Мектеп медицинасы: мектептер үшін 2017 жылға жаңа ҚР СанЕжН бар ма?

14
Мектеп медицинасы:
Мектеп медицинасы:
2017 жылы мектептегі медициналық қызметкерлердің қызметі қандай жаңа СанЕжН-мен реттеледі? Бұл туралы мақаладан оқыңыздар.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру шеңберінде 2017 жылғы қаңтар айында мектептердің медициналық қызметкерлері емханалардың штаттық санына кіргізіліп, медициналық пункттер олардың құрылымдық бөлімшелеріне айналды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі (бұдан әрі – ҚР ДСМ) Е. Біртанов2017 жылғы ақпан айында бірқатар заң актілеріне қол қойды:

Қазақстан Ресаубликасы Денсаулық сақтау министрінің «" Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттары мен штаттық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 39 бұйрығы (бұдан әрі – №39 бұйрық).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің«"Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы Ережені бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 40 бұйрығы (бұдан әрі – №40 бұйрық).

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «"Қазақстан Республикасында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру Стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 27 ақпандағы № 41 бұйрығы (бұдан әрі – №41бұйрық).

Мысалы, №40 бұйрықпен ҚР ДСМ-нің 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығындағы 34 тармақтың 14) тармақшасына толықтыру енгізілді, мұнда амбулаториялық-емханалық ұйымдардың профилактика мен әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерінде білім беру ұйымдары медициналық пункттерінің кабинеттері жұмыс істеуі тиіс екендігі белгіленді.

№ 39 бұйрықпен ҚР ДСМ-нің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығына 13 қосымшаға толықтыру енгізілді, бұл жерде 4.3 параграфтың 97-1 жолында интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарындағы медициналық пункттің медициналық бикесі лауазымы500 оқушыға 1 лауазым, аз жинақталымды мектептердің медициналық пункттерінде – 100 оқушыға 1 лауазым есебінен анықталатыны белгіленді.

№41 бұйрықпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 85 бұйрығымен бекітілген бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандары іс-әрекеттерінің алгоритмдері 4-1 тармағымен толықтырылды, бұл жерде білім беру ұйымы медициналық бикесінің іс-әрекеттері белгіленді.

Қазіргі уақытта медициналық кадрлар дайындығының деңгейін бағалау, сертификаттау өткізілуде, оларды оқыту графигі қалыптастырылуда. Білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсету, штаттардың нормативтері мен медпункттерді жарақтандыру тәртібі әзірленді.

Егер мектептерде сабақтар сағат 8-де басталып, сағат 19-да аяқталатын болса, мектептегі медициналық бикелерге қатысты еңбек заңнамасын қалайша бұзбауға болады?

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЕК) 68 бабына сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Жұмыс уақытының нормасын заңсыз арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 89 бабы 1 бөлігіне сәйкес, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасымен көзделген жұмыс уақытының қалыпты және қысқартылған ұзақтығын және күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) уақытын заңсыз арттырғаны үшін кінәлі тұлға ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартылады.

Көрсетілген баптың бірінші бөлігімен қарастырылған әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайтадан жасалса, лауазымды тұлғаларға қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарына - алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Осыған орай, медициналық қызметкерді жұмыс істеп біткен ауысымнан кейін, жұмыста мектептің соңғы қоңырауына дейін қалуға «мәжбүрлеу» заңсыз.

Бұл туралы  «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ-нен. толығырақ оқыңыздар

Сондай-ақ оқыңыздар: Мектеп медициналық бикелеріне қатысты еңбек заңнамасын қалай бұзбау керек?



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль