Денсаулық мектептері

11
Денсаулық мектептері
Денсаулық мектептері
Мақалада денсаулық мектептерінің қызмет етуі мен Алматы қ. «№ 24 қалалық емханасында» скринингтік бағдарламаларды жүргізу тәжірибесі келтіріледі.

БМСК ұйымдарындағы денсаулық мектептері

 Пациент пен медициналық қызметкердің өзара жауапкершілігі, дәрігер талаптарын адалдықпен сақтау және орындау қажет болатын кезде денсаулықты қолдау мен жақсарту мәдениеті, сондай-ақ өзінің  оңалтылу процесінің мүдделі және белсенді қатысушысы болу – бұл бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК) ұйымдарында Денсаулық  мектептерін қалыптастыру идеясының құрамдастары.  

Денсаулық мектебінде оқыту үшін контингент іріктеуді учаскелік дәрігерлер мен жалпы практика дәрігерлері скринингтік қарап-тексерулердің нәтижелері бойынша диспансерлік топқа жатқызылған тұлғалардың ішінен жүргізеді.

Денсаулық мектептерінің мақсаты мен міндеті ауру, тәуекел факторлары, пациенттердің өздері мен олардың айналасындағылардың (отбасы, жақындары)  белсенді өмірлік позициясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру болып табылады.

Алматы қаласы «№ 24 қалалық емханасында» олардағы сабақтарды медициналық бикелер мен акушерлер жүргізетін бірнеше Денсаулық мектебі қызмет етеді, атап айтқанда:

  • Аурулар дамуының мінез-құлықтық факторлары мектебі
    (1 сурет);
  • Дені сау бала кабинеті ( 2 сурет);
  • Жас ана мектебі (3 сурет);
  • Артериялық гипертония мектебі;
  • Қант диабеті мектебі;
  • Бронхалық демікпе мектебі және басқалар.

Маңызды! Денсаулық мектептерінің толыққанды және тиімді қызметін жүзеге асыру үшін құжаттаманы, оқу материалын сауатты дайындау, медперсоналды оқыту, мектептерге арналған кабинеттерді қажетті көрнекті және оқыту материалдарымен (ақпараттық стенділер, плакаттар, интербелсенді тақталар және басқалар) және мүлікпен жарақтандыру қажет.

Денсаулық мектептерінің құжаттамасы және жұмыс графигі:

  • Денсаулық мектебі туралы Ереже.
  • Денсаулық мектебінің тақырыптамалық жоспары.
  • Денсаулық мектебінің жұмыс графигі. Сабақтар жасалған график бойынша, аптасына 1 рет (100 минут) өткізіледі. Топтар  8–10 адамнан қалыптастырылады.
  • Лекциялық материал (слайдтар, әдебиет).
  • Денсаулық мектебі оқушысының күнделігі.

Лекцияларды дәрігер-терапевттер, тар бейінді мамандар әзірлейді, көптеген лекцияларда алғашқы дереккөздер  (теледидар, мерзімдік баспасөз) пайдаланылады.

Мектептердің мақсаты – пациенттердің уәждемесін арттыру және дәрігерлік ұсынымдарды орындауын жақсарту, емделуде, оңалту мен профилактикада дәрігермен әріптестік қатынастар қалыптастыру, сондай-ақ халықты салауатты өмір салты дағдыларына үйрету, профилактиканы насихаттау мен пациенттерде аурулар даму тәуекелінің мінез-құлықтық факторларын жою бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекеттерге қабілеттіліктерін қалыптастыруды жүргізу, олардың өз денсаулығына байланысты болатын мәселелердегі құзіреттілігін арттыру және өзіне-өзі көмектесу дағдыларына үйрету.

Денсаулық мектептері дұрыс тамақтану, гигиеналық тәрбие, қозғалыс белсенділігі, ширығуларды басқару, зиянды әдеттерден бас тарту негіздері бойынша білім береді, сондай-ақ пациенттерді күнделік жүргізуімен практикалық рәсімдерге үйретеді және денсаулық мектебінің медбикесі пациенттерді оқытудың нәтижелері бойынша мониторинг жүргізеді:

  • қандағы қантты өлшеу;
  • инсулин препараттарын енгізу;
  • артериялық қысымды өлшеу;
  •  пикфлоуметрия жүргізу;
  • нандық бірліктерді есептеу;
  • балаға күтім жасау;
  • емшек емізу ережелері;
  • аралас қоректендіру;
  • босануларға дайындық ережелері және басқалар.

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

БМСК деңгейіндегі медициналық көмек сапасын басқаруға заманауи тәсілдер

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық ғылыми орталығы құрылады



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль