text
MCFR.KZ Медицина

Қазақстандағы медициналық бике санаты

  • 6 сентября 2018
  • 25
Қазақстандағы медициналық бике санаты
Қазақстандағы медициналық бике санаты

Біліктілік санатын беру үшін медициналық бикені бағалау рәсімі қандай? Бұл туралы мақаладан білесіздер.

Қазақстанның меджұмыскерлеріне біліктілік санатын беру жүйесіндегі жаңалықтар

Қазақстанның меджұмыскерлеріне біліктілік санатын беру

жүйесіндегі жаңалықтар:

Қазақстан Республикасының халқына көрсетілетін медициналық көмек сапасын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі бағыттарының бірі денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіпқойлығын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау, денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары басшыларының және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік құзіретін аттестаттау жолымен бағалау, денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді ұйымдастыру мен өткізу, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың тәуелсіз сараптамасын өткізу үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу болып табылады. Бұл қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің (бұдан әрі ҚР ДСМ ҚДСК) құзыретінде.

Қазақстанда денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесін жетілдіру шеңберінде және ҚР ДСМ ҚДСК медициналық қызметкерлерін оқыту, сертификаттау мен аттестаттаудың халықаралық стандарттарына көшумен жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін біліктілік санаттарын беру жүйесі қайта қаралды.

Қазақстан аумағында 2014 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап біліктілік емтиханының кезеңі – дәрігерлерге арналған білім мен практикалық дағдыларды бағалау енгізілді. Оның мақсаты – екінші, бірінші және жоғары біліктілік санатқа кәсіптік деңгейді анықтау. Рәсім ерікті бастамалар негізінде жүргізіледі.

2015 жылдың 9 қазанынан бастап Қазақстан Республикасының "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің нормалары күшіне енді, оған сәйкес мынадай рәсімдер регламенттелді (Кодекстің 176-бабы):

– денсаулық сақтау саласында мамандарды сертификаттауды өткізу:

– халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мамандарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру;

– кәсіптік дайындалғандықты бағалау және орта (техникалық және кәсіптік), ортадан кейінгі, жоғары медициналық білімі бар мамандардың, сондай-ақ кадрларды қайта даярлаудан өткен және (немесе) денсаулық сақтау саласында жоғары оқу орнынан кейін білім алған тұлғалардың біліктілікке сәйкестігін растау;

– медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілікке сәйкестігін растауды бағалау.

 

 

Меджұмыскерлерге біліктілік санаттарын беру процесінде меджұмыскерлерді сертификаттау неліктен міндетті болып табылады

Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттау клиникалық  практиканы жүзеге асыратын барлық мамандар үшін міндетті болып табылады. Сертификаттаудың мақсаты медициналық білімі бар тұлғалардың медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын анықтау және оларды клиникалық практикаға жіберу болып табылады. Кәсіптік дайындығын бағалауда оңды нәтижелер бар болған және біліктілікке сәйкестігі расталған кезде маманға клиникалық практикаға жіберілуге құқық беретін тиісті сертификат беріледі.

Медициналық қызметкерлерді сертификаттау тиісті біліктілік санатын берумен де, берілместен де жүргізіледі.

ҚР-да меджұмыскерлерге біліктілік санатын беру үшін кәсіби бағалау рәсімі

Маманды біліктілік санатын беру үшін бағалау рәсімі ерікті, медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілік деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Кәсіптік дайындығын бағалауда оңды нәтижелер бар болған және біліктілікке сәйкестігі расталған кезде маманға біліктілік санатын беру туралы куәлік беріледі, ол санатына қарай (жоғары, бірінші немесе екінші) жалақыға қосымша беру үшін негіз болып табылады.

«МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫНА ҚАНДАЙ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ ҚОЙЫЛАДЫ?»

Медициналық ұйымның басшысына қойылатын біліктілік талаптары Біліктілік сипаттамалары аталатын 1 бөлімнен көрініс тапқан.

Медициналық ұйым басшыларының мынадай лауазымдары ұсынылған:

  • денсаулық сақтау ұйымының басшысы;
  • денсаулық сақтау ұйымы басшысының орынбасары (медициналық бөлім, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау жөніндегі);
  • денсаулық сақтау ұйымы басшысының экономикалық жұмыс жөніндегі орынбасары;
  • денсаулық сақтау ұйымы басшысының әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары;
  • денсаулық сақтау ұйымы құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бас дәрігер, директор, аға дәрігер, меңгеруші, бастық).

Стандартқа сәйкес, клиникалық практикаға жіберу үшін "Біліктілік санатын берусіз маман сертификатын беру" және "Тиісті біліктілік санатын берумен маман сертификатын беру" мемлекеттік қызметті ҚР ДСМ ҚДСК аумақтық департаменттері көрсетеді.

Өтініштер қабылдау мен нәтижелерді беру не департаменттердің кеңсесі арқылы, немесе "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz . веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Маманның кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілікке сәйкестігін растау үшін ол компьютерлік тестілеуден өткізіледі.

ҚР-да меджұмыскерлерге біліктілік санатын беру үшін практикалық дағдыларды бағалау

ҚР-да меджұмыскерлерге біліктілік санатын беру үшін практикалық дағдыларды бағалау:

Өтініш беруші біліктілік санатын беру кезінде теориялық білімнен бөлек (біліктілік дұрыс жауаптардың санына сәйкес беріледі), өзінің практикалық дағдылары мен шеберліктерін (әрбір санатқа клиникалық станциялардың белгілі бір саны сәйкес келеді – 1, 2 кестелер) растауға міндетті. 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях