Емдәмдік медициналық бикенің лауазымдық нұсқаулығы

9
Емдәмдік медициналық бикенің лауазымдық нұсқаулығы
Емдәмдік медициналық бикенің лауазымдық нұсқаулығы
Макажанова Динара Сейфулгазиевна
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Старшая медицинская сестра”, врач-эпидемиолог, г. Алматы
Мақалада емдәмдік медициналық бикенің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған лауазымдық нұсқаулығының үлгісі ұсынылған.

Үлгі

                                                                                                                     Бекітемін:

________________________________                                                    __________________

(мекеменің атауы, оның                                                                                       (Т.А.Ә.)

ұйымдық-құқықтық нысаны)                                                       ___________________________

                                                                                                           (директор; лауазымдық нұсқаулықты                                                                                                                        бекітуге уәкілетті өзге тұлға) 

                                                                                                                                             00.00.20___ж.                

                                                                                    М. О.

Емдәмдік медициналық бикенің лауазымдық нұсқаулығы

__________________                                                                                                   00.00.20___ж.  № 00

(мекеменің аталуы)

    1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл лауазымдық нұсқаулық  _____________________________________ (бұдан әрі – кәсіпорын) емдәмдік медициналық бикесінің лауазымдық міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін белгілейді.

1.2. Емдәмдік медициналық бикесінің лауазымына орта медициналық білімі бар және «Диетология» мамандығы бойынша дайындықтан өткен тұлға тағайындалады.

1.3. Емдәмдік медициналық бике лауазымына тағайындау мен одан босату қолданыстағы еңбек заңнамасымен белгіленген тәртіппен, денсаулық сақтау мекемесі басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

1.4. Емдәмдік медициналық бике тікелей ___________________________________________________________________

 (бөлімше меңгерушісіне, бас дәрігердің орынбасарына) бағынады.

1.5. Емдәмдік медициналық бике:

- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерінің қызметін регламенттейтін заңдарын (санамалау) және өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

- медициналық мекемелердің қызметін регламенттейтін, қолданыстағы нормативтік әдістемелік құжаттарды;

- дәрілік және шұғыл медициналық көмек көрсету әдістері мен ережелерін;

- жеке клиникалық пән ретінде   диетологияның мазмұнын;

- диетологиялық қызметті ұйымдастыруды, құрылымын, міндеттері мен жарақтандырылуын;

- өз мамандығы бойынша барлық құқықтық және нормативтік құжаттарды;

- диетологиялық қызмет жұмысын жоспарлау мен бүкіл есептілігін;

- өз қызметін бақылаудың әдістемесі мен тәртібін;

- еңбекті қорғау, өндірістік санитария, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғаныс ережелері мен нормаларын;

- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздерін;

- ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерін білуі тиіс.

1.6. Емдәмдік медициналық бике жоқ болған кезде (іссапар, еңбек демалысы, ауру және басқа) оның міндеттерін белгіленген тәртіппен оларды тиісінше орындау үшін толық жауапкершілікте болатын, тағайындалған тұлға орындайды.

2. Лауазымдық міндеттері

Емдәмдік медициналық бике:

2.1. Тағамдық блоктың жұмысы мен санитариялық-гигиеналық режимнің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

2.2. Олар қоймаға және асүйге келіп түскен кезде азық-түліктердің сапасын тексереді, азық-түлік өнімдері қоры сақталуының дұрыстығын бақылайды.

2.3. Дәрігер-диетологтің басшылығымен тамақтардың картотекасына сәйкес, күн сайынғы мәзір-салымды жасайды.

2.4. Келіп түскен тапсырыстарға сәйкес асүйден азық-түліктерді салуды және тамақты асүйден бөлімшелерге босатуды бақылайды, дайын өнімге  бракераж өткізеді.

2.5. Мезгіл-мезгіл емдәмнің химиялық құрамы мен калориялылығын есептеуді, іс жүзінде дайындалған тамақтар мен рациондардың химиялық құрамына бақылау жасауды жүзеге асырады.

2.6. Бөлімшелер жанындағы тарату және буфеттік бөлмелердің, мүліктің, ыдыс-аяқтың санитариялық жай-күйіне, сондай-ақ тарату бөлмесі қызметкерлерінің жеке гигиена ережелерін орындауына бақылау жасауды жүзеге асырады.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 9-нөмірінен оқыңыздар.



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль