Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігерінің лауазымдық нұсқаулығы

2
Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігерінің  лауазымдық нұсқаулығы
Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігерінің лауазымдық нұсқаулығы
Мақалада жедел және шұғыл көмек дәрігерінің лауазымдық нұсқаулығы ұсынылған, оны тиісті бейіндегі медициналық ұйымда үлгі ретінде пайдалануға болады.

Жедел және шұғыл жәрдем дәрігерінің лауазымдық нұсқаулығын медициналық ұйым мамандары әзірлеген және үлгі ретінде пайдаланылуы мүмкін

Үлгі

Медициналық ұйымның аталуы

БЕКІТЕМІН:

Медициналық ұйымның бас дәрігері

__________________Т.А.Ә.

«____»_________ 20___ жыл

Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігерінің

ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Қолданылу мерзімі:                                                                                        «__»_______ 20___ж.                                                       

«__»______ 20___ж. дейін

қала

Жалпы ережелер

I. Негізгі міндеттері

  1.  Жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасының жедел және шұғыл медициналық жәрдемнің сапарға шығу бригадасының дәрігері (бұдан әрі – ЖМЖ дәрігері) лауазымына жоғары медициналық оқу орнын «емдеу ісі» немесе «педиатрия»мамандығы бойынша бітірген,  интернатурадан немесе  «жедел медициналық жәрдем» мамандығы бойынша бастапқы мамандандырудан өткен, білікті дәрігер тағайындалады.  Міндетті талап – мүмкіндігінше, жоғары, бірінші немесе екінші санатты жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігері сертификатының бар болуы.
  2. Сапарға шығу бригадасының дәрігері «Жедел медициналық жәрдемнің қалалық стансасы» МКҚК бас дәрігерінің бұйрығына сәйкес жұмысқа қабылданады және босатылады.
  3. ЖМЖ дәрігері әкімшілік жағынан өз бөлімшесінің (мамандандырылған немесе педиатриялық бригадалардың) меңгерушісіне, оперативтік жұмыста – орталық қосымша стансаның ақпараттық-оперативтік бөлімінің аға кезекші дәрігеріне тікелей бағынады.
  4. Шақыруларды орындау кезінде дәрігерге сапарға шығу бригадасының бүкіл персоналы — фельдшер (медбике), санитар мен  санитарлық автомобильдің жүргізушісі бағынады.
  5. ЖМЖ дәрігері өз жұмысында ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, «Жедел медициналық көмек және санитарлық авиация нысанында медициналық көмек көрсету Қағидаларын», осы лауазымдық нұсқаулықты, денсаулық сақтаудың жоғары тұрған органдары мен Бас дәрігердің бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқаулықтарын, нұсқауларын, сондай-ақ ҚР-ның қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

II. ЖМЖ сапарға шығу бригадасы дәрігерінің лауазымдық міндеттері

Жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігері міндетті:

  1. Бас дәрігердің өкімдері мен бұйрықтарын орындауға, ішкі емшаралар мен ережелерді ұстануға. ҚР-нда бекітілген медициналық көмек көрсету стандарттары мен хаттамаларын білуге және сақтауға.
  2. Еңбек тәртібін сақтауға. Жұмысқа кезекшілік басталар кезде бригада толық құрамында шақыруға дайын болуы үшін ауысым басталғаннан 15 минут бұрын келуге: ауысым басталғанға дейін арнаулы киімді кию, машина нөмірін, бригада құрамын білу, медициналық сөмкені, жабдықтарды қабылдап алу, тиісті журналдарды (есірткілік препараттарды, жабдықтар, сөмкені беру) толтыру. Жабдықта немесе көлікте ақаулар мен бұзылулар (рацияның, жылытудың жұмыс істемеуі және т.б.) бар болған кезде қосымша стансаның кезекші диспетчеріне ақаулықтарды мүмкін болатын алмастыру/жою мәселесін шешу үшін хабарлауға. Дәрігер оның сақталуы мен дұрыс пайдаланылуы үшін жауапкершілікте болады.
  3. Мүлікті қабылдап алу сәтінен бастап және кезекшіліктің барлық уақытында дәрігер дәрілік препараттардың көрсетілімдер бойынша қатаң түрде дұрыс пайдаланылуы, сондай-ақ медициналық және қосалқы жабдықтардың сақталуы және дұрыс пайдаланылуы үшін толық жауапкершілікте болады.
  4. Санитарлық көліктің қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылуы үшін жауапкешілікте болуға. ЖМЖ машиналарын бригаданың жеке мақсаттары үшін пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады.
  5. Бригада жұмысын үнемі бақылауға және жұмысы үшін жауапты болуға. Шақыруларды орындау кезінде белгіленген киім нысанын сақтауға.
  6. Өндірістік қажеттілік жағдайында бөлімше меңгерушісінің өкімі бойынша басқа бригаданың жұмысына немесе басқа қосымша стансаға ауысуға.
  7. Кезекшілік кезінде аға диспетчермен үнемі байланыста (радио және телефон) болуға.
  8. Шақырулардан бос уақытында аумақтан кетіп қалу құқығынсыз қосымша стансада болуға. Ауысым келіп жеткенге шейін өз жұмыс орнында қалуға, ал шақыру келіп түскен кезде оны орындау үшін кез келген уақытта, кезекшіліктің аяқталуына қанаша уақыттың қалғандығына қарамастан, сапарға шығуға.
  9. Шақырудың келіп түскені туралы сигнал кезінде дереу қосымша станса диспетчеріне келуге. Шақыруды ала отырып, мекенжайды, шақыру келіп түскен уақытты, науқастың тегін, шақыру себебін нақтылауға.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 9-нөмірінен оқыңыздар.

Сондай оқыңыздар: Бас медициналық бикенің ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль