті шарты етеді. Бұл пациенттерде орын алған проблемалар туралы ақпаратты, сондай-ақ бұл проблемаларды объективті бағалаумен, оларды белсенді талқылаумен емдеу-диагностикалық процестің бір бөлігіне, ынтымақтастық іс-әрекетке айналдыруды көздейтініне байланысты, оның мақсаты – халық санасында денсаулық үшін күресте жеке жауапкершілікті қалыптастыру.

Емдеу мекемесіне көмек үшін келген адам медициналық бикеге өз денсаулығының проблемалары туралы әңгімелеуге (барлық егжей-тегжейлерімен)  ниетті болуға, ал медбике оны тыңдай білуге, түсінуге және бастапқы психологиялық диагнозды қалыптастыра отырып, дұрыс қорытындылар жасауға тиіс.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас – күнделікті өмірдің маңызды құрамдасы.  Оның деңгейі мен бағытталғандығына қарамастан, медперсонал жұмысындағы қарым-қатынас, – сапалы кәсіптік қызмет үшін қажетті аса маңызды шеберліктердің бірі.

Тілектестікпен, емдеу рәсімдері мен іс-әрекеттерін техникалық жағынан сауатты орындаумен қатар, бикелік іс ретінде  адам-клиентпен немесе психологиялық және физикалық қиындықтарды, басыңқылықты, үрейді, кейде агрессияшылдықты да басынан өткізетін адам-пациентпен қарым-қатынас түсініледі.

Тиімді қарым-қатынас кезінде іске асырылатын  психотерапевтикалық әсер етудің маңызы медицина бастауларынан бастап жақсы таныс, оның нәтижесі емдеумен әсер етудің басқа әдістерінен айтарлықтай көп жағдайда асып түсіп жатады. Пациенттерде  диагностика мен емдеу процесінде медициналық қызметкермен қарым-қатынастың әртүрлі қажеттіліктері жиі туындайды: кеңестің, жұбатудың, қолдаудың, түсініксіз мәселе бойынша консультацияның қажет болуы немесе жай ғана, адамшылықпен өз қуаныштарын, алаңдаушылықтарын немесе уайымдауларын бөісу қажеттігі пайда болуы мүмкін.

Маңызды!  Медициналық бикенің коммуникативтік дайындығының деңгейі, оның эмпатияға дайындығы – оның емдеу-диагностикалық процестегі өз міндетін орындауға дайындығы мен кәсіптік кәмелеттілігінің көрсеткіші. Қарым-қатынас дағдыларын меңгеру медбикеге пациенттің өзінде ғана емес, сондай-ақ оның отбасында да сенімге; емдеу процесіне қатысатын  дәрігерлермен және басқа мамандармен сындарлы өзара әрекеттестікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бикелік іс философиясы  орта буын медициналық қызметкері қызметінің негізгі қағидаты әрбір нақты адамның өміріне бұл сөздің кең мағынасындағы құрмет, сондай-ақ қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу болып табылатындығына үйретеді. Адаммен қарым-қатынас жасау үшін бәрінен бұрын, оны көре білу мен түсінуге үйрену қажет. Табысты қарым-қатынас үшін әңгімелесушінің мәнділігіне, оның құндылығына, бірегейлігіне  сенім, мейірім мен өз іс-әрекеттерін басқару қабілеттілігі және әрине, бұған деген құқық  талап етіледі. Бикелік іс медициналық қызметкер тарапынан қамқоршыл өзара қатынастарды жауаптылықпен қалыптастырусыз ақылға сыймайды. «Пациенттікі әрқашанда дұрыс!» девизінде емдеу мекемесі үшін терең мағыналық жүктеме бар (пациент – бұл науқас адам, ол көп жағдайларда жағдаят пен ағымдағы оқиғаларды объективті бағалай алмайды), өйткені тіпті оныкі дұрыс болмаған кезде де, бұл онымен пікірталас және дәл сол сәтте онымен ақиқатты іздестір үшін сылтау емес.

Шыдамдылық пен эмпатия – күрделеніп кеткен коммуникативтік жағдаятты шешуге бастайтын жол.

Гиппократ бұдан 26 ғасыр бұрын: «Егер адамға деген сүйіспеншіллік бар болса, онда өнерге де сүйіспеншілік бар. Өз ауруының қауіптілігі туралы білетін кейбір  пациенттер денсаулықтарын тек өз дәрігеріне қанағаттануының арқасында ғана қалпына келтіре алады», – деп жазды.

Парацельс бұл дана идеяны қолдай отырып, дәрігердің негізгі қасиеттерінің бірі түйсік деп есептеді, ол пациентті, оның денесі мен оның ауруын түсіну үшін қажет. «Дәрігер жанасу өнерін меңгеруі және сезіне білуі тиіс, бұл оған пациент  симпатиясын жеңіп алуға мүмкіндік береді».

Бұл қағидаттардың бәрі өз маңызын бірінші орынға медициналық диагностика, емдеу мен медициналық ғылымның техникалық әдістері мен тәсілдері шыққан бүгінгі күні де  жоғалтқан жоқ.

Бикелік істегі қарым-қатынас техникасы

Медициналық қызметкер мен науқас қарым-қатынасының техникалық жағы туралы әңгімені бастамас бұрын, Бернард Лаун өзінің «Дәрігерлік етудің  жоғалтылған өнері» («Утерянное искусство врачевания») кітәбінде сипаттаған қызықты коммуникациялық жағдайды мысалға келтіремін.  Бұл сананың денсаулық жай-күйіне және тұтастай алғанда өмірге әсер етуінің әлеуметтік-клиникалық жағдайы: «…мен журналдардың біреуінде жарияланған диагнозға қайран қалдым. Оны үнділік дәрігер қойған, диагнозда былай делінеді: "Өз қиялымен өлтірілді".

Дәрігерді дарға асу арқылы өлім жазасына кесілген қамаудағылардың біреуіне қатал эксперимент жүргізіліп жатқан түрмеге шақырды.

Оның мәнісі дәрігер қамаудағы адамды өлім жазасының басқа түрін – қансыратуды таңдап алуға көндіруі болды,  өлімнің мұндай түрінің лезде болмаса да, ауырсынусыз болатындығына сендірді.

Қамаудағы адам келісті, бұдан кейін оны кереуетке байлады  және көзін таңды. Кереуеттің төрт бұрышына су толтырылған сыйымдылықтарды ілді. Сыйымдылықтардан су кереуеттің астында тұрған шылапшындарға тамшылап ағып тұрды. Венаны ашуды келтіріп, жазаға кесілушінің қолдары мен аяқтарындағы теріге тырнап із салынды, бұдан кейін су шылапшындарға алдымен жылдам, одан кейін баяулап тама бастады.

Бақылау: әрбір минут өткен сайын жазаланушы әлсірей берді, ол дені сау жас адам болса да,  даусы  біртіндеп бәсеңдей берді. Эксперименттің соңында, судың тамшылауы тоқтағандай болған  кезде, ол бәріне есінен танған сияқты болып көрінді.

Қарап-тексеру  қамаудағы адамның қанының бір тамшысын да жоғалтпастан, өлгенін көрсетті».

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2017 жылғы 8-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль