Сарапшылардың оқырмандар сұрақтарына жауаптары

5
Айдарда медициналық ұйымдардың басшыларында, сондай-ақ аға медициналық персоналда туындайтын және олардың өз кәсіптік қызметін тікелей жүзеге асыруына қатысты сұрақтарға сарапшылардың жауаптары жарияланады.

Бұл айдарда біз медициналық ұйымдардың басшыларында, сондай-ақ аға медициналық персоналда туындайтын және олардың өз кәсіптік қызметін тікелей жүзеге асыруына қатысты сұрақтарға сарапшылардың жауаптарын жариялаймыз. Сарапшылардың жауаптары заңнамаға өзекті сілтемелермен қатар беріледі.

? Лауазымды тұлға болып табылмайтын дәрігер пара алған жағдайда, бұл құқық бұзушылықты қандай бап бойынша бағалауға болады және дәрігер үшін жазалаудың қандай іс-шаралары көзделген?

Лауазымды тұлға болып табылмайтын дәрігердің ақшалай сыйақы алу әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі  – ҚР ҚК) 247 бабы бойынша бағаланатын болады.

ҚР ҚК-нің «Заңсыз сыйақы алу» 247-бабына сәйкес:

1. Мемлекеттiк органның не мемлекеттiк ұйымның мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамы болып табылмайтын жұмыскерiнiң немесе оған теңестiрiлген адамның, сол сияқты мемлекеттiк емес ұйымның басқару функцияларын орындамайтын жұмыскерiнiң өз мiндеттерi аясына кіретін жұмысты орындағаны немесе қызметтер көрсеткенi үшiн материалдық сыйақыны, жеңiлдiктердi немесе мүлiктiк сипатта көрсетiлетін қызметтерді заңсыз алуы – 300 айлық есептiк көрсеткiшке (бұдан әрі  – АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 240 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

2. Бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – 500 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 300 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 90 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, iрi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 2000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Егер сыйлықтың құны 5 АЕК аспаса, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамның өзінің міндетіне кіретін жұмыстарды бұрын орындағаны немесе қызметтер көрсеткені үшiн алдын ала уағдаластық болмаған кезде сыйлық ретінде материалдық сыйақы, жеңілдік немесе мүлiктiк сипаттағы қызметті алуы маңызы аз болуына байланысты қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды және ол тәртiптiк ретпен қудаланады.       

? МҰ-ның хатшысы келушілер МҰ басшысына кірген кезде олардың ұялы телефондарын алып алуға құқылы ма?           

Медициналық ұйым хатшысының әрекеті заңсыз болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бірқатар ұйымдарда келушілерден байланыс құралдарын алып алу мен рұқсаттамалық режим орнату тәртібі қатаң регламенттелген.

            Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы  № 1151 қаулысымен  «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді анықтау қағидалары» бекітілген.

Көрсетілген Қағидаларға сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзетілуге жататын объектілері үш негізгі санатқа бөлінеді:

  • ерекше маңызды  мемлекеттік объектілер;
  • стратегиялық  объектілер;
  • стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталы акцияларының (қатысу үлестерінің) бақылау пакетін мемлекет тікелей немесе жанама иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері.

 «Лаңкестікке қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес лаңкестікке қатысты осал объектілердің басшылары ақпараттық қауіпсіздік пен рұқсаттамалық режимді тиісті деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.

Бұған қоса, 1999 жылғы 15 наурыздағы  «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заң мен Үкіметтің 2000 жылғы 14 наурыздағы N 390-16с қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі Нұсқаулық» құпия жұмыстар жүргізетін ұйымдарда рұқсаттамалық және объектішілік режим белгілейді.

Нұсқаулыққа сәйкес, рұқсаттамалық режимнің мақсаты ұйым аумағына сыртқы бақылаудың жеке құралдарын, бейне, кино және фотоаппаратураны, есептеу техникасы құралдарын, радиотехникалық және басқа аппаратураны алып кіруді (алып шығуды) болғызбау болып табылады.

 Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, сондай-ақ жоғарыда келтірілген нормативтік құқықтық актілер талаптарын орындау мақсатында әрекет ете отырып, мемлекеттік органдар ведомстволық бұйрықтармен рұқсаттамалық және объектішілік режим туралы ережелерінде мемлекеттік қорғауға жататын объектілерге келушілердің байланыс құралдары мен ақпарат тасымалдау құралдарын арнаулы жәшікте (камерада) уақытша сақтауға тапсыруын бекітеді.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар.

Медициналық ұйымның заң кеңесшісіне аккредиттеуден өтуі үшін қандай құжаттар қажет

Егер пациент медициналық көмектен бас тарта отырып, жазбаша бас тартуды толтырғысы және оған қол қойғысы келмесе, не істеу керек?

Медициналық қызметтер көрсету тізбесінің кеңеюімен байланысты лицензияны қайта ресімдеу үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль