Руководитель медицинской организации

Қолдарды өңдеу

23 октября 2019
8504
Средний балл: 0 из 5
Главный редактор ЭС "Актуалис Медицина" и журналов "Руководитель медицинской организации", "Старшая медицинская сестра" ТН "Актуалис Медицина" "МЦФЭР-Казахстан", врач-эпидемиолог 1 категории, врач-эксперт

Медқызметкерлердің қолын дұрыс өңдеуі – инфекциялық бақылауды сақтаудың негізгі факторы. Сіздерге қолды өңдеу техникасы, оның ерекшеліктері туралы айтып береміз, қолды өңдеудің қадамдық алгоритмін ұсынамыз

Қол өңдеу: әдістемелік ұсынымдар

Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуінің және таралуының негізгі факторы медицина персоналының манипуляцияларды орындауы немесе аурухана ортасындағы әртүрлі объектілермен (аппараттар, аспаптар беті, науқастарды күту заттары, санитариялық-техникалық жабдық, әбзелдер, киім, медициналық мақсаттағы бұйымдар, таңу материалы, медициналық қалдықтар және т.б.) жанасуы кезінде ластанатын қолы болып табылады.

Микроорганизмдердің қол арқылы ықтимал берілу жолдарын тоқтату және ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу қаупін азайту үшін қол нақты немесе әлеуетті ластануы мүмкін барлық жағдайларда медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеу қажет.

Осы әдістемелік ұсыным Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арналған.

Қолды тиімді өңдеуді қамтамасыз ету үшін мынадай шарттарды сақтау қажет:

  • тырнақты алу;
  • тырнақта лактың болмауы;
  • жасанды тырнақтың болмауы;
  • қолда зергерлік әшекейлер мен сағаттың болмауы.

Қолдарды өңдеу
Азман Хабаева Врач-эпидемиолог, г. Алматы
Медперсонал қолы медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияларды (МКБИ) жұтырудың басты факторы болып табылады. Осыған байланысты, қол гигиенасын сақтау – медициналық ұйымдағы инфекциялық бақылаудың (ИБ) пациенттердің және медқызметкерлердің өзінің қауіпсіздігін сақтаудың қажетті және маңызды факторы.

Қол өңдеу түрлері

Медициналық ұйымдар қызметкерлерінің қолын өңдеудің үш тәсілі бар:

Қол өңдеудің әлеуметтік деңгейі

Антисептиктерді қолданбайқолды сабынмен және сумен жуу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • тамақ өнімдерімен жұмыс істеу, тамақты дайындау және тарату алдында;
  • тамақ ішу алдында;
  • дәретханаға барғаннан кейін;
  • пациентпен тікелей жанасу болмаған кезде (төсек әбзелдерін ауыстыру, үй-жайды жинау және т.б.)пациенттің күтімі бойыншаіс-әрекетті жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;
  • инфекциялық және паразиттік аурулардың  белгілері бар пациенттерді қоспағанда, пациенттің зақымданбаған терісімен (пальпациялау, пульсті, артериялық қысымды өлшеу және т.б.) жанасқаннан кейін;
  • қол анық ластанған барлық жағдайда.

Қолды жуу үшін жылы ағын су, дозаторы бар құтыдағы сұйық сабын, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады. Жартылай босаған құтыға сұйық сабынды үстемелеп құюға болмайды.

Қолды өңдеу алгоритмі

1) су құбыры кранын ашу;

2) қолды сумен сулау;

3) ылғал қолға сабынды жағу;

4) EN-1500 еуропалық стандартқа сәйкес өңдеу жүргізу (осы әдістемелік ұсынымға қосымша);

5) қолды бір рет қолданылатын сүлгімен немесе бір рет қолданылатын майлықпен құрғату;

6) сүлгіні қалдықтар жинауға арналған сыйымдылыққа немесе .контейнерге тастау

Қолдарды өңдеу
А.А. Имбергеновтерапевт дәрігер, Алматы қ.
  • Негізгі терминдер
  • Қолды өңдеу деңгейлері
  • Өткізу ережелері
  • Нормативтік құқықтық база және сілтемелер

Қолды гигиеналық өңдеу

Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:

  • инвазиялық процедураларды орындау алдында және орындағаннан кейін;
  • пациенттің тері жабындыларының тұтастығын бұзатын манипуляциялар жүргізу алдында және жүргізгеннен кейін;
  • жарақаттармен және катетерлермен манипуляциялар алдында және одан кейін;
  • науқастыңқанымен және басқа да биологиялық сұйықтықтарымен, бөлінділерімен жанасқаннан кейін;
  • инфекциялық және паразиттік аурулардың белгілері бар пациенттермен жанасу алдында және жанасқаннан кейін;
  • жаңа туылған сәбилерді қарау алдында.

Қолды антисептикпен өңдеу алгоритмі: 
  • қолды сабынмен және сумен жуу (жоғарыда аталған қол жуу алгоритміне сәйкес);
  • қолдың буындарына 3 мл-ден кем емес мөлшерде антисептикті жағу және EN-1500 стандарты бойынша қозғалыс жүйелілігін сақтай отырып, толық құрғағанға дейін теріге мұқият ысқылау (антисептикті жаққаннан кейін қолды сүртпеу керек).

Қолды өңдеу үшін жылы ағын су, шынтақ дозаторы бар құтылардағы сұйық сабын мен антисептиктер, бір рет қолданылатын сүлгілер немесе бір рет қолданылатын майлықтар пайдаланылады. Жартылай босаған құтыға сұйық сабынды және антисептикті үстемелеп құюға болмайды. Антисептик ретінде Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдары пайдаланылады.

Қолдарды өңдеу
Надиля Шильтерханова«ACTUALIS: Медицина» ЭЖ электрондық редакциясының сарапшы редакторы
Медициналық ұйымдарда ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштарының берілуі мен таратылуының негізгі факторы – медициналық персоналдың қолдары, олардың қолдары іс-қимылдарды орындау немесе ауруханалық ортаның әртүрлі объектілерімен жанасу

Қолды хирургиялық өңдеу

Қолды хирургиялық дезинфекциялау мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) кез келген операциялық араласулар алдында;

2) маңызды инвазиялық емшаралар алдында (мысалы, ірі тамырларды пункциялау).

Қолды хирургиялық дезинфекциялау үш сатыдан тұрады: қолды механикалық тазалау, қолды тері антисептигімен дезинфекциялау, қолды стерильді бір рет қолданылатын қолғаппен жабу.

15. Қолды хирургиялық дезинфекциялау кезінде өңдеу білекті қамтиды, жылы ағын су, шынтақ дозаторы бар құтылардағы сұйық сабын мен антисептиктер, стерильді сүлгілер немесе стерильді майлықтар пайдаланылады. 

Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз

logo
Сайт для медицинских работников!

med.mcfr.kz - профессиональный сайт и многие статьи здесь закрыты. Для медработника регистрация займет 1 минуту.

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
Хотите скачать файл?

Чтобы скачать этот файл, и получить доступ к другим документам, зарегистрируйтесь. Это займет 1 минуту:)

Зарегистрируйтесь, и в подарок мы пришлём вам готовый образец плана по снижению рисков для проверки Санэпиднадзора!

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Зарегистрироваться
×