Жанжалшыл жеке тұлғалар типтері

6
Жанжалшыл  жеке  тұлғалар типтері
Жанжалшыл жеке тұлғалар типтері
Дроздецкий Олег
кандидат медицинских наук, г. Караганда
Жанжалшыл жеке тұлғалар Знание типологиясын білу практикалық денсаулық сақтауда жанжал жағдаятында қарапайым және өнімдірек әрекет етуге мүмкіндік береді.

Адам дүниеде өзімен-өзі болып, көңіл хошы болмаған жағдайда онда басқа адамдармен өзара қатынастар проблемасы міндетті түрде туындайды. Ал әңгіме емдеу-профилактикалық мекемедегі (бұдан әрі – ЕПМ) медициналық қызметкер туралы болса, онда бұл жерде пациенттермен/клиенттермен, әріптестермен немесе басшылықпен проблемалар орын алады.

Назар аударыңыз! Практикалық денсаулық сақтауда жұмыстық жанжалдар деп аталатын жанжалдар барлық емдік сауықтыру процесіне кері әсер етеді, бұл дау жоқ, емдеу мекемесінің профилактикалық қызметіне әсер етеді.

Жұмыстың негізгі постулаты қызметкерлердің немесе пациенттермен арадағы жойылмаған жанжал жеке тұлға аралық келіспеушіліктерге және бұдан кейін  – бүкіл ұжым қызметіндегі бұдан да үлкен шиеленіске сөзсіз әклетіндігі туралы болжам болып табылады.

Жанжалөзара әрекеттестік процесінде туындайтын қарама-қайшылықтарды шешудің жеткілікті өткір тәсілі, ол жанжалға қатысушылардың қарсы әрекеттері болып табылады және әдетте бүкіл емдік-профилактикалық процестің оңды сарынын төмендететін жағымсыз эмоциялармен қатар жүреді.

Медицинада жанжалдардың мынадай түрлері бөлініп көрсетіледі:

а) жеке тұлғааралық жанжалдар, олардың тараптары ретінде: дәрігер – пациент; дәрігер – дәрігер; дәрігер – әкімші, медициналық қызметкер –  пациент туысы әрекет етеді;

б) топаралық: ЕПМ әкімшілігі – пациент; дәрігер – пациенттің туыстары; ЕПМ әкімшілігі – пациент.

Практикалық медицина саласында жанжалдар туындауының себептері ұйымдастырушылық, экономикалық, деонтологиялық, диагностикалық, емдік, профилактикалық, сондай-ақ психологиялық факторлар болып табылады, олар басшылықтың жаңсақтақтарынан туындауы мүмкін.

Бұған қоса, жанжалшылдық деңгейіне жұмыс бейіні, қызметкерлердің жасы мен жұмыс өтілі, сондай-ақ оны бес типке бөлу қабылданған жеке тұлғаның жанжалшылдығы  әсер етеді.

Жанжалшыл  жеке  тұлғалар типтері

Жанжалшыл жеке тұлғалардың типологиясын білу жанжал жағдаятында қарапайым және өнімдірек әрекет етуге мүмкіндік береді.
С. М. Емельянов жанжалшыл жеке тұлғалардың мынадай бес типін бөліп көрсетті  [1, 2]:

Көрсетуші  тип

Жеке тұлғаның бұл типіндегі пациент басқалардың көз алдында жақсы көрінуді ұнатады және әрқашан назар салу орталығында болуға тырысады. Ол адамдарға деген қатынасын олардың өзіне қалай қарайтындығымен белгілейді. Мінез-құлқы – эмоциялы. Жеке тұлғаның бұл типі өз қызметін жоспарлауды жағдаятқа қарай жүзеге асырады. Жанжалдардан жалтармайды, жанжалдық өзара әрекеттестікте өзін жайлы сезінеді. Көбінде өзі жанжал көзі болып табылады.

Пациенттердің мұндай типімен жұмыс істеудегі медициналық қызметкердің мінез-құлқы: барынша көңіл бөлу танытыңыз, егер жанжал пісіп-жетіліп келе жатса, одан қашқақтамаңыз, оны басқаруға тырысыңыз. Әңгімелесуде өз көзқарасыңызды онда мұның өз идеясы екендігі, және де сіз оны тек қана қолдап отырғаны туралы әсер қалыптасатындай етіп, жариялаңыз.

Бейімделмейтін  тип

Жеке тұлғаның бұл типінің мәні – негізделгендік. Әңгімелесуге қосылу үшін мұндай жеке тұлғаға бейімделу мен уақыт талап етіледі. Әңгімелесушіні зейін қоя тыңдайды, ойларын жан-жақты баяндайды, асықпай сөйлейді, әлдекімнің өз сөзін бөлуіне шыдамайды. Ол күдіктенгіш және өкпешіл. Айналасындағылардың пікірін үлкен қиындықпен қабылдайды. Өзінің негізделгендігімен көбінесе жағдаят пен мән-жайлардың өзгеруін ескермейді. Бұл типтегі пациент оның пікірімен онша санаспай отырып, дәрігер көзқарасын үлкен қиындықпен қабылдайды. Жалған немесе шынайы әділетсіздікке сезімтал.

Медициналық қызметкердің мінез-құлқы: оның пікіріне барынша төзушілік пен назар аударуды таныту, «беделді» сөйлеу және әрекет ету қажет.

Басқарылмайтын  тип

Кінәмшілдіктің жоғары деңгейі тән. Серпінді, өзін жеткілікті басқара алмайды, сондықтан оның мінез-құлқын алдын ала болжамдау қиын. Қиқарлық танытады. Әңгімелесуде көбінде көпшілік қабылдаған нормаларға көңіл аудармайды. Барлық сәтсіздіктері мен жағымсыздықтары үшін айналасындағыларды кінәлайды. Өз қызметін сауатты жоспарлай және жоспарларын өмірде жүзеге асыра алмайды. Болашақ үшін өткен тәжірибесінен аз пайда алады.

Медициналық қызметкердің мінез-құлқы: пациентпен әртүрлі талқылаулар мен дауласулардан қашқақтауға тырысыңыз, оны өз көзқарасыңыздың дұрыстығына сендірмеңіз – бұл пайдасыз. Сенімді әрекет етіңіз, алайда жағымсыздықтарға да дайын болыңыз.

Аса дәл және аса ұқыпты  тип

Барлық жайттарға мейлінше ұқыптылықпен қарайды. Мұндай типтегі пациенттер үшін жоғары алаңдаушылық тән. Жеткілікті ерік күшін иеленбеген, бірақ өзіне және айналасындағыларға жоғары талаптар қояды. Айналасындағылардың ескертпелеріне шамадан тыс маңыз беруге бейім. Өзін жәбірлеген болып көрінсе, қатынастарды оңай үзеді. Өзінің жаңсақтықтары мен сәтсіздіктері үшін күйінеді, олар үшін ұйқысыздыққа, бас ауруларына және т.б. ұшырайды.

Медициналық  қызметкердің мінез-құлқы: мұндай адамдармен барынша зейінді және сыпайы болыңыздар.  Коммуникация ережелерін сақтаңыздар.

Жанжалсыз тип

Мұндай типтің пациенттеріне мінез-құлықтың дәйексіздігі тән. Ол айналасындағылардың пікіріне тәуелді, бағалаулары мен пікірлерінде тұрақсыз, оңай сенгіш, іштей қарама-қайшылықты. Жағдаяттардағы лездік табысқа бейімделеді. Ымыраласуға ұмтылады. Дәрігердің келістіруіне оңай көнеді, бірақ қабинеттен шыға салысымен, басқа пікірлерге құлақ асады және өзін алдады деп есептеуі мүмкін.

Медициналық қызметкердің мінез-құлқы: оған өзіңізбен бірге жасалған таңдаудың, – ең дұрыс таңдау екендігін шыдамдылықпен дәлелдеңіз.

Егер сіз жанжалшыл жеке тұлғаға кез болсаңыз, не істеу керек?

Егер сіз өзіңіздің  қызмет процесінде жанжалшыл пациенттермен кез болсаңыз, психологтар мінез-құлықтың мынадай ережелерін ұстануды ұсынады:

  • сіздің пациент қарым-қатынас процесінде сізбен қарым-қатынас арқылы өзінің психологиялық қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын (жеке проблемаларымен байланысты) қанағаттандыратынын есте ұстаңыз. Сіз ол үшін – өзі кері эмоцияларын лақтыруға болатын орта. Шыдаңыз, өзіңізді жанжалға (!) тартуға мүмкіндік бермеңіз;

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Сондай оқыңыздар:

Медициналық қызметкерлер құқықтарын қорғаудың тәсілдері

Медициналық бике жұмысындағы этика мен деонтология



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль