Құтыру профилактикасы

4
Құтыру профилактикасы
Құтыру профилактикасы
Кужабаева Гаухар Елеусизовна
автор журнала "Старшая медицинская сестра", руководитель отдела эпидемиологического надзора Управления охраны общественного здоровья Наурызбайского района г. Алматы
Мақалада құтырудан сақтандыру бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар ұсынылған.

Біздің тұрақты көршілеріміз  – бұл үй жануарлары  және жабайы жануарлар. Біреулерінен қорқамыз, көпшілігін шынайы жақсы көреміз. Алайда, өкінішке орай, олардың бәрі кез келген адамның денсаулығына жасырын қатер төндіреді.

Құтыру – бұл ерекше қауіпті жұқпалы ауру, ол орталық жүйке жүйесін (бұдан әрі – ОЖЖ) зақымдап, өлімге дейін жеткізеді. Құтыруды адамдар популяциясының арасында  жабайы және үй жануарлары таратады. Үйсіз иттер мен мысықтар ерекше қауіпті болып табылады. Ауру түлкілердің, ақтиіндердің, қасқырлардың арасында кең тараған.

Құтыру вирусы жануар сілекейінен мол бөлінеді. Тістеуден де, сондай-ақ сілекейдің тырналған жерлерге, жарақаттарға түсуінен де жұқтыруға болады.

Жануарлардағы құтырудың белгілері сілекей ағу, еліру жай-күйі болып табылады, алайда кейде керісінше болады, жануарлар тыныш, сенгіш, қолға оңай келетін болады.

Жануарлардың тістеуінен зардап шеккен тұлғаларға құтыруға қарсы антирабикалық егулер курсы (сұлба бойынша – шартсыз немесе шартты курс) және көрсетілімдер бойынша – антирабикалық иммуноглобулин тағайындалады. Бас пен қолдардың жарақаттары ерекше қауіпті. Тістеулер неғұрлым көбірек болса, жұқтыру тәуекелі соғұрлым жоғары болады.

Антирабикалық егулер құтырудан сақтандырудың бірден-бір құралы болып табылады. Егер жануарлардың тістеуінен зардап шегушіге антирабикалық көмек өз уақытында көрсетілмесе, онда бұдан кейін оған өкінішке орай, көмектесуге болмайды. Тістеген жануардың қожайыны мен оның мекенжайы белгілі болған жағдайда, жануарға 10 күн бойы бақылау орнату мақсатымен ветеринарлық дәрігерге жазбаша өтінішпен жүгіну қажет.

Назар аударыңыз! Емделуде жатқан тұлғаларға, сондай-ақ емделу аяқталғаннан кейін алты ай өткенде кез келген спирттік ішімдіктерді тұтынуға, шамадан тыс шаршап-шалдығуға, монша мен саунада болуға, қатты мұздауға қатаң тыйым салынады.

Мұны антиденелер жасап шығарудың төмендеуімен, иммунитеттің нашарлауымен түсіндіруге болады. Бұған қоса, егер науқас бір мезгілде иммунодепрессанттермен немесе кортикостероидтермен емдеуді алса, антиденелердің вирусқа қарағандағы деңгейін бақылау қажет. Олар жеткіліксіз мөлшерде өндірілген жағдайда, қосымша терапия қажет.

Әдетте адамдардың көпшілігі вакцина енгізілгеннен кейін ешқандай жанама әсерлерді бюастарынан өткізбейді, оған адам ағзасы жақсы көндігеді. Кейде болмашы  аллергиялық реакциялардың орын алуы мүмкін, бұл оқиғалардың  0,03 %-ынан аспайтын жағдайларында болып өтеді.

Құтыруға қарсы вакцина енгізу үшін қарсы көрсетілімдер жоқ, вакциналау науқас адам үшін өлімдік қатер төндіруге жағдай жасайды.

Жүкті әйелдерге, жіті патологиялары бар науқастарға да инъекциялар енгізуге жол беріледі.

                             Қай кезде вакциналаудың керегі жоқ:

  • жануар сілекейі келіп түскенде немесе ол біртұтас тері жабынына жанасқан кезде;
  • егер жануар адамды қалың тіні арқылы тістесе және ол зақымданбаса;
  • құс тұмсығымен немесе тырнағымен жарақаттану болып өткен кезде;
  • егер оларға вирустан егу жасалса және бір жылдың ішінде ауру белгілерін танытпаса, үй жағдайларында өмір сүретін жануарлар тістеген кезде.

Жарақат салған жануарды бақылау қажет, егер ол ауру белгілерін танытса, онда вакциналауды дереу бастаған жөн.

Жарақат салғаннан кейін егер жануар 10 тәулік бойы сау болып қалса, профилактиканы тоқтатады. Сондай-ақ егер жануар өлтірілсе, ал оның миынан құтыру вирусы табылмаса, үш вакцина жеткілікті.

Егер:

  • жануардың тағдыры белгісіз болса;
  • ол жабайы фауна өкілдерімен қарым-қатынаста болған болса, курс толықтай жүргізіледі.

                           Антирабикалық иммуноглобулин

Иммуноглобулинді пайдаланумен терапияны жарақат алғаннан кейін бір тәуліктің ішінде іске асыру қажет. Бұл мерзім мүмкін болатын жұқтырудан кейінгі үш күннен аспауы және үшінші вакцина енгізілгенге дейінгі уақыттан аспауы тиіс. Мөлшерлеме  20 МЕ/кг иммуноглобулинді құрайды.

Есептелген мөлшерлеменің бір жартысы  инъекциялық түрде зақымданған тіндердің айналасына енгізіледі (жараны ылғалдауға болады). Қалған бөлігін бұлшық етке  (санға  – оның жоғарғы үштен біріне немесе бөксеге) енгізеді.

Маңызды! Вакцина мен  иммуноглобулин бір шприцпен енгізілмейді!

Оларды егер:

  • тістелген жер терең, қан ағу байқалған;
  • тістелген жерлер көп болған;
  • жарақаттар қауіпті аймақтарға салынған жағдайларда үйлестіру мүмкін болады.

Құтыру  профилактикасы мақсатымен жануарлардың қожайындары ұстау ережелерін сақтауы, тіркеуі және оларға өз уақытында егулер жүргізулері тиіс.
1 кестеде құтыруға қарсы профилактикалық егулер алудың мерзімдері келтірілген.

        1 кесте

Құтыруға қарсы  профилактикалық егулер алу мерзімдері

Мерзімдер

0 күн

3-күн

7-күн

14-күн

30-күн

90-күн

Иммуноглобулинді алған күн

Келу күні

Алу күні (мөлшерлеме, серия, жарамдылық мерзімі)

                         

Назар аударыңыз! Егер адамды жануар тістесе, аумақтық жарақаттанушылық пункттеріне дереу жүгіну қажет. Олар Алматы қаласында мына жерлерде орналасқан:

  •  № 7 қалалық клиникалық ауруханада;
  • қалалық Орталық клиникалық ауруханада;
  •  № 4 қалалық клиникалық ауруханада;
  • Жедел медициналық жәрдем ауруханасында;
  • Балаларға шұғыл медициналық жәрдем беру орталығында (14 жасқа дейінгі балалар). 

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Кәсіптік жағынан жұқтыру тәуекелімен байланысты тұлғаларды құтыруға қарсы профилактикалық вакциналау қандай нормативтік құжатпен регламенттеледі

Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер жүргізу мерзімдері



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль