Дәрілік электрфорез

7
Дәрілік электрфорез
Дәрілік электрфорез
Аристанова Айтжан Аубакировна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, старшая медицинская сестра физиоотделения ГКП на ПХВ «Городская поликлиника № 11», г. Алматы
Мақалада дәрілік электрфорез жүргізу алгоритмі мен физиотерапевтикалық емшаралар қабылдау бойынша пациенттерге арналған ұсынымдар келтірілген.

Физиотерапевтикалық емшараларда медикаменттік емдеуге ең кең тараған тиімді және қауіпсіз толықтыру  гальванилендіру мен дәрілік электрфорез болып табылады.

Сөздік

Гальванилендіру, немесе гальванилік терапия, – бұл әлсіз тұрақты токтың әсер етуін көздейтін емдік рәсім, өз атауын электр физиологиясының негіздерін жасаған италиялық ғалым   Луиджи Гальванидің құрметіне алған. 

Бүгінгі күні гальванилендіру ең әртүрлі аурулар кезінде емдеу мен қалпына келтіру терапиясының әдісі ретінде қолданылады.

Дәрілік электрфорез – бұл ауру ошағының орнына гальвани тогы мен дәрілік препараттың аздаған мөлшері – пайдаланылған препараттың жалпы мөлшерінің 2–3 %-ның бір мезгілде әсер етуі.

Дәрілік заттар тері немесе шырышты қабат арқылы енгізіледі, бұл ретте жасушалар мен тіндерге дәрілік жақсы әсер етеді. Ток адам тіндеріне қуатталған бөлшектермен өтіп, дәрілік заттардың жинақталуын түзеді, олар бұдан кейін қан айналысына (сөлге) келіп түседі.

Маңызды! Пациентке әкелінетін  токты тығыздығы мен сезінулер бойынша міндетті түрде мөлшерлейді. Емшараны жүргізу кезінде пациент электродтардың астында шамалы шаншуларды немесе шымшуларды сезінеді. Егер жағымсыз күйдіру пайда болса, ток күшін дереу азайту қажет.

Гиперемия немесе ісіну жай-күйіндегі тіндердің  сау тіндерге қарағанда, электрөткізгіштігі неғұрлым жоғары болады. Емшара 10-нан 20 минутқа дейін, терапия курсы  – 5–10–20 күнге дейін созылады.

Емшараларды гальванилендіруге арналған – «Поток-1» және «Радиус-01» аппараттарының көмегімен жүргізеді. «Поток-1» аппаратынан екі шықпа (электродтар) жүргізілген – онда тотығу реакциясы болып өтетін анод және онда қалпына келу болып өтетін  катод.

Электрфореді жүргізу кезінде дәрілік препараттар ағзаға тиісінше олардың полярлылығына сәйкес: катиондар - анодтармен, аниондар – катодтармен енгізіледі.

Назар аударыңыз!  Бір полюстан тек бір ғана дәрілік препарат енгізілуі тиіс.

Жекелеген жағдайларда қосарланған сыммен екі дәрілік заттың қоспасы қолданылады.

Электрфорез үшін көрсетілімдер болып табылады:

  • жоғары тыныс алу жолдарының, ас қорыту мүшелерінің аурулары;
  • тіндердің тыртықтық және дәнекерлік өзгерістері;
  • тірек-қозғалыс аппаратының аурулары;
  • орталық жүйке жүйесінің органикалық аурулары.

 Электрфорез үшін қарсы көрсетілімдер:

  • қабыну  процестері;
  • қан ағушылыққа бейімділік;
  • жіті дерматиттер;
  • іріңдік  процестер;
  • токқа шыдамау;
  • жаңа түзілімдер;
  • жоғары температура.

Электрфорез емшарасын жүргізу алгоритмі

  1. Мақсаты:

 Дәрігер-физиотерапевттің олардың бұдан кейін жақсаруы, түзелуімен ағзаның функциялық қабілеттіліктерін бағалау мақсатымен пациенттерге кеңестер беруі. Физиоаппаратуралар мен қосалқы құралдарды, жұмысты құжаттандыруды пайдалану. Ағзаның жалпы жай-күйін сақтау немесе жақсарту, ағзаның қозғалғыштық жай-күйін түзеу.

II. Ресурстар:

  • Ағаш төсекше.
  •  «Поток-1» аппараты.
  • Электрондық  блок – 1 дана.
  • Электрөткізгіш  силиконды (қорғасын) электродтар 25*30мм – 2 дана.
  • Электрод  ұстағышы бар біріктіру кәбілі – 2 дана.
  • Алтықабатты  фланель  төсемдер.
  • Целлофан клеенкалар.
  • Электроды бар төсемді қысуға арналған құмы бар қалташалар (салмағы
    1 кг).
  • Электрфорезге арналған дәрілік заттар.
  •  «+» және «-» төсемдерін шаюға арналған сыйымдылықтар.
  •  «+» және «-» төсемдерін қайнатуға арналған сыйымдылықтар (эмальданған кәстрөл).
  • Төсемдерді кептіруге арналған кептіргіш.
  •  70 %-дық спирт.
  • Мата.

III. Құжаттандыру:

1. Қабылдау журналы  ( № 098/у нысаны).

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а-ның 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» № 907 бұйрығына сәйкес, физиотерапевтикалық бөлімшеде емделуші науқастың картасы (044/у нысаны).

3. Ақылы медициналық қызметтер көрсету шарты, жолдама.

IV. Емшараны жүргізу

Маңызды! Жұмыс басталардың алдында «Поток-1» аппаратының ақаусыздығын тексеру!

1. Қолдарды жуу.

2. Жолдамамен келген науқасты қабылдау журналына тіркеу.

3. Дәрігердің тағайындауына сәйкес  № 044/у нысаны картасын толтыру.

4. Пациентті емшараның барысы мен оның емшара кезіндегі сезінулері туралы хабардар ету.

5. Ағаш төсекшеге бірреттік ақжайманы төсеу.

6. Науқасты ағаш төсекшеге емшараны жүргізуге қолайлы кейіпте жатқызу.

7. Тері жабындарының бүтіндігін қарап-тексеріп шығу, қажет болған кезде теріні спиртпен өңдеу немесе сабындап жуу.

8. Әсер ету орнының мөлшері мен нысанына сәйкес келетін гидрофильді төсемдерді дайындау, оларды жылы суда ылғалдау және сығу.

9. Жылы төсемдерді зақымданған мүше проекциясына, пациент денесіне салу.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттарды сақтау қағидалары

Сегіз сағаттық жұмыс күні кезінде күндізгі стационар, емшаралық кабинет, физиологиялық кабинет медициналық бикелерінің бір күндік жүктемесі (пациенттердің немесе орындалған емшаралардың саны) қандай болуы тиіс



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль