Медициналық ұйымдағы еңбек шарты: үлгі

73
Медициналық ұйымдағы еңбек шарты
Медициналық ұйымдағы еңбек шарты
Татимова Жанна Сун-Ят-Сеновна
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, адвокат, г. Алматы
Мақалада Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жасалған медициналық ұйымдағы еңбек шартының үлгісі ұсынылған.

Мақалада Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының үлгісі ұсынылған, оны медициналық бейіндегі кез келген ұйымда үлгі ретінде қолдануға болады. 

Үлгі

Еңбек шарты  №________

 Алматы қ.

«____» _________________  20_____ ж.

                                              

«Жұмыс беруші» (заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тіркеудің № мен күні, БЖН) атынан _______________ (бірінші басшының Т. А. Ә.)________________________________________________________,  және

«Жұмыскер» (Т. А. Ә., туған жылы, тұрақты тұратын мекенжайы мен тұрғылықты жеріне тіркелгені туралы мәліметтер, ЖСН, жеке басын куәлендіретін құжаттың № және берілген күні)

____________________________________________________________________________, бірігіп Тараптар деп аталатындар, төмендегілер туралы осы еңбек шартын  (бұдан әрі  - «Шарт») жасады:

1. Шарт нысаны

1.1. Шарт бойынша Жұмыскер жұмысты (еңбек функциясын) орындауға, ішкі еңбек тәртіптемесі Қағидаларын сақтауға міндеттенеді, ал Жұмыс беруші Жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасы заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, ұжымдық шартпен, жұмыс берушінің актілерімен, лауазымдық нұсқаулықпен (№ 1 Қосымша) көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жалақыны өз уақытында және толық көлемінде төлеуге міндеттенеді.

1.2. Жұмыскер  ________________________ лауазымындағы еңбек функциясын орындайды. Осы Шарт бойынша жұмыс Жұмыскердің еңбек қызметінің негізгі орны болып табылады.  Жұмысты орындау орны – 

____________________________________________________________________________.

2. Шарттың қолданылу мерзімі

2.1. Шарт қолданылуы – оған екі Тарап та қол қойған күннен басталады.Шарт қолданылуының аяқталуы  «_____» _____________ 20____ ж. Бұл Шарт 12 айға жасалды. Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Шарт ұзартылмайды және мерзімі өткен, ал еңбек қатынастары  — аяқталған болып есептеледі. Тараптар еңбек қатынастарын жалғастыруға ниет білдірген кезде, Тараптар жаңа Шарт жасайды.

3. Жұмыс уақыты мен демалыс режимі

Жұмыс уақыты

3.1. Жұмыскерге жұмыс уақытының режимі ҚР еңбек заңнамасына (Кодекс, сондай-ақ өзге нормативтік құқықтық актілер) сәйкес белгіленеді және ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен, лауазымдық нұсқаулықтармен, Жұмыс берушінің жұмыс жоспарларымен, шешімдерімен, бұйрықтарымен және өкімдерімен регламенттеледі.

3.2. Аптасындағы жұмыс уақытының ұзақтығыКодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленеді және Жұмыскер үшін  ________________ сағатты құрайды.

3.3. Үстеме жұмыстарға тартуға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 77 бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі РаботР. Үстеме жұмыс - жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан тыс орындайтын жұмыс. Үстеме жұмыстардың шекті саны Кодекспен белгіленеді (ҚР ЕК-нің 78 бабы). Жұмыс беруші үстеме жұмысқа ҚР ЕК-нің  108 бабына сәйкес төлем жасайды.

3.4. Жұмыскер ҚР ЕК 78 бабында белгіленген жағдайлар сақталған кезде түнгі уақыттағы жұмысқа тартылуы мүмкін.

3.5. Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кезінде төлем ҚР ЕК-нің 109 бабында көрсетілген мөлшерде жүргізіледі.

3.6. Басқа жұмысқа ауыстыруға (оның ішінде уақытша ауыстыру), еңбек жағдайларын өзгертуге Кодекспен белгіленген талаптар сақталған кезде жол беріледі (ҚР ЕК-нің  38, 39 баптары).

3.7. Жұмыскерді жұмыстан шеттету жағдайлары мен тәртібі Кодекспен көзделеді (ҚР ЕК-нің 48 бабы).

3.8. Жұмыскер лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты қызметтік тапсырмаларды орындау үшін Қазақстан Республикасының шектеріне, сондай-ақ шетелге де іссапарға жіберілуі мүмкін. Жұмыскер іссапардан негізсіз бас тартқан кезде оған Жұмыс берушінің актісімен ресімделген, тәртіптік жаза іс-шарасы қолданылуы мүмкін.

Демалыс уақыты

3.9.  Күн сайынғы жұмыстың ішінде Жұмыскерге тыныс алу мен тамақ ішуге ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс беріледі. Демалыс пен тамақ ішу үшін үзіліске уақыт  беру кезінде оның ұзақтығы ҚР ЕК 81 бабының ережелері есепке алына отырып, ішкі еңбек тәртіптемесі ережелерімен белгіленеді.

3.10. Жұмыскерге апта сайын демалыс күндері беріледі, бескүндік жұмыс аптасы кезінде екі демалыс күні, алтыкүндік жұмыс аптасы кезінде  – бір демалыс күні. 5 күндік апта және 6 күндік апта кезінде ортақ демалыс күні жексенбі болып табылады.

3.11. Жұмыскерге ҚР ЕК 88 бабына сәйкес еңбек демалысы беріледі.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 8-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль