КФБ-ндегі парентеральды тамақтандыру: ережелер мен көрсетілімдер

18
КФБ-ндегі парентеральды тамақтандыру:  ережелер мен көрсетілімдер
КФБ-ндегі парентеральды тамақтандыру: ережелер мен көрсетілімдер
Иванова Оксана Зиновьевна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, старшая медицинская сестра высшей категории хирургического отделения Областного онкологического диспансера, г. Петропавловск
Парентеральды тамақтандырудың негізгі мақсаты асқазан-ішек жолының органикалық немесе функциялық қабілетсіздігі кезінде бұзылған зат алмасуды түзетімдеу болып табылады.

Парентеральды тамақтандыру дегеніміз не?

Тамақ жетіспейтін кезде ағзаның қорғаныстық күштері сарқылады, терінің эпителийлік тосқауылы мен шырышты қабықшалардың функциясы, Т-жасушаларының функциясы бұзылады, иммуноглобулиндер синтезі төмендейді, лейкоциттердің бактерицидті функциясы нашарлайды, мұның нәтижесінде жұқпалы аурулар, сепсис тәуекелі артады. Гипоальбуминемия жаралардың жазылуына кері әсер етеді және ісіктердің (өкпе мен мидың), ойық жаралардың туындау тәуекелін арттырады.

Парентеральды тамақтандыру – бұл орнын басу терапиясының ерекше түрі, бұл кезде энергетикалық, пластикалық шығындардың орнын толтыру және алмасу процестерінің қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін, қоректік заттар ағзаға асқазан-ішек жолынан тыс енгізіледі.

Парентеральды тамақтануды тағайындау кезінде күйзелу реакциясының сатысы ескеріледі:

  • адренергиялық (алғашқы 1–3 күнде);
  • кортикоидті, кері дамуда ( 4–6-тәулікке);
  • зат алмасудың анаболикалық сатысына өту (6–10-тәулікке);
  • ма мен ақуыз жинақтау сатысы (есеңгіреу, күйзелу реакциясы дамуынан кейінгі 1 аптадан бірнеше айға немесе жылға дейін).

Назар аударыңыз!

Дәрілік епрітінділерді енгізу кезінде медициналық бике белгілі бір ережелерді ұстануы қажет.

Парентеральды тамақтандырудың негізгі ережелері

  • Майлы эмульсияларды енгізу жылдамдығы: 10 % –  100 мл/сағатқа дейін, 20 % – 50 мл/сағаттан артық емес.
  • Глюкоза енгізу жылдамдығы – 0,5 г/кг/сағат.
  • Оңды азоттық теңгерімді ұстау («ПП алтын ережесі»).
  • Толықтай  парентеральды тамақтануға арналған инфузиялық жүйелерді әрбір 24 сағатта, қажет болған кезде жиірек алмастырады.

          Әр түрлі асқынуларды болғызбау үшін, медициналық бикеге дәрігерлік тағайындаулар парағындағы (№ 004-1/у нысаны) дәрігер тағайындауын зер сала оқып шығуы  және орындауы, тағайындалған препаратты енгізу жолдарын, тәсілі мен жылдамдығын сақтауы қажет.

          Дәрігерлік тағайындаулар парағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2010 жылғы 23 қарашадағы  «Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығымен бекітілген.

          Тағайындаулар парағының электрондық нұсқасы (003/у нысаны) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 24 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының «Денсаулық сақтау ұйымдарында бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  № 92 бұйрығымен бекітілген (1 қосымша)

Парентеральды тамақтандыруға арналған препараттарды енгізу кезіндегі асқынулар

            Трансфузиялық  реакциялар ақуыздық гидролизаттар мен майлы эмульсияларды пайдалану кезінде байқалады. Казеин гидролизаттарын енгізу кезінде әртүрлі авторлардың (А. Н. Филатов, В. В. Белоусов, В. Н. Шабалин, З. А. Чаплыгина, Е. А. Сенчилло және басқалар) мәліметтері бойынша, трансфузиялық  реакциялар орташа алғанда науқастардың  4,5 %-ында туындайды, ал бұл асқынулардан сақтандыру үшін жоғарыда баяндалған ережелерді қатаң сақтау қажет.

            Парентеральды тамақтандыруға арналған препараттарды енгізу кезінде жанама әсер етулердің бірнеше түрі ажыратылады:

  • Жанама әсер ету (side effect) – медикаменттің фармакологиялық әсері, әдетте жағымсыз және оны тағайындаудан күтілетін  әсерден (мақсаттан) ерекшеленеді. Басқаша сөздермен айтқанда, бұл адам ағзасы үшін кез келген алдын ала болжамдалмаған және (немесе) зиянды реакция, ол дәрілік заттарды (бұдан әрі – ДЗ) ұсынылатын мөлшерлемелерде пайдаланған кезде пайда болады, бұл кезде ДЗ-пен себеп-салдарлық байланыс орын алады.
  • Айтарлықтай жанама әсер ету (serious side effect) – ДЗ-дың мөлшерлемесіне қарамастан, кез келген қолайсыз клиникалық көрініс, өмір үшін өлімге, орнықты немесе айқын білдірілген еңбекке қабілетсіздікке, ауруханаға жатқызу немесе ауруханаға жатқызу мерзімін ұзартуға, туа біткен ауытқушылықтарға немесе дамудағы кемістіктерге әкелетін қатер болып табылады.
  • Медикаменттік қателік (medication error) – кез келген жоюға болатын оқиға, ол ДЗ-ты дұрыс пайдаланбауға әкелуі немесе пациент қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.
  • Әлеуетті медикаменттік қателік / қателік дерлік (medication related nearmiss) – ДЗ-ты пайдаланудың кез келген кезеңінде (таңбалау, тағайындау, тағайындауларды орындау) күтілетін процестен ауытқу, ол бұл жолы нәтижеге әсер еткен жоқ, өйткені пациентке мүмкін болатын залал келтіргенге дейін анықталып, жойылды, бірақ қайталанған кезде медикаменттік қателікке және елеулі салдарларға әкелуі мүмкін.
  • Жағымсыз оқиға немесе оқыс оқиға (adverse event) – медициналық ұйымдағы күтпеген, жағымсыз немесе әлеуетті қауіпті оқиға. Бұған қателіктер (жанжал орын алды), және қателік дерліктер (бола жаздады) жатады.

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2017 жылғы 9-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль