Әңгімелесу пациентпен

2
Әңгімелесу пациентпен
Әңгімелесу пациентпен
Ригибаев Владимир Федорович
кандидат медицинских наук, доцент
Медициналық бике өткізетін әңгімелесу – оның пациентпен жұмысындағы міндетті элемент және бикелік диагноз қоюдағы қорытынды кезең.

Әңгімелесу пациентпен жұмыс тәсілі ретінде

Іскерлік әңгімелесудің ең үздік стратегиясы – бұл оңды, мүдделі, құрметттеуге бағдарлану.

Өзіңізбен әңгімелесушінің аты-жөнін онымен әңгімелесуге дейін біліп алған жөн. Егер мұны істеу мүмкін болмаса, онда одан бұл туралы тікелей сұрау қажет.

Әңгімелесуді «Сіз-тәсілі» деп аталатын тәсілден бастаңыздар. Өзіңізді әңгімелесушінің орнына қоюға, оның мүдделерін білдіруге тырысыңыздар. Бұл сіздердің пікір нысандарының мазмұнынан көрініс табады.

Әңгімелесуді жүргізудің белгілі бір стилін: сарын, ырғақ биіктігін, қаттылығын, ұзақтықты, үзілістер жиілігін, жылдамдықты, үзілістер, қол сермеулер, сөз екпінінің болуы мен сипатын және т.б. таңдап алыңыздар.

Әңгімелесу стилінің сәйкессіздігі әңгімелесушінің әңгімеге қатысудан бас тартуына әкелуі мүмкін.

Әңгімелесуші мінез-құлқының өзгеру себептеріне талдау жасаңыздар; қиыншылықтардың себептерін түсініңіздер; мүмкіндігінше стильдік және басқа келісіп алуларды нақты анықтаңыздар.

Жағдаят диагностикасы үшін сөйлеспейтін (сөздік емес) мінез-құлық пен сезімдерді білдірулерді пайдаланыңыздар. Адамдар оңды эмоцияларын жасырмайды, және де мұны сіздер бет пішінінен анықтайсыздар. Әрине, мимиканы саналы түрде бақылауға болады, ол ұлттық және мәдени таптаурындарға байланысты болады. Бұл кейбір қиыншылықтар жасайды.

Қарым-қатынас тиімділігі әңгімелесу жағдайларына да – орны, уақыты, бөгеуілдердің бар болуына (шу, бөгде адамдардың болуы, бөлмедегі ретсіздік және т.б.) байланысты болады. Ауыр науқас адамның шын мәнінде зейін қоя тыңдай алмайтынын есте ұстау керек, мұндай жағдаятта қарым-қатынас формальды және тиімсіз қарым-қатынасқа айналады.

                         Практикалық кеңестер [1]

1. Пациентке аты-жөнімен және  «Сіз» деп жүгініңіз.

2. Әңгімелесуді өз атыңызды, әкеңіздің атын, тегіңізді, лауазымыңызды көрсетуден бастаңыз.

3. Пациент көздеріне бір деңгейде қараңыздар, күліңіздер; егер пациент жатса, жанында тұрған орындыққа отырыңыз.

4. Өз әңгімелесуіңіздің құпиялылығын қамтамасыз етіңіз. Құпиялылықтың пациентпен сенімгерлік қатынастар жасау шарты болып табылатындығын есте сақтаңыздар.

5. Өз пациентіңізді сұрақтар беруге ынталандырыңыз.

6. Асықпай, тапқырлықпен сөйлеңіз, өз дауысыңыздың тек қана оңды интонациясын пайдаланыңыз.

7. Тыңдаудың тиімді шеберлігі қағидаттарын сақтаңыз.

8. Медициналық бикенің пациентпен қарым-қатынасы шеберлігін танытыңыз.

9. Пациентпен қарым-қатынас кезінде  психологиялық  микроклимат жасауда үздіксіз бастама танытыңыз.

10. Әңгімелесу кезінде табиғи болыңыздар, өзара түсіністік, сенім ахуалын жасаңыз.

Медбикенің кәсіптік байқағыштығы пациентпен әңгімелесу процесінде басқалар көрмегенді байқау шеберлігі болып табылады.

Әңгімелесуді жүргізу кезінде құрметтеу қағидатын ұстанған, қандай да бір бағалаушылық пайымдаулардан қашқақтаған және пациент пен оның проблемасын сол күйінде қабылдаған жөн. Қадірлі, эмоциялық мәнді нәрсе туралы айтуға шешім қабылдаған пациент өзін тыңдағанды қалайды. Осыған орай, бастапқыда оны шыдамдылықпен тыңдау керек.

Медбикенің оқиғалар барысы, бұл жөнінде пациенттің қалай ойлайтыны және сезінетіні, бұл жағдаятта оның нені қалайтыны, қандай әрекеттер қабылдауға жиналғаны туралы тікелей және жанама сұрақтар беруі мүмкін.

Маңызды! Бұл ретте пациенттің айтқанын ғана емес, сондай-ақ оны қалай айтқанын, оның сөздерінің тасасында қандай эмоциялардың тұрғанын аңғару да маңызды. Пациент эмоциялы ден қоятын сөздерге ерекше назар аударған жөн.

Мысалы, «бас сақинасы» сөзі өзінде бас сақинасын сезінетін пациенттерде бет бұлшықеттерін ынталандырады, тіпті барлығы жақсы болған кездің өзінде де, ауыз шеттері төмен түседі.  «Бас сақинасы» сөзі  шынайы ауырту шабуылының ықтималдығын арттыра отырып, ағзаның нақты ширығушылық жауап әрекеттеріне арандатады.

Ширықтыру сөздері – нашар көңіл-күйдің  бұл хабаршыларын осылай атайды. Әңгімелесу процесінде пациент үшін ширықтыру сөздерін айқындау және оларды науқасқа психологиялық бақылау жасау күнделігіне жазып алу пайдалы.

Әңгімелесу процесінде медициналық бике пациент өмірінің онда орнықты эмоциялық жауап әрекеттер туындататын салаларын айқындайды. Ол пациенттің бұл саладағы қалауларын  (болу үшін оның қалауы), пациент үшін мәнді айналаның оның қалауларына жауап әрекетін (өның көзқарасы бойынша, басқалар оның қалауларына қалай ден қоятынын) нақтылайды.

Маңызды! Медбике жинаған қорытынды ақпарат пациент проблемаларын жинақтау міндетіне қызмет етеді, бастапқы  бикелік психологиялық диагноз мазмұнына енеді және бикелік күтім жасау процесінде пациентке психологиялық көмек көрсету бойынша бұдан кейінгі ұзақ және тер төгетін жұмыс үшін аттану нүктесі қызметін атқарады.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Орта буын медициналық қызметкердің кәсіптік қызметіндегі қарым-қатынас

Орта медициналық қызметкер мен пациент арасындағы коммуникациялық процестің тәсілдері мен мәселелері

Медициналық бике жұмысындағы этика мен деонтология



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль