Руководитель медицинской организации

Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

14 октября 2019
4512
Средний балл: 0 из 5
инструктор по лечебной физкультуре в КГП на ПХВ «1-я городская больница» акимата Северо-Казахстанской области
Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

ЕДШ – науқастар мен мүгедектерді емдеу және оңалту, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатымен дене шынықтыру құралдарын қолданатын медициналық пән.

Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі  – ЕДШ) – науқастар мен мүгедектерді емдеу және оңалту, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатымен дене шынықтыру құралдарын (дене шынықтыру жаттығуларын) қолданатын медициналық пән.

ЕДШ-нің жалпы міндеттері

Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

Емдік дене шынықтырудың жалпы міндеттері:

ЕДШ-ды емдеу, профилактикалық немесе өзге мекемелерде қолдану үшін бірқатар ұйымдастыру мәселелерін шешу қажет: материалдық базаның бар болуы (арнаулы жабдықталған кабинет, мүліктің болуы), арнайы оқытылған кадрлар (дәрігерлер мен ЕДШ нұсқаушылары), тиісті құжаттама, санитарлық-ағартушылық жұмыс.  

ЕДШ-ны ұйымдастыру

Емдік дене шынықтыру сабақтарына арналған кабинетті ұйымдастыру.

Дене шынықтыру жаттығулары сабақтары өтетін жерді жабдықтау өте маңызды міндет болып табылады. Сабақтарға арналған кабинетті емдеу-профилактикалық мекеменің сипаты мен бейініне қарай ұйымдастырады және жабдықтайды.

Сабақтарға арналған үй-жай белгіленген санитариялық-гигикналық талаптарға сәйкес келуі тиіс:
  • Кабинет ауданы айналысатындардың санына байланысты болады, бірақ
     24 м2-тан кем болмауы ( әрбір айналысушыға 4 м2 -тан кем емес) тиіс.
  • Желдетудің бар болуы қажет, кабинет желдетілуі тиіс.
  • ЕДШ залындағы ауа температурасы – 18–230С.
  • Кабинетте жасанды және табиғи жарық көздері болуы тиіс.

Назар аударыңыз!

Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру
В. А. Михина Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ШЖҚ «1-қалалық аурухана» ҚМК-ның емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушысы
Емдік дене шынықтыру (бұдан әрі – ЕДШ) – науқастар мен мүгедектерді емдеу және оңалту, сондай-ақ аурулардың алдын алу мақсатымен дене шынықтыру құралдарын (дене шынықтыру жаттығуларын) қолданатын медициналық пән.

  • Терезелер мен жарықтандыру аспаптарында қоршау құрылғылары қарастырылған болуы тиіс.
  • Еден оңай өңделетін, тайғанақ емес, кілем жабылған, еден беті тегіс, саңылауларсыз және ақаусыз болуы тиіс.
  • Зал қабырғаларында шығыңқы жерлер, карниздер болмауы тиіс.
  • Кабинет қабырғаларының біреуі айналармен жарақталады.
  • Зал қабырғалары мен төбесінің материалы мен боялу құрамы ылғалды жиыстырып-тазарту жасауға мүмкіндік берулері тиіс.
  • Батареялар терезелердің астындағы қуыстарда орналастырылуы және торлармен жабылуы немесе еденнен  2,4 м биіктікке орналастырылуы тиіс.
  • Кабинет мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қолжетімді болуы тиіс.
  • Есік ойықтары кресло-арбадағы пациенттер кабинетке келе алатындай болуы үшін, жеткілікті кең болулары тиіс.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны



ЕДШ жабдықтары

Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыру

Кабинетке арналған мүлік пен жаттығу құрылғыларын ұйым өздігінен таңдайды. Оларды таңдау кезінде мынадай факторларды ескерген жөн:

  • айналысатын пациенттердің жасы. Егер мекеме балалар мекемесі болса, онда балаларға арналған, сондай-ақ ашық түсті, суреттері бар мүліктерді сатып алу қажет;
  • мекеменің бейіні. Басым диагноздарға қарай, қандай да бір жабдықтар қажет болады; 
  • сабақтардың бағыты мен сипаты. Қандай сабақтардың – топтық, жеке немесе жаттығу құрылғыларындағы (механотерапия) сабақтардың өткізілетіндігін анықтап алу қажет.

Бұл факторлар ескерілсе, кабинет үшін мүлік сатып алу ұтымды болады.

ЕДШ кабинетіне арналған мүліктің үлгі тізімін келтіреміз:

  • әртүрлі мөлшерлердегі доптар (фитболдар, медболдар және т.б.);
  • гимнастикалық таяқтар;
  • сабақтарға арналған төсеніш (керекті мөлшерде);
  •  0,5 кг-нан 5 кг-ға дейінгі гантельдер;
  • эспандерлер (әртүрлі);
  • ұсақ заттар жиыны (мозаика, кубиктер – ұсақ моториканы әзірлеуге арналған) және басқа мүлік.

Емдік дене шынықтыру кабинетінің жұмысын ұйымдастыруЖаттығу құрылғылары:

  • жүгіру жолы;
  • вело жаттығу құрылғысы;
  • аяқтардың бұлшықеттері мен буындарына арналған;
  • қолдардың бұлшықеттері мен буындарына арналған.

Белгілі бір физикалық бұзылуларға бейімделген арнаулы медициналық жаттығу құрылғылары болады. Мұндай жаттығу құрылғылары пациенттің мүмкіндіктеріне қарай енжар және белсенді режимдерде жұмыс істеуі мүмкін. Оларда табандарға, білектерге, буындарға қосымша орнықтырғыштар мен басқа да арнаулы мүмкіндіктері бар.

Толығырақ «Аға медбике» журналынан оқыңыз

 

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×