ЕПМ пациенттеріне арналған емдеу-емдәмдік тамақтандыруды ұйымдастыру

17
ЕПМ пациенттеріне арналған емдеу-емдәмдік тамақтандыруды ұйымдастыру
ЕПМ пациенттеріне арналған емдеу-емдәмдік тамақтандыруды ұйымдастыру
Хан Александр Вениаминович
автор журнала “Руководитель медицинской организации”, доцент Карагандинского областного филиала Республиканского НИИ по охране труда МЗСР РК, к. м. н.
Емдік тамақтандыру ағзаның қорғаныстық жауап әрекеттерін күшейтуге септігін тигізеді, даму мен өсудің қалыпты өтуін, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта емдік тамақтандыру кешенді тамақтандырудың міндетті және ажырамас бөлігі болып табылады [1–4]. Заманауи ғылыми негіздерде ұйымдастырылған емдік тамақтандыру ағзаның  сыртқы ортаның қолайсыз әсер етуіне қорғаныстық жауап әрекеттерін күшейтетіні, даму мен өсудің қалыпты өтуін, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін сақтау және қалпына келтіруді қамтамасыз ететіндігі күмән туындатпайды. Тамақтану сипатын өзгерте отырып, ағзадағы алмасу процестеріне ден қоюға және осылайша аурудың өтуіне белсенді ықпал етуге болады [5–8].

Стацинарлық емдеу-профилактикалық мекемелерде (бұдан әрі – ЕПМ) емдәмдік тамақтандыруға жалпы басшылықты бас дәрігер немесе оның емдеу ісі бойынша орынбасары, ал аурухалардағы бөлімшелерде – олардың меңгерушілері жүзеге асырады. Емдік тамақтандыруға тікелей әдістемелік және ұйымдастыру басшылығын дәрігер-диетолог жүзеге асырады, оның лауазымы 500-ден астам төсегі бар ауруханаларда белгіленеді. Дәрігер-диетолог лауазымы қарастырылмаған медициналық ұйымдарда бас дәрігердің бұйрығына сәйкес терапевт, гастроэнтеролог немесе аурухана бейіні бойынша маман тағайындалады. Штаттық нормативтер бойынша емдәмдік бике лауазымы әрбір 200 төсекке, туберкулездік және жұқпалы аурулар ауруханаларында  – 100 төсекке, психоневрологиялық ауруханаларда – 400 төсекке белгіленеді [9] .

ЕПМ-дегі емдәмдердің сипаттамалары мен ерекшеліктері. Емдәмдік терапия

ЕПМ-де тамақтандыру тәуліктік тағамдық рациондар (емдәмдер) түрінде құрылады. Емдәмдер энергетикалық бағалылығымен, химиялық құрамымен, тамақтардың температурасымен, тамақтану режимімен ерекшеленеді. Емдік тамақтандыруды тағайындаудың негізгі жүйесі топтық болып табылады, бұл кезде науқасқа қандай да бір жалпы қабылданған емдәм (топтық емдәмдер немесе емдеу үстелдерін нөмірлермен белгілейді) тағайындалады. Әрбір емдәмнің мыналарды қамтитын сипаттама болады:

1) көрсетілімдер және тағайындау мақсаты;

2) жалпы сипаттама – емдәмнің химиялық құрамының, азық-түліктік жиыны мен аспаздық өңдеудің басты ерекшеліктері;

3) химиялық құрамы мен калориялылдығы;

4) тамақтану режимі;

5) жол берілетін және қарсы көрсетілімді азық-түлік өнімдері мен тамақтарының тізбесі және оларды әзірлеудің кейбір тәсілдері.

Тамақтандыру нормаларымен үйлесімде емдәмдердің сипаттамасы мәзірді жасау кезінде негіз қызметін атқарады және медициналық қызметкерлер үшін анықтамалық материал, науқастар үшін – анықтамалық-ағартушылық материал болып табылады.

Емдәм сипаттамасына аурудың жүру, қосарлас аурулар мен асқынулар, науқастың массасы және т.б. сипатын (мысалы, аурудың өту серпініне байланысты емдәмдердің мезгіл-мезгіл алмастырылуы – жаралық ауру кезінде № 1а, 1 б, 1 емдәм) есепке алумен өзгерістер енгізілуі мүмкін [3, 5].

Науқастардың бір бөлігі жеке тамақтандыруға мұқтаж болады, олар үшін арнаулы емдәмдер әзірленеді. Әдетте оларды тамақтандыруын қолданыстағы емдәмдер шеңберінде ұйымдастыру мүмкін болмайтын ауыр науқастарға (күйіктік ауру, ішектерді кесіп алып тастағаннан кейінгі жай-күй, асқазан-ішектік қан кету, қант диабеті кезіндегі кома алдындағы жай-күй, сондай-ақ комадан шыққаннан кейін, уремия алдындағы жай-күй, жіті панкреатит және басқалар) тағайындайды [2].

Емдәмдегі өзгерістер топтық да болуы мүмкін. Мысалы, ауруханаларға қарағанда, қозғалғыштық белсенділік жоғарырақ болатын санаторийлерде емдәмде тағамдық заттар мен калориялылықты теңгерімдеп арттыру өзін ақтайды. Бұл ретте жалпы қағидаттар өзгермеулері тиіс. Мұндай өзгерістер жұмысшылардың, қызметшілер немесе оқушылардың энергия жұмсауларын есепке алумен, санаторий-профилакторийлер үшін қажет.

Барлығы 40-тан астам емдәмнен 16 негізгі емдәм әзірленд:

№ 0 (сұйық емдәм);

№ 1 (жаралық ауру, гастриттердің асқынуы);

№ 2 (гипоацидті гастрит);

№ 3 (әдеттегі іш қатулар);

№ 4 (ішек аурулары);

№ 5 (бауыр мен өт шығару жолдарының аурулары);

№ 6 (тұз байлану ауруы, қышқыл несепті диатез);

№ 7 (бүйректердің аурулары);

№ 8 (семіру);

№ 9 (диабет);

№ 10 (жүрек-қан тамырлары аурулары);

№ 11 (туберкулез);

№ 12 (қозушылығы жоғары, орталық жүйке жүйесінің аурулары);

№ 13 (жіті жұқпалы аурулар);

№ 14 (фосфатурия);

№ 15 – жалпы үстел (стационар жағдайларында ұтымды тамақтану).

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 9-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль