Медициналық аспаптар

10
Медициналық аспаптар
Медициналық аспаптар
Гаппарова Марина Петровна
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Старшая медицинская сестра”, руководитель направления промышленного оборудования Miele, г. Алматы
Стерильдендірудің алдындағы тазарту сапасына қандай факторлар әсер етеді? Жуушы автоматқа медициналық аспаптарды қалай дұрыс салу керек? Бұл туралы мақаладан білесіздер.

  Стерильдендірудің алдындағы тазарту стерильдендіру іс-шаралары кешенінің аса маңызды және міндетті кезеңі болып табылады. Оның сапасына стерильдендірудің тиімділігі көп байланысты болады.  Стерильдендірудің алдында медициналық аспапты дайындау процесінің неғұрлым маңызды сатысы оны жуу автоматына салудың дұрыстығы болып табылады. 

Назар аударыңыз! Машиналық жуу медициналық мақсаттағы бұйымдарды (бұдан әрі – ММБ) дайындаудың барлық проблемаларын шешеді және персоналдан қарапайым ережелерді сақтау жауапкершілігін алып тастайды деп ұйғару қате.

Автоматты жуу машиналарын пайдалану кезінде стерильдендірудің алдындағы өңдеудің сапасына мынадай факторлардың әсер етуі мүмкін екендігін есте ұстау қажет:

  • аспаптың сырт пішіні;
  • су сапасы;
  • жуушы заттардың сапасы;
  • ластанулардың үлгісі мен дәрежесі;
  • ластанулардың (тіркелмеген немесе тіркелмеген) жай-күйі;
  • жүктемелеудің көлемділігі.

Автомат жуудың әрбір циклінде талап етілетін температуралар мен экспозиция уақытына қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, жылулық факторды реттестіреді. Айналыстық сорғы механикалық құрамдасты – шайылу арналарын қосқанда, жуу камерасының барлық аймақтарына біркелкі және қуатты ағыншалық әсер етуді қамтамасыз етеді. Жуу камерасына химиялық заттардың берілген мөлшерде келіп түсуіне мөлшерленген мөлшерлегіштер қажетті үлесті жуу, химиялық дезинфекциялау және бейтараптандыру сатыларында өлшеп береді. Және осылайша, аспапты бұдан кейінгі стерильдендіруге машиналық дайындық процесінің өзінде қателіктер болмайды. Аспапты жуу камерасына салу сатысы қалады, оған бұрынғыша «адам  факторы» деп аталатын фактор әсер етеді.

Медициналық аспапты дайындау сапасына ықпал ететін барлық факторларды рет-ретімен қарастырамыз:

  • Аспаптың сырт пішіні. Заманауи технологиялар өз бейнесін медициналық аспаптардың сырт пішіні мен күрделілігінен тапты. Іс-әрекеттердің аса саналуандығы мен медициналық зерттеулердегі прогрессбұрынғыдан да күрделі аспаптарды қолдануды талап етеді. Оларды өңдеу үшін өндіруші бірден сапалы шешім ұсынуы тиіс. Основным преимуществом автоматты жуудың негізгі артықшылығы күрделілігі кез келген  медициналық керек-жарақтардың сырт пішініне бейімделген арнаулы қондырмалар мен құндақша-инжекторлардың бар болуы болып табылады. Бұл маңызды, өйткені аспаптар сапалы жуып-шаю үшін оңтайлы жағдайға орналастырылады, ал ішкі беттерді өңдеу қажет болған жағдайда арнаулы шаю шүмектері қондырылады, олар арқылы жоғары қысыммен жуушы ерітінді толтырылады.  

  • Су сапасы. Судың аймақтық сапасы бұған мүмкіндік беретін жағдайда қорытынды сатыдан басқа, барлық сатыларда автоматқа кәдімгі суқұбырлық су беріледі. Егер өзінің сапасы жағынан кәдімгі суық су ауызсуға теңдесетін болса, оңтайлы. Жуушы ерітінді сапасын жақсарту үшін суқұбырлық су жуу автоматында тұтқырлық тұздарынан арыла отырып, жұмсарту жүйесі арқылы өткізіледі, және тек шаюдың соңғы циклінде ғана тазартудың жоғары дәрежелі суы пайдаланылады.

Ерекше талаптар немесе сапасы нашар суды (тұтқырлық тұздарының, қоспалардың  жоғары мөлшері және т.б.) пайдалану кезінде суды толықтай немесе ішінара тұзсыздандыруды қамтамасыз ететін арнаулы су тазарту қондырғыларын, кері осмос қондырғыларын қолдану, немесе тазартылған суды қолдану қажет.

  • Жуушы заттардың сапасы. Химиялық құралдардың нұсқаулығына назар аударған  – олардың құрамын, мөлшері мен рН деңгейін зерттеген жөн. Жуу автоматтарында сұйық жуушы құралдарды қолдануға арналған нұсқаулықта мұндай қолдануға көрсетілім болуы тиіс. Дезинфекциялаушы құралдар жағдайында да оларды жуу автоматтарында қолдануға көрсетілім болуы тиіс. Бұған қоса, олар Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілген дезинфекциялаушы құралдар тізіліміне енгізілген болулары тиіс.                          

     Өндірушінің ұсынымдарына сәйкес, сондай-ақ жуушы ерітіндінің тұтқырлығы (мөлшері) ескеріле отырып, автоматта тиісті реттеулер жүзеге асырылады, және де химиялық заттарды мөлшерлеу процестің талап етілетін сатысында және қатаң түрде белгілі бір мөлшерлерде жүргізіледі.

  • Ластанудың үлгісі мен дәрежесі. Ластанулар үлгілерінің ерекше көп бөлігі зертханалық практикада атап өтіледі, өйткені зертханалық шыныны қолдану пайдаланудың әртүрлі салаларының кең ауқымын қамтиды (органикалық және бейорганикалық, физикалық химия, микробиология, медициналық мекемелердегі, фармакологиядағы, тағам және косметика өнеркәсібіндегі зертханалық зерттеулер), олар қолданылу тәсіліне немесе зерттеу бағытына қарай (препараттармен жұмыс, талдамалар, сынамалар алу және басқалар) бөлінеді. Осыған сәйкес ластанулардың әртүрлі үлгілерін жою үшін жуу бағдарламалары әзірленеді. Бағдарламалау мүмкіндіктері бар жуу автоматтары жуудың стандартты бағдарламалары ұсынатын шешімдерді толықтырады. Бұл бәрінен бұрын, жуудың қосымша циклдеріне және қатты ластанулар жағдайында шаюға, сондай-ақ ерекше температуралық режимдерге қатысты. 

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Стерильдендірудің алдындағы тазарту өткізілгеннен кейін ММБ-ды қалай жинайды және қаптайды

Қадамдық нұсқаулық. ММБ-ды стерильдендірудің алдында тазартумен (САТ) біріктірілген дезинфекциялау



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль