ЕПМ-де инфекциялық бақылау

4
ЕПМ-де инфекциялық бақылау
ЕПМ-де инфекциялық бақылау
Медициналық іс-әрекеттер стандарттары мен алгоритмдерін кім әзірлеуге тиіс? Олардың қандай түрлері бар және олар нені қамтуға тиіс? Сарапшының практикалық ұсынымдарын ұсынамыз.

Эпидемиологиялық қауіпсіз стандарттар мен медициналық көмектің алгоритмдері емдеу-профилактикалық мекемедегі (бұдан әрі – ЕПМ) инфекциялық бақылаудың тиімді бағдарламасы үшін қажеттілер болып табылады. Эпидемиологиялық қауіпсіздік ретінде қандай да бір іс-әрекетті жүргізу кезінде пациенттің, сондай-ақ іс-әрекетті орындаушы медициналық персоналдың жұқтыру тәуекелі мүлдем азайтылуы тиіс екендігі түсініледі.

    Стандарттар не стандартты басшылықтар емдеу және диагностикалық іс-шараларды орындаудың негізгі сәттерін анықтайды. Стандарт – бұл мүлтіксіз орындалуы тиіс талап. Алгоритм – бұл қандай да бір міндетті шешуге арналған, кезектілікпен орындалатын операциялар (белгілі бір ережелерге сәйкес) жүйесі. Іс-әрекеттерді орындау алгоритмдері инфекциялық бақылау стандарттарын сақтауды қамтамасыз ету мен ынталандыру үшін тиісті міндеттерді орындаудың ұсынылған, негізделген тәсілдерін белгілейді. Олар өздеріне белгілі бір іс-әрекеттер жиынын ғана емес, сондай-ақ олардың кезектілігін де қамтиды.

     Теориялық білім мен практикалық дағдыларға ие болу медициналық оқу орындарында оқыған кездің өзінде-ақ болып өтеді. Алайда оқыту кезінде негізінен емшараны жүргізу технологиясы ескеріліп, қандай да бір іс-әрекетті өткізудің эпидемиологиялық қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлінбейді. Мысалы, іс-әрекеттер алгоритмдерінің жинақтарында көптеген алгоритмдер  «асептика және  антисептика техникасын сақтай отырып …» деген сөздермен басталады. Бұл ретте бұл техниканы қандай нақты іс-әрекет кезінде сақтау керектігі нақтыланбайды.

Маңызды! Стандарттар мен алгоритмдерді әзірлеуді дұрыс ұйымдастыру үшін медициналық персоналды оқыту әдістерін жоспарлау және олардың жаңа міндеттерді орындауға дайындық деңгейін бағалауды жүргізу қажет.

    Қолданыстағы стандарттар мен алгоритмдерді мұқият талдау және қайта қарау тұрақты түрде әрбір 1-3 жылда өткізілуі тиіс. Қолданылатын кезеңінің өн бойында жауапты тұлғалар олардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырулары тиіс. Әрбір нақты жағдайда неғұрлым заманауи ғылыми мәліметтердің пайдаланылатынына, сондай-ақ іс-әрекеттер жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес орындалатындығына және олардың бұрынғыша бұл стационардың нақты жағдайларында практикалық мағынаға ие екендігіне сенімді болу қажет.

 Іс-әрекеттер алгоритмдері нақты емдеу мекемесі, көбінде бөлімше үшін бейімделген болулары тиіс, өйткені әртүрлі мекемелерде әртүрлі сәулеттік-жоспарлаушылық шешімдер, бөлімшеде жұмысты әртүрлі ұйымдастыру және т.б. болады.

Мысалы, бір бөлімшеде венаішілік инъекцияларды емшара кабинетінде, екінші бір бөлімшеде – палатада өткізу қабылданған.

Алгоритмдарді жасау кезінде мынадай талаптар ескеріледі:

  • Персонал терісінің, шырышты қабаттарының биологииялық субстраттармен (қан, жұлын сұйықтығы, бөліністермен және т.б.) контаминациялану тәуекелін төмендету.
  • Оны пайдалануға дейін медициналық аспаптың контаминациясы тәуекелін төмендету.
  • Пациенттердің айқас жұқтыру (пациенттен пациентке   контаминацияланған медициналық жабдық және іс-әрекетті орындаушы персонал арқылы) тәуекелін төмендету.
  • Ағзаның стерильді аймақтарына (қан жүру жүйесі, несеп шығару жүйесі және т.б.) микроағзалар түсу тәуекелін төмендету.
  • Алгоритмнің орындалушылығы.

Әдетте алгоритмдерді жасау және ендіру бірнеше кезеңмен өткізіледі. Алгоритмді жасаудың (қайта өңдеудің) алдында оны жүргізудің қолданылатын практикасын зерделеу қажет. Бұл іс-әрекетті тікелей бақылау немесе қандай да бір іс-әрекетті неғұрлым жиі орындайтын медициналық персоналға сауалдама жүргізу жолымен жасалуы мүмкін. Бұдан кейін қолданыстағы алгоритмді талдау жүргізіледі және оны қайта қарау қажеттігі туралы мәселе шешіледі. Алгоритм  эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын қанағаттандыратын, бірақ оны сақтаудың жиілігі жақсартуды қажет ететін жағдайларда оны орындау сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар әзірлеу қажет.

          I. Стандарттар мен алгоритмдерді кім жазуға тиіс?

Стандарттар мен алгоритмдерді жасауды, сондай-ақ оларды енгізуді жоспарлауды құрамына инфекциялық бақылау саласындағы сарапшы, әкімшілік өкілі, тиісті іс-әрекетті тікелей орындау күтіп тұрған медициналық персоналдың өкілі, қажет болған кезде дәрігер-клиникашы кіретін мамандар тобы жүзеге асыруы тиіс. Мұндай пәнаралық топты құру стандарттар мен алгоритмдерді әзірлеудегі міндетті сәт болып табылады. Стандарттар мен алгоритмдерді дәлелді ғылыми негіздеуді қамтамасыз ету үшін жұмысқа біліктілігі жоғары тәжірибелі клиникашыларды тарту қажет. Сондай-ақ, шешімдер қабылдау мен олардың орындалуына қол жеткізу билігіне ие тұлғаларды да қосу қажет. Топ құрамына тиісті іс-әрекеттерді тікелей орындау күтіп тұрған қызметкерлерді, мысалы посттық бикелерді және т.б. енгізу маңызды.

II. Стандарттар мен алгоритмдердің қандай түрлері керек?

Инфекциялық бақылаудың толыққанды бағдарламасы үшін керекті стандарттар мен алгоритмдердің саналуан түрлері бар. Стандарттар мен алгоритмдерді ерекше маңызды қызмет түрлері үшін; нақтылауды қажет ететіндер үшін; орындалу практикасы қарама-қайшылар үшін әзірлеген жөн.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 10-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Инфекциялық бақылау бағдарламасы өзіне нені қамтиды

Инфекциялық бақылау бойынша Бағдарлама. Мысал



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль