Медициналық ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері

25
Татимова Жанна Сун-Ят-Сеновна
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, адвокат, г. Алматы
Мақалада Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері ұсынылған.

Соңы. Басы: Медициналық ұйымдағы ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері

Мақалада Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасалған ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері ұсынылған, оларды медициналық ұйымның кадрлар жөніндегі қызметінде қолдануға болады.

4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері

4.1. Жұмыс берушінің міндеттері Қазақстан Республикасының меңбек заңнамасымен және МҰ-ның ұжымдық шартымен, осы Ережелермен белгіленеді.

4.2. Жұмыс беруші  міндетті:

4.2.1. ҚР еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға.

4.2.2. Жұмысқа қабылдау кезінде ҚР ЕК-нде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға; жұмысқа қабылдау кезінде осы ҚР ЕК 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге; жұмыскерді осы Ережелермен, жұмыс берушінің жұмыскер жұмысына тікелей қатысы бар өзге де актілерімен, ұжымдық шартпен таныстыруға.

4.2.3. Жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға. Жұмыскерлер еңбегін дұрыс ұйымдастыру, әркімге өз мамандығы бойынша жұмыс істей отырып, жұмыс орнын бекітіп беруге, белгіленген тапсырмамен таныстыруға және бүкіл жұмыс күні ішінде жұмыспен қамтамасыз етуге; салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын, аспаптар мен жабдықтардың ақаусыз жай-күйін қамтамасыз етуге.

4.2.4. Тиісті банктегі жұмыскердің жеке шотына аудару жолымен жалақыны өз уақытында және толық көлемінде төлеуге. Еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыруды үнемі жетілдіруге, жұмыскерлердің жеке еңбегінің нәтижелеріне және жұмыстың жалпы қорытындыларына материалдық мүдделіліктерін, еңбекке ақы төлеудің қолданыстағы жағдайларын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге.

4.2.3.Еңбек және өндірістік тәртіпті қатаң сақтауды, жұмыс уақытын жоғалтуды жоюды, еңбек тәртібін бұзушыларға ықпал ету іс-шараларын қолдануды қамтамасыз етуге.

4.2.4. ҚР Конституциясының, ҚР ЕК нормалары мен еңбекті қорғау ережелерін бұлжытпай сақтауға, еңбек жағдайларын сақтауға.

4.2.5. Жұмысшылар мен қызметшілердің өндірістік жарақаттануы, кәсіптік және басқа ауруларының алдын алу бойынша қажетті іс-шаралар қабылдауға, зиянды жағдайларға байланысты жеңілдіктерді (қысқартылған жұмыс күні, қосымша иеңбек демалыстары, емдік-профилактикалық тағам) өз уақытында ұсынуға, арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге; еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жұмыскердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге.

4.2.6. Жұмыскерлердің қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтардың барлық талаптарын білуі мен сақтауын үнемі бақылауға.

4.2.7. Еңбек ұжымына жұмыс сапасын жақсарту, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, міндеттемені ойдағыдай орындау, қорытындыларды өз уақытында шығару және алдыңғы қатарлы тәжірибе мен жұмыскерлердің бағалы бастамаларын таратуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға.

4.2.8. Еңбек ұжымдарында іскерлік шығармашылық ахуал қалыптастыруға, еңбекшілердің бастамасы мен белсенділігін барынша қолдау мен дамытуға, еңбек ұжымының жиналыстарын толықтай пайдалана отырып, олардың басқаруға қатысуын қамтамасыз етуге, жұмысшылар мен қызметшілердің сын ескертпелерін өз уақытында қарастыруға және оларға қабылданған іс-шаралар туралы хабарлауға жағдайлар жасауға.

4.2.9. Жұмыскерлердің мұқтаждықтары мен сұратуларына сергек қарауға.

4.2.10. Ұжымдық шарт талаптарын әзірлеуге, қабылдауға және орындауға. Осы Ережелердің сақталуын қамтамасыз етуге. Жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарастыруға және оларға ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарт жасасу, сондай-ақ олардың орындалуы үшін қажетті толық және дұрыс ақпарат беруге.

4.2.11. Жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге.

4.2.12. ҚР-ның халықты жұмыспен қамту заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органға ақпарат беруге; мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындауға.

4.2.13. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге.

4.2.14. Жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға.

4.2.15. Жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге.

4.2.16. Жұмыс беруші бекіткен істер номенклатурасымен белгіленген тізілімдерді немесе басқа құжаттарды жүргізуді қамтамасыз етуге.

4.2.17. Жұмыскердің дербес деректерін ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 9-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль