Медициналық ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері

11
Медициналық ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері
Медициналық ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері
Татимова Жанна Сун-Ят-Сеновна
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, адвокат, г. Алматы
Мақалада Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жасалған ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері ұсынылған.

Үлгі

Бекітемін:

МҰ-ның бірінші басшысы

(Т. А. Ә.)

«____» _____________ 20__ ж.

Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері

(медициналық ұйымның аталуы)

1. Жалпы ережелер

1.1. (Медициналық ұйымның толық атауы) (бұдан әрі  – МҰ) ішкі еңбек тәртіптемесі ережелері (бұдан әрі – Ережелер) МҰ-дағы еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құжат болып табылады.

1.2.      Бұл Ережелер Қазақстан Республикасы (бұдан әрі – ҚР) Конституциясына, ҚР Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК), «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне және ҚР медициналық мекемелерінде еңбек қатынастарын регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге, МҰ Жарғысына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес әзірленді.

1.3.  Бұл Ережелер мынадай мақсатпен әзірленді және енгізіледі:

еңбекті ұтымды және тиімді ұйымдастыру есебінен емдеу процесінің сапасын арттыру;

жұмыс уақытын оңтайлы пайдалану;

еңбек тәртібін нығайту, ұжым мүшелерін еңбекке деген адал көзқарасқа тәрбиелеу.

1.4. Ережелерде МҰ-ның ішкі нормативтік құжаты мәртебесі бар және МҰ қызметкерлерінің орындауы мен қолданылуы үшін міндетті сипатқа ие. Ережелер қызметкермен еңбек қатынастарын орнату және тоқтату тәртібін, еңбек шарты тараптарының негізгі құқықтары мен міндеттерін, еңбек пен демалыс режимін, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікті, МҰ үй-жайлары,  жабдықтары мен басқа да материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз ету, өртке қарсы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен гигиена ережелерін сақтау тәртібін белгілейді.

1.5. Осы Ережелердің орындалуына бақылау жасау МҰ бөлімшелерінің басшыларына, МҰ-ның кадрлық қамтамасыз ету қызметіне жүктеледі.

2. Негізгі бөлім

2.1. Еңбек қатынастарын реттеу

2.1.1. МҰ-дағы еңбек қатынастары ҚР Конституциясымен, ҚР Еңбек кодексімен, ұжымдық шартпен, сондай-ақ МҰ бірінші басшысы атынан МҰ мен қызметкердің арасында жеке жасалған еңбек шартымен реттеледі.

2.1.2. Еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, ішкі еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, ҚР ЕК, ҚР-ның заңдарында және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді (ҚР ЕК-нің 24 бабы).

1. Еңбек шартын жасау кезінде жұмыс беруші ҚР ЕК 32 бабымен көзделген құжаттарды талап етуге құқылы:

1) жеке куәлiк немесе паспорт (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiк) қажет. Оралмандар жергілікті атқарушы органдар берген оралман куәлігін ұсынады;

2) тұруға ықтиярхат немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін) не босқын куәлігі;

3) тиісті білімді, машық пен дағдыны талап ететін жұмысқа еңбек шартын жасасу кезінде білімі, біліктілігі туралы, арнайы білімі немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат;

4) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

5) алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес осындай куәландырудан өтуге міндетті адамдар үшін) қажет. 

2. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен білім беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене шынықтыру және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасу үшін адам: адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, адамдардың денсаулығына және имандылыққа, жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы, экстремистік немесе террористік қылмыстар, адам саудасы сияқты қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

3. Азаматтық қызметке, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарына басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға тұру кезінде адам сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсынады.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 8-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль