КФБ-де парентеральды ДЗ-мен қауіпсіз жұмыс істеу алгоритмі және дайындауға арналған үй-жайға қойылатын талаптар

9
алгоритмі және дайындауға арналған үй-жайға қойылатын талаптар
алгоритмі және дайындауға арналған үй-жайға қойылатын талаптар
Иванова Оксана Зиновьевна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, старшая медицинская сестра высшей категории хирургического отделения Областного онкологического диспансера, г. Петропавловск
Клиникалық фармация бөлімінде есірткіні қауіпсіз пайдалану, сондай-ақ оларды жеткізу және пайдалану үшін белгілі бір алгоритмдерді әзірлеу қажет.

Клиникалық фармация бөлімінде (бұдан әрі – КФБ дәрілік заттарды (бұдан әрі – ДЗ) қауіпсіз және асептикалық қолдану, сондай-ақ оларды аурухананың клиникалық бөлімшелеріне жеткізу мен пайдалану үшін медициналық ұйымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалған қажетті ережелер (алгоритмдер), емшаралар мен әдістер әзірленген және бекітілген болуы тиіс.

    Петропавл қаласындағы Облыстық  онкологиялық диспансерде дәрігер-химиятерапевттер КФБ-нде парентеральды ДЗ-мен қауіпсіз жұмыс істеу алгоритмі мен парентеральды ДЗ-ды дайындауға арналған үй-жайларға қойылатын талаптарды әзірледі, олар осыған ұқсас бейіндегі басқа да емдеу-профилактикалық ұйымдарында қолданылуы мүмкін.

КФБ-нде  парентеральды ДЗ-мен қауіпсіз жұмыс істеу алгоритмі

Күн сайын клиника бөлімшелерінен КФБ-не дәрігерлер оларға парентеральды ДЗ-ды тағайындаған, мынадай мәліметтерді қамтыған пациенттер тізімі келіп түседі:

  • енгізу уақыты;
  • науқастың тегі, туған күні;
  • қажетті ерітіндінің мөлшерлемесі, көлемі;
  • емдеу ұзақтығы;
  • енгізу режимі.

Тізім дәрігерлер мен бөлімше меңгерушісінің Т.А.Ә. және қолдарымен бекітілген.

Медициналық бикелер принтерде пациентті сәйкестендіру затбелгілерін басып шығарады. Оларға затбелгіні желімдей отырып, шприц немесе құтышаны таңбалауды жүргізеді, одан кейін препарат дайындауға кіріскеді.

Келесі кезеңді курьер жүзеге асырады. Бикске орналастырылған, парентеральды тамақтандыруға арналған араластырылған препараттар бөлімшелерге жеткізіледі.

Бөлімшелердің медициналық бикелері биксті жеткізу кезінде тізімді салыстырып тексереді. Бикстегі заттар дәрігер тағайындауларымен сәйкес келмеген кезде медициналық бике бұл туралы клиникалық фармаколог/клиникалық фармацевтке хабарлайды және емдеуші дәрігерді немесе бөлімше меңгерушісін хабардар етеді.

                             Іс-әрекеттер алгоритмі:

1. Мақсаты: парентеральды ДЗ-мен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету. ДЗ-дың мақсаты – жарақаттық зақымданулар, ішкі мүшелердің аурулары кезінде, инфекциялық ауыр процестерде, отадан кейінгі кезеңде ағзаны ақуыздармен, микроэлементтермен және дәрумендермен қамтамасыз ету.

2. Қолданылу саласы: КФБ, клиникалық бөлімшелердің  парентеральды ДЗ-мен жұмыс істейтін медициналық персоналы (медициналық бикелер).

3. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар:

Парентеральды тамақтандыру  – венаішілік емдік тамақтандырудың ерекше нысаны, ағзаның алмасу процестеріне белсенді қосылуға қабілетті, арнаулы инфузиялық ерітінділердің көмегімен бұзылған метаболизмді түзетімдеуді қамтамасыз етеді.

ДЗ – дәрілік зат, сондай-ақ мәтінде «препарат».

ММБ – медициналық мақсаттағы бұйым.

КФБ  –  клиникалық  фармация бөлімі.

4. Жұмсалатын материалдар

  1. 1. КФБ-ндегі парентеральды ДЗ дайындауға арналған кабинеттің керек-жарақтарының құрамына кіретіндер:
  • стерильді жүйелер мен дәрілік затты алуға арналған  20 мл,10 мл, 5 мл шприцтерді сақтауға арналған бөлімшесі бар, ерітінділер дайындауға арналған үстел;
  • ішкі камераның  ультракүлгін сәулелендіру жүйесі;
  • 70 %-дық спирт, стерильді мақта домалақшалары, стерильді іскек, арашалар, қолғаптар (стерильді және стерильді емес);
  • препараттар дайындауға арналған, ерітінділері бар медициналық шкафтар;
  • ДЗ-ды сақтауға арналған медициналық шкафтар;
  • ерітінділерді сақтауға арналған тоңазытқыш;
  • пайдаланылған материалды жинауға арналған науаша;
  • қолдарды гигиеналық өңдеуге арналған сұйық сабын мен антисептигі бар шұңғылша мен мөлшерлегіш құрылғылар.
  1. 2. Персонал үшін жеке қорғану құралдары керек (ең аз міндетті жиын):
  • қолғаптар. Нитрильдік немесе олар жиі ауыстырылатын кезде табиғи латектік қолғаптармен жұмыс істеуге жол беріледі;
  • қорғаныш көзілдіріктер;
  • медициналық стерильді бетперде;
  • телпекше;
  • қорғаныш халат.
  1. Саясат
  2. 1. Парентеральды тамақтандыруды алатын пациенттерге күтім жасалуы тиіс, ол мыналарды қамтиды:
  • венаішілік препараттарды қауіпсіз енгізу;
  • венаішілік ДЗ-дың жанама әсерлерін немесе аллергиялық жауап әрекеттерін айқындау бойынша пациентке мониторинг;
  • асқынулар мен жанама әсерлерді болғызбау және барынша азайту.
  1. 2. Тиісті құзіреттері бар, арнайы оқытылған қызметкер ғана ДЗ-дың венаішілік ерітінділерін араластырумен және дайындаумен айналысуға құқылы.
  2. 3. Венаішілік ДЗ-ды сақтау, дайындау, араластыру КФБ-нде орталықтандырылып жүргізіледі. 

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 9-нөмірінен оқыңыздар.



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль