Медицинадағы СОР-дер

6
Медицинадағы СОР-дер
Медицинадағы СОР-дер
Мақалада олардың үлгісіне, қуаттылығы, құрылымы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен толымдалғандығына қарай, ҚР медициналық ұйымдары үшін әзірленген СОР-дер берілген.

Стандартты операциялық рәсімдер (бұдан әрі - СОР) – бұл құжатпен ресімделген нұсқаулықтар мен медициналық персоналдың жұмыстық рәсімдерді орындауы бойынша алгоритмдер.

Әрбір медициналық ұйым СОР-ді өздігінен оның үлгісі, қуаттылығы, құрылымы, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, кадрлармен толықтырылуына қарай әзірлейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы "Медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы" № 676 бұйрығына 2 қосымшаның 14.11 тармағының 2) тармақшасына сәйкес инфекциялық бақылауды ұйымдастыру шеңберінде персонал мынадай мақсаттарда құжатталған рәсімдерді: жабдықты, материалдар мен медициналық аспаптарды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тазарту, дезинфекциялау және зарасыздандыруды орындайды. 

Мысал ретінде СОР-ді – Медициналық жабдықты тазарту, дезинфекциялау және стерильдендіру алгоритмін келтіреміз.

Медициналық ұйымның аталуы:

Құрылымдық бөлімшенің аталуы:

Стандартты операциялық рәсім

СОР атауы:

Медициналық жабдықты тазарту, дезинфекциялау және стерильдеу алгоритмі

Әзірлеушілер:

ЖБК, дәрігер-эпидемиолог

_________________

Т.А.Ә.

Күні __________

Қолы __________

Бекітілді:

Бас дәрігер

_________________

Т.А. Ә.

Күні __________

Қолы __________

Келісілді

ССБ бастығы

_________________

Т.А.Ә.

Күні __________

Қолы __________

Құрылымдық бөлімшенің басшысы:

Бөлім. меңг.

_________________

Т.А.Ә.

Күні __________

Қолы____________

Қолданысқа енгізілді:

Күні __________

Рәсімнің орындалуына жауап беретін қызметкер:

Аға медбике

__________________

Т.А.Ә.

Күні __________

Қолы____________

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ММБ) өңдеу АЛГОРИТМІ

ҚР ҰЭМ-нің 27.01.2015 ж. "Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" № 48 бұйрығы

СТЕРИЛЬДЕУДІҢ АЛДЫНДАҒЫ ТАЗАРТУМЕН (САТ) БІРЛЕСТІРІЛГЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯ

  1. ММБ-ды пайдаланғаннан кейін бірден дезқұралдың жұмысшы ерітіндісі бар № 1 сыйымдылықта шайып жуады (үш минуттен кем емес). Жуу үшін мақта-мәрлілік тампондарды пайдалануға болады.
  2. ММБ-ды арналары мен қуыстарын толтырумен дезқұралдың жұмысшы ерітіндісі бар № 2 сыйымдылыққа батырады. Ажырамалы бөліктері бар бұйымдар бөлшектелген түрінде батырылады, құлыптық бөлімдері бар аспаптарды ашылған күйінде ылғалдайды, бұл аспаппен ерітіндіде бірнеше жұмыстық қозғалыстар жасайды.
  3. Өңдеуді жүргізуге арналған ерітінді көлемі ММБ-дың толықтай батуын қамтамасыз етуге жеткілікті болуы тиіс, бұл ретте ерітінді деңгейі бұйымдардың үстінде бір сантиметрден кем болмауы тиіс.
  4. ММБ экспозициясын (дез. өңдеу уақытын) нұсқаулыққа сәйкес ұстап тұру.
  5. Сүрту тәсілімен дезинфекциялауды пациентпен тікелей жанаспайтын немесе құрылымдық ерекшеліктері батыру тәсілін қолдануға мүмкіндік бермейтін ММБ үшін қолдануға жол беріледі.
  6. Дезинфекциядан кейін ММБ дезинфекциялаушы заттардың қалдықтарынан ағынды судың астында 10 минут бойы жуылып, тазартылады.
  7. Тазартылған сумен 0,5 минут бойы шаю.
  8. Кептіру шкафында t = 85 C болған кезде ылғал толықтай жоғалғанға дейін ыстық ауамен кептіру.
  9. САТ сапасын (азопирамалық сынамалар) бақылауды ММБ-ды әрбір өңдеуден кейін жүргізеді. Ауысым ішінде өңделген бұйымдардың әрбір атауынан 1%-ы (үш бірліктен кем емес) бақылауға жатады.
  10. Бақылау нәтижелері журналда тіркеледі, айдың соңында жүргізілген сынамаларды есептеу өткізіледі, нәтижелері туралы КИК-ке хабарланады.

Сондай-ақ «Аға медбике» журналынан оқыңыздар:

«ӨЖЖ аппараттарын өңдеу алгоритмі» СОР

«Беттерді өңдеу алгоритмі» СОР

 «Алгоритм обработки эндоскопиялық аспаптарды өңдеу алгоритмі» СОР

«Медициналық мақсаттағы бұйымдарды өңдеу алгоритмі» СОР

 «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ-нен оқыңыздар:

«Қолдар гигиенасының бағдарламасы»СОР

«Венаішілік  инъекцияларды орындау алгоритмі» СОР

«Пациенттер мен  персонал гигиенасын қолдауға арналған жағдайлармен қамтамасыз ету» СОР

«Жайманы жинау, тасымалдау, өңдеу алгоритмі» СОР

«Ауқымды жиыстырып-тазалауды жүргізу алгоритмі» СОР



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль