Бас медбике лауазымдық нұсқаулықтары

53
Бас медбике лауазымдық нұсқаулықтары
Бас медбике лауазымдық нұсқаулықтары
Кожаканова Гюльнара Сайлауовна
главная медицинская сестра ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 10» г. Алматы
Мақалада Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жасалған, бас медбике лауазымдық нұсқаулықтарының үлгілері келтірілген.

Бұл нұсқаулықтар  Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған және осыған ұқсас бейіндегі медициналық ұйымдар үшін үлгілер ретінде қолданылуы мүмкін.

Үлгі

«БЕКІТЕМІН»:

ШЖҚ  «№_____ қалалық емхана»

МКК бас дәрігері

_________________________Т.А.Ә.

 «____» ______________20___жыл

                                                                    

Бас медбикенің лауазымдық нұсқаулығы

Бұл лауазымдық нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес әзірленген және  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2009 жылғы 26 қарашадағы «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» (13.06.2016 ж.берілген өзгерістер мен толықтырулармен) № 791 бұйрығының негізінде бекітілген және Еңбек шартына қосымша ретінде қолданылады.

Келісілген:

Лауазымы

Қолы

Т.А.Ә.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы

Заңгер

Құжаттың қолданылу мерзімі

«___» қаңтар 20___жылдан

«___» желтоқсан 20___ жылға дейін

Ұзартылды

«___»_______20___жылға дейін

Мәртебесі:

Қолданыста

Редакция №_____

Дана №_____

Көшірме №_____

(жіберу кезінде құжаттаманы басқару үшін жауапты тұлғаның қолы)

1. Жалпы ережелер

1.1. Бас медициналық бике лауазымына жоғары медициналық білімі бар немесе практикалық және ұйымдастыру жұмысының тәжірибесі бар, жоғары санатты, медициналық орта білімі бар тұлға тағайындалады.

1.2. Бас медбикені тағайындау мен жұмыстан босатуды бас дәрігер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады. Тікелей бас дәрігерге, ал ол жоқ болған кезде  – оны алмастыратын тұлғаға бағынады.

1.3. Өз қызметінде қоданыстағы заңнаманы, денсаулық сақтаудың жоғары тұрған органдарының бұйрықтарын, нұсқаулары мен өкімдерін, осы лауазымдық нұсқаулықты, сондай-ақ орта және кіші медициналық персонал қызметін жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алады.

2. Функциялары

2.1. Бас медбике орта және кіші персоналдың айқын жұмысын қамтамасыз ететін үйлестіруші болып табылады.

2.2. Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың ең жаңа техникалары мен элементтерін пайдалануды енгізу бойынша іс-шаралар өткізеді.

2.3. Бөлімшеде санитариялық-эпидемиологиялық және емдеу-қорғау режимінің сақталуын ұйымдастырады.

3. Лауазымдық міндеттері

Бас медбике өзіне жүктелген функцияларды орындау үшін міндетті:

3.1. Орта және кіші медициналық персоналеңбегін ұтымды ұйымдастыру мен олардың біліктідлігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етуге.

3.2. Медикаменттерді, материалдарды, аспаптар мен бактериологиялық препараттарды өз уақытында жазып беруді, дұрыс есепке алуды, жұмсау мен сақтауды ұйымдастыруға.

3.3. Дәрігерлік тағайындаулардың, пациенттерге күтім жасау мен қызмет көрсетудің орындалуын, санитариялық-гигиеналық ережелердің сақталуын бақылауға.

3.4. Инфекциялық бақылаумен бірге № 10 ҚЕ-да санитариялық-эпидемиологияға қарсы іс-шаралар кешенінің орындалуы мен сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге.

3.5.  Медициналық аппаратураға техникалық ағымдық жөндеуді тұрақты жүргізуге.

3.6. Мемлекеттік тексеру мерзімдерін көрсетумен барлық бақылау-өлшеу аспаптарын тізімдік есепке алуды жүргізуге, мерзімдері өткеннен кейін бұл аспаптарды мемлекеттік тексеруге жіберуге немесе № 10 ҚЕ-ға метрологиялық қызмет қызметкерлерін шақыруға.

3.7.  № 10 ҚЕ мүлкін түгендеу мен есептен шығаруды жүргізуге қатысуға.

3.8. Бір жылға және перспективаға (мамандандыру, жетілдіру курстары, аттестаттау) орта медперсоналдың біліктілігін арттыру жоспарын әзірлеуге және оны бас дәрігерге бекіту үшін ұсынуға.

3.9. Оларды бикелік іс мамандарының мәртебесін көтеру, біліктілігін арттырудың қолданыстағы нысаны ретінде пайдалана отырып, инфекциялық бақылаумен бірге кем дегенде айына 1 рет бикелік конференциялар өткізу жоспарын жасауға.

3.10.  № 10 ҚЕ бикелік аудит жұмысын ұйымдастыруға, қолданыстағы ережеге сәйкес алдын ала бекітілген жоспар бойынша отырыстар өткізуге.

3.11.  № 10 ҚЕ-да халық денсаулығын сақтау жөніндегі дүниежүзілік тәжірибені зерделеу және енгізуге.

3.12. Бикелік істің тәжірибелі мамандарын жас мамандардың тәлімгерлері ретінде тартуға,  № 10 ҚЕ-да бикелік істің дамуын жетілдіруге, бөлімшелердің аға медбикелері лауазымына резерв қалыптастыруға.

3.13. Персоналды өз міндеттерін орындауға  және медициналық әдеп,  деонтология, адамгершілік, әділдік, қағидаттылық пен алқалық қағидаттарын сақтауға адал көзқарас рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты жүйелі түрде жүргізуге.

3.14. Өзінің кәсіптік біліктілігін жүйелі түрде арттыруға.

3.15. Жабдықтар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алулардың жоспарын жасауға.

3.16. Дәрілік заттардың жұмсалуына бақылау жүргізуге.

4. Құқықтары:

Бас медбике құқылы:

4.1. Орта және кіші медперсоналды жалдау мен жұмыстан босату мәселелерін шешуге қатысуға.

4.2. Өз міндеттерін орындау және перспективалық жоспарлау үшін қажетті ақпаратты

Бұл туралы  «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ-нен. толығырақ оқыңыздар

Сондай-ақ оқыңыздар: Медициналық ұйымдағы лауазымдық нұсқаулық



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль