Онкологиялық диспансердегі медперсоналдың химиялық терапиядағы цитостатиктермен жұмысы мен сақтау ерекшеліктері

12
Онкологиялық диспансердегі медперсоналдың химиялық терапиядағы цитостатиктермен жұмысы мен сақтау ерекшеліктері
Онкологиялық диспансердегі медперсоналдың химиялық терапиядағы цитостатиктермен жұмысы мен сақтау ерекшеліктері
Иванова Оксана Зиновьевна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, старшая медицинская сестра высшей категории хирургического отделения Областного онкологического диспансера, г. Петропавловск
Мақалада медициналық персоналдың тәуекелдің жоғары дәрежесі бар препараттарға жататын цитостатиктермен жұмыс істеу ерекшеліктері мен іс-әрекеттер алгоритмі ұсынылған.

Обырды емдеудің хирургиялық әдісі қатерлі жаңа түзілімдердің көпшілігінде неғұрлым тиімдісі болып табылады, бірақ бұл әдіс әрқашанда пациентке онкологиялық аурудан жазылуға көмектесе бермейді. Тіпті отадан кейін ісіктік жасушалардың қалған, көзге көрінбейтін және қолмен сезілмейтін болмашы саны қарқынды бөліне отырып, жаңа жасушалық популяцияның басталуын беруі мүмкін, ол өзін рецидив түрінде көрсетеді. Обырдың ерекшелігі – бұл еншілес ісіктерге (метастаздарға) өсу мүмкіндігін беру қабілеттілігі.

Ежелгі уақыттан бастап адамдар обырлық ісіктерге әртүрлі препараттармен немесе табиғи заттармен әсер етті. Күйдіруші әрекеттерді иеленген бұл заттар ісікке әсер ету мақсатымен жергілікті немесе іште қолданылды.

 Қазіргі уақытта қатерлі ісіктер жасушаларының өсуін тежейтін немесе өлтіретін, тиімділігі жоғары заттар ашылған. Дәрілік препараттар химиялық жолмен алынды, ал олармен емдеу  «химиялық терапия» атауын алды.

Онкологиялық науқастарды емдеу үшін табиғи немесе синтетикалық гормондарды пайдалануды  гормондық терапия деп атау қабылданған.  Гормондар мен химиялық препараттарды обыр кезінде емдеу мақсаттарымен бірлестіріп қолдану  химиялық-гормондық терапия деп аталады. Ісікке қарсы иммунитетті арттыру мақсатымен иммундық жүйеге әсер ету «ісіктердің иммундық терапиясы» деген атау алды.

Соңғы уақытта онкологияда үлкен прогресс жасалды. Көптеген жаңа тиімді химиялық препараттар пайда болды. Егер ертеректе ұйқы безінің асқынған обырымен болжамдалған пациенттер 2-3 ай өмір сүрсе, енді қазір 5-6 жыл және одан да көп өмір сүреді.

Заманауи химиялық терапия негізінде ісікке қарсы препараттың қатерлі жасушаға тікелей зақымдаушы әрекетін пайдалану жатыр.

Ісіктік жасушалардың барлығын  немесе көпшілігін зақымдауға қол жеткізу үшін ісікке қарсы заттарды адам барынша төзетін мөлшерлемелерде қолданады. Химиялық препараттар немесе цитостатиктер (грек. cytos – «жасуша», statikós – «тоқтату») кез келген тіндердің, яғни ісіктік қана емес, сондай-ақ сау тіндердің де жылдам бөлінетін жасушаларын зақымдау қабілетін иемденген.

Бұл процестің әртүрлі сатыларында орналасқан бөлінуші жасушалар ісікке қарсы бір цитостатикпен зақымданады және басқасының әсер етуіне немқұрайды болып қалады. Осыған байланысты химиялық терапияның әсерін арттыру үшін онкологтар ісікке қарсы әсердің әртүрлі тетіктері бар екі, үш және одан көп цитостатиктерді бір мезгілде енгізуді пайдалануға тырысады. Дәрілік ісікке қарсы заттар үйлесімдерінің мұндай нұсқалары химиялық терапия сұлбалары атауын алды. Қатерлі жаңа түзілімнің әрбір түрі үшін емдеудің неғұрлым тиімді сұлбалары жасалып шығарылған. Жүйелік химиялық терапия: ауыздық, венаішілік, теріастылық, бұлшықетішілік, сүйекішілік препараттар.

Сонымен, біз  химиялық препараттар немесе цитостатиктердің жасушаларды зақымдау қабілетін иемденетінін және қауіпті болып табылатынын , бұл препараттарда тәуекелдің жоғары дәрежесі бар екендігін айқындадық. Демек, бұл препараттармен жұмыстың ерекшеліктері болуы тиіс, бұдан әрі әңгіме осы туралы болмақ.

Әрбір ұйымда жұмыс жоспары жасалады, ол тәуекелдерді талдау негізінде әзірленеді және персонал мен қоршаған ортаны зияннан қалай сақтау керектігі жөніндегі нұсқауларды қамтиды.

Төтенше жағдайларға ден қою жоспарының құрамдас бөлігі цитостатиктер орналасқан барлық жерлерде  Spill Kit жиынының бар екендігін қамтамасыз ету болып табылады.

Қауіпті дәрілік заттармен (бұдан әрі – ДЗ), оның ішінде белсенділігі жоғары, уытты, аллергенді материалдармен жұмыс істеуші қызметкерлерге жеке қорғану құралдары беріледі:

телпекше;

бетперде немесе тұмылдырық;

халат немесе бірреттік пайдаланылатын костюм;

қолғаптар;

бахилдар.

Назар аударыңыз! Қауіпті ДЗ-мен жұмыс істейтін персонал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы  24 сәуірдегі «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау Қағидаларын бекіту туралы» № 262 бұйрығына сәйкес арнаулы нұсқамадан өтеді.

Химиялық терапия препараттары – антинеопластикалық дәрілік заттар (цитостатиктер) – бөлімшелерде және дәріханада жабылатын, жеке медициналық шкафта, қажет болған кезде – тоңазытқышта, басқа дәрілік заттардан бөлек сақталады және «Сары қол» белгісімен (2 сурет) белгіленеді.

 Персоналдың қауіпті дәрілік заттармен жұмыс істеген кездегі іс-әрекеттер алгоритмі

1. Тәуекел дәрежесі жоғары медикаменттер қаптамасын ашқаннан кейін қалған ампулалар «Тәуекелдің жоғары дәрежесі бар медикаменттер» жазбасы бар қызыл жапсырмамен желімделеді.

2. Химиялық терапия бөлімшесінде шприцтер мен құтышаларға тиісті стикер желімделеді:  антинеопластикалық дәрілік заттарға (цитостатиктерге) – «сары қол», иммундық депрессанттарға – «жасыл қол».



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль