Этикалық комиссия

1
Этикалық комиссия
Этикалық комиссия
Мақалада медициналық ұйым қызметкерлерінің этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық пен өзара қатынастар ережелерін сақтауы бойынша этикалық комиссия туралы Ереженің үлгісі ұсынылған.

Мақалада мамандар әзірлеген,  қызметкерлердің этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық пен өзара қатынастар ережелерін сақтауы бойынша этикалық комиссия туралы Ереже ұсынылған, оны тиісті бейіндегі медициналық ұйым қызметінде үлгі ретінде пайдалануға болады. 

 Бекітемін:

медициналық  ұйымның директоры

_____________________

Қызметкерлердің этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық пен өзара қатынастар ережелерін сақтауы жөніндегі этикалық комиссия туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережемен (медициналық  ұйымның аталуы) қызметкерлерінің этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық пен өзара қатынастар ережелерін сақтауы жөніндегі этикалық комиссияны (бұдан әрі – Этикалық комиссия) құру мен оның қызмет тәртібі белгіленеді.

2. Этикалық комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Этикалық комиссияның негізгі міндеттері (медициналық ұйымның аталуы) қызметкерлерінің этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық пен өзара қатынастар ережелерін сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады.

4. Этикалық комиссия (медициналық ұйымның аталуы) қызметкерлерінің этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық пен өзара қатынастар ережелерін сақтауына қатысты мәселелерді қарастырады.

2. Этикалық комиссияның міндеттері

 Этикалық  комиссияның басты міндеттері:

а) Этикалық кодекстің мақсатына — (медициналық ұйымның аталуы) қызметкерлерінің  өз кәсіптік міндеттерін лайықты орындау үшін  этикалық нормаларды, кәсіптік мінез-құлық және өзара қатынастар ережелерін орнатуға қол жеткізілуіне жәрдемдесу;

б) этикалық жанжалдарды шешу, оның ішінде (медициналық ұйымның атауы) еңбек ұжымында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатымен құпия консультациялар берумен көмек көрсету болып табылады. Этикалық  комиссия (медициналық ұйымның атауы) қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзуымен байланысты істерді қарамайды.

3. Этикалық комиссияның өкілеттіліктері

3.1. Басқа медициналық ұйымдардың Этикалық кодекс қағидаттарын өз қызметінің практикасына енгізу жөніндегі тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату.

3.2. Этикалық комиссияға (медициналық ұйымның атауы) қызметкерлерінен келіп түскен хаттар мен өтініштерді қарастыру.

3.3. (Медициналық ұйымның атауы) қызметкерлерінің Этикалық кодекс талаптары мен этикалық нормаларды бұзуы фактілерімен байланысты мәселелерді қарастыру.

3.4. Этикалық комиссия этикалық нормаларды бұзу фактілерін тексеруді өткізу туралы шешімге сәйкес вправе:

– тиісті салалардағы (құқық, басқару, экономикалық қауіпсіздік және басқалар) мамандарды тартуға;

– тыңдау үшін ақпараттары барлық қажетті мән-жайларды айқындауға және объективті шешім қабылдауға көмектесетін өтініш берушілер мен басқа да тұлғаларды шақыруға құқылы.

3.5. Этикалық комиссия Этикалық кодексті бұзушыға Этикалық кодекстің Х бабына сәйкес, ықпал етудің әралуан іс-шараларын қолдана алады.

4. Этикалық комиссияның төрағасы мен мүшелері, олардың құқықтары мен міндеттері

4.1. Этикалық  комиссияның төрағасы медициналық ұйымның басшысы болып табылады.

4.2.  Этикалық  комиссияның төрағасы:

– Этикалық комиссия қызметін басқарады және оның жұмысын ұйымдастырады;

–  Этикалық  комиссия атынан шығатын барлық құжаттарға қол қояды.

4.3.  Этикалық комиссияның мүшелері:

– Этикалық комиссияның отырыстарына қатысады. Комиссия мүшелері отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда бұл туралы отырыс басталардан кем дегенде бір күннен кешіктірмей қатыспау себебін көрсетумен комиссия төрағасына хабарлауға міндетті;

– алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтау режимін қамтамасыз етеді және өзіне комиссия жұмысының процесінде белгілі болған ақпаратты рұқсатсыз жариялауға  жол бермейді;

–  Этикалық комиссия жұмыстарының жоспарын, оның отырыстарының күн тәртібін, мінез-құлық этикасы мәселелерін қарастыруға енгізілетін ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады.

5. Этикалық комиссияның  жұмысын ұйымдастыру

5.1. Этикалық комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.

5.2.  Этикалық комиссияның отырысын  (бұдан әрі  отырыс) өткізуге дайындық кезінде оның төрағасы комиссия мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып:

–отырыс өткізілетін күнді, уақыты мен орнын белгілейді;

– отырыстың күн тәртібін бекітеді;

– отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді қарастыру үшін қажетті материалдар мен құжаттардың (ақпараттар) тізбесін белгілейді;

– определяет перечень приглашаемых на заседание Этикалық комиссия отырысына шақырылатын, оның мүшелері болып табылмайтын тұлғалардың тізбесін белгілейді; 

–отырысты дайындаумен және өткізумен байланысты өзге де мәселелерді шешеді.

5.3. Этикалық комиссия отырысын Этикалық комиссияның төрағасы жүргізеді.

5.4.Отырыс хаттамасын төрағаның тапсыруы бойынша комиссия мүшелерінің біреуі жүргізеді.

5.5. Егер оған Этикалық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, е Этикалық комиссияның отырысы құқыққа сай болады.

5.6. Қарастырылатын мәселе бойынша  шешім Этикалық комиссия мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен, ашық дауыс берумен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

5.7. Комиссия мүшесінің қабылданған шешіммен келіспеуі жағдайында ескертпе хаттамаға қосымшамен ресімделеді.

6. (Медициналық  ұйымның  аталуы) қызметкерлерінің  Этикалық кодекс нормалары мен талаптарын бұзушылық фактілері бойынша тексерулер жүргізу тәртібі

6.1. Тексеру медициналық ұйымның бас дәрігерінің тапсырмасына сәйкес жүргізіледі.

6.2. Тексеру өзіне:

– тексерілетін мәселеге қатысты жазбаша және ауызша түсініктемелерді, құжаттарды алуды;

– Этикалық кодекс талаптарын бұзушылық белгілерін айқындауды;

– осы Ережемен бекітілген, Этикалық комиссия өкілеттіліктерінің шеңберінде объективті тексеруді қамтамасыз ететін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруды қамтиды.

6.3.  Этикалық комиссияның тексеру нәтижелері бойынша қорытындысы.

А. Қорытындыда тексерілетін мәселе бойынша объективті бағалау болуы және өзіне мыналарды қамтуы тиіс:

– мінез-құлықтың этикалық нормаларын бұзушылық фактілерінің орын алуы туралы жазбаша өтініште баяндалған мәліметтердің  дұрыстығын растайтын дәлелді қорытындыларды;

– қажетті ұсынымдар мен ұсыныстарды.

Б. Тексеру нәтижелері бойынша Қорытынды Этикалық  комиссия отырысында қарастырылады.

В. Қорытындымен барлық мүдделі тұлғалар танысады.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

СОШ: Этика бойынша ережелер жасау тәртібі

Медициналық қызметкерлерінің кәсіптік этикасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары (Мысал)



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль