Медбике мен пациент арасындағы коммуникациялық процесі

28
Медибике мен пациент арасындағы коммуникациялық процесі
Медибике мен пациент арасындағы коммуникациялық процесі
Огарков Владимир Федорович
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор ряда изданий Цифрового издательства “МЦФЭР-Казахстан”, к. м. н, доцент, г. Караганда
Пациенттермен коммуникация процесінде медбикеде пациентке деген сұрақтар міндетті түрде туындайды. Дұрыс тұжырымдалған сұрақтар қарым-қатынасты неғұрлым тиімді етеді.

Медициналық қызметкер мен пациенттің арасындағы қарым-қатынас әрқашанда мінсіз өте бермейді.

Тиімсіз қарым-қатынастың жағдайлары коммуникацияның әртүрлі элементтерін бұзушылықтар болуы мүмкін. Неғұрлым жиі кездесетіндері:

1. Хабарлаудың айқын еместігі. Хабарлама баяу дауыспен жасалған немесе нашар жазумен жазылған, ең сорақысы, түсініксіз терминдер орын алған (өз әңгімелесушіңізбен сіз шетел тілінде сөйлегендей).

2. Әдептен тыс арнаны пайдалану. Жөнелтуші (яғни сіз) ақпарат беру үшін дұрыс емес арнаны пайдаланады. Мысалы, естуінде проблемалары бар адамға ақпаратты ауызша сөздермен береді, ал көруінде проблемалары бар адамға ұсақ медициналық жазумен жазылған жазбаша нұсқаулықты береді.

3. Ақпараттың дұрыс түсінілгенін растаудың жоқтығы. Егер хабарламаны алушы ақпаратты жөнелтуші (яғни сіз) жоспарлағандай, түсінгенін растамаса, онда бұл қарым-қатынасты қанағаттанғысыз деп есептеуге болады. Мысалы, медбикенің: «Сіз өзіңізге тағайындалған дәріні қалай қабылдау керектігін түсіндіңіз бе?» деген сұрағына пациент: «Иә, түсіндім!», – деп жауап береді, тәңір жарылқасын, пациент сізді сіз оған айтқандай түсінді деп ойламаңыз.

Хабарламаны пациенттің дұрыс түсінгенін растау үшін, медициналық бике ақпаратты дұрыс қабылдауды растайтын бірнеше ТЕКСЕРУШІ ашық сұрақтар беруі тиіс.

Мысалы: «Сіз өзіңізге тағайындалған дәріні қалай қабылдайтыныңызды айтыңызшы», «Сіз дәрігердің қабылдауына  қанша уақыттан кейін келуге тиіссіз?», «Сіз бұл дәріні немен ішесіз?» және т.б. Бұл жағдайда  пациент медициналық бике хабарламасын қалай түсінгенін қайталап айтып береді. Және де бұл жерде оны түзетімдеу мүмкін болады – ал бұл ең бастысы. Сіз өз ақпаратыңыздың дұрыс қабылданғанына көз жеткізесіз.

Қоғамда қабылданған қарым-қатынас арналары жеткілікті жақсы зерттелген, бұл:

  • ауызша сөз (алушы хабарламаны тыңдайды);
  • сөзсіз қарым-қатынас (мимика, ымдаулар, кейіптер, хабарламаның мәні мен егжей-тегжейлілігін бейнелейтін қандай да бір өзге іс-әрекеттер);
  • алушы хабарламаны тыңдайды және хабарламаны сөзсіз толықтыруды көреді;
  • жазбаша хабарлама (алушы хабарламаны оқиды).

Кез келген арна бойынша тиімді қарым-қатынастың мұқият дайындықты талап ететіндігі табиғи жайт, бұған қоса, әңгімелесушіге зейін қоя қарау мен қарым-қатынасқа өзара дайындықты талап етеді.

Көбінде адамдарда (әсіресе егде жастағы) көруінде, естуінде бұзылушылықтар, физикалық белсенділігіндегі шектелулер және қандай да бір түрде қарым-қатынаста көрініс табатын басқа да жеке проблемалары болады. Бұлардың бәрі қарым-қатынасқа дайындық кезінде бұлжытпастан ескерілуі тиіс.

Ешқашан нақ қарым-қатынас арқылы әрбір адамның бірегейлігі айқындалатындығын ұмытпаған жөн.

Тіпті тиімді қарым-қатынастың барлық элементтерін пайдаланса да, неліктен кейде медициналық  қызметкерлер мен пациенттер бір-бірін нашар түсінеді?

Бұл мәселені талқылау үшін коммуникация ережелері мен тәсілдеріне қысқаша шолу жасау қажет.

Коммуникация тәсілдері

Қарым-қатынас ауызша және ауызша емес болады.

Ауызша қарым-қатынас – бұл ауызша сөйлеу (дыбыстық қарым-қатынас).

Ауызша емес қарым-қатынас – мимика, ымдаулар, кейіптер, жанасулар, жазбаша қарым-қатынас (сөздердің немесе нышандардың көмегімен қарым-қатынас).

Ақпарат беру тәсілін таңдау хабарламаның мазмұнына және автор мен хабарлама алушының жеке қасиеттеріне байланысты болады.

Мысалы, соқыр адам үшін ауызша сөзді, керең адам үшін  – ауызша (көптеген кереңдер еріндерден оқиды) сөзді, сондай-ақ жазбаша (жаднама) сөзді де пайдалануға болады. Хабарлама беру үшін бір арна сирек пайдаланылады, көбінесе бір мезгілде бірнеше арнаны, мысалы, мимикамен және ымдаулармен қатар жүретін ауызша сөзді пайдаланады.

Ауызша  коммуникация

Ауызша коммуникация (сөздік)  екі маңызды элементті: мағына мен хабарлама нысанын көздейді. Әрине, хабарлама түсінікті, нақты және қысқа болуы тиіс.

Практикалық кеңестер

Егер мыналар орындалса, ауызша қарым-қатынас тиімді болуы мүмкін:

• жақсы айтылуымен қарапайым қысқа сөздермен, баяу сөйлеу;

• әңгімелесушіге таныс емес терминологияны көп пайдаланбау;

• әңгімелесушінің қабілеттіліктеріне орай, сөйлеудің дұрыс жылдамдығы мен екпінін таңдап алу;

• қарым-қатынас үшін уақытты дұрыс таңдап алу: бұл ақпарат бағытталатын адам сол нақты уақытта әңгімелесуге ниет пен мүдделілік білдіруі тиіс;

• ол айтуға жиналған нәрсеге сәйкес келуі үшін, дауыс ырғағын сақтау қажет;

• өзіңізді түсінгеніне көз жеткізу (кері байланыс);

• әңгімелесуде абайлаушылықпен пайдаланылған юмор ширығуды жоюға және сабырға түсіруге көмектеседі, эмоциялық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді және ауруды қабылдауды жұмсартады.

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2017 жылғы 9-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль