text
MCFR.KZ Медицина

Жалпы практика медициналық бикесі/фельдшер жұмысының Стандарты

  • 14 ноября 2017
  • 39
эксперт ЭС «ACTUALIS: Медицина», автор журнала «Старшая медицинская сестра», консультант по СД Профессорской клиники КазНМУ им. С. Д. Асфендиярова, гл. внештатный специалист Управления здравоохранения г. Алматы
Жалпы практика медициналық бикесі/фельдшер жұмысының Стандарты
Жалпы практика медициналық бикесі/фельдшер жұмысының Стандарты

Стандарт жалпы практика медициналық бикесі/фельдшері іс-әрекеттерінің тәртібін белгілейді.

Жалпы практика медициналық бикесі/фельдшер іс-әрекеттерінің тәртібін регламенттейді.

1. Тағайындалуы

Бұл стандарт Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) нормативтік заң құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленген және жалпы практика медициналық бикесі/фельдшер іс-әрекеттерінің тәртібін регламенттейді.

2. Қолданылу саласы

Бұл  стандарт жалпы практика медициналық бикесі/фельдшер іс-әрекеттерінің тәртібін регламенттейді және профилактикалық, диагностикалық және емдеу процестерінде қолданылады.

3. Терминдер, анықтамалар мен қысқартулар

3.1. Терминдер, анықтамалар:

Анамнез – зерттеп-тексерілушінің өзінен және/немесе оны білетін тұлғалардан сұрастырып білу жолымен медициналық зерттеп-тексеру кезінде алынған мәліметтер жиынтығы. Анамнезді зерделеу, тұтастай алғанда сұрастырып білу сияқты, – сұрақтар мен оларға жауаптардың жай ғана тізбесі емес.

Диагностика мен емдеу хаттамасы – диагностика мен емдеу мақсатымен қарап-тексеру, зерттеу әдістемесін өткізу стандарттары.

Диспансерлік есепке алу – емдеу мекемелерінің аурулардың профилактикасы мен өз уақытында емдеу мақсатында жүзеге асыратын медициналық іс-шаралар жүйесі.

Профилактикалық қарап-тексеру – аурудан сақтандыру мен өз уақытында айқындауға бағытталған іс-шаралар кешені.

3.2. Қысқартулар:

ҚР ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

СМЖ – сапа менджменті жүйесі

СӨС – салауатты өмір салты

ЖПД – жалпы практика дәрігері

ОДО – отбасылық денсаулық орталығы

ТҚС – тыныс алу қозғалыстарының  саны

ЖЖС – жүрек жиырылуларының саны

АҚ – артериялық қысым

БЖАКЖ – балалар жасындағы ауруларды кіріктірілген жүргізу

ҰЖӘ – ұрықтылық  жасындағы әйелдер

ФГ – флюорография

ҚЖТ – қанның жалпы талдамасы

НЖТ – несептің жалпы талдамасы

СЕ – соңғы етеккірлер

ЭГП – экстрагенитальдық  патология

ҮС – үйдегі стационар

ДЗПП – Тұтынушылар құқықтарын қорғау  департаменті

ТҚС – тыныс алу қозғалыстарының саны

ЖЖС – жүрек жиырылуларының саны

АГ – артериялық гипертензия

ЖИА – жүректің ишемиялық ауруы

ҚД – қант  диабеті

4.    Жауапкершілік

 4.1.            Жалпы практика медициналық бикесінің жұмысы бойынша жауапкершілік бөлімше меңгерушісіне, бас дәрігердің орынбасарына, бас, аға медициналық бикелерге жүктеледі.

Стандарттың сипаттамасы

5.1. Жалпы практика медициналық бикесінің/фельдшердің (дәрігер көмекшісінің) пациентті бастапқы қабылдауды  жүргізу кезіндегі  іс-әрекеттер алгоритмі

Мақсаты:

Алдын ала  диагноз қою және пациентті сауығуға дейін (жай-күйінің диагнозға қатысты тұрақтануы)  алып жүру тактикасын белгілеу.

Жарақтандыру:

  • фонендоскоп;
  • тонометр;
  • ағаш төсекше;
  • термометр;
  • қалақша.

Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Пациентпен сәлемдесу.
  2. Пациентпен сенімгерлік қатынастар орнату.
  3. Пациентті қарап-тексеру  кабинетіне,  дәрігерге дейінгі кабинетке,  ФГ-зерттеп-тексеруге  (медбикеде) жіберу.
  4. Науқасты инвазивтік манипуляциялар, оталарды орындауға ақпараттандырылған келісіммен таныстыру және толтыруға беру. Шағымдарды жинауды жүргізу.
  5. Анамнез жинау (өмір сүру анамнезі, ауру анамнезі, жұқпалы аурулар кезінде – эпиданамнез, тұқымқуалаушылық, аллергологиялық анамнез, әйелдердегі гинекологиялық анамнез, оның ішінде ПМ).
  6. Пациенттің жалпы жай-күйін бағалауды, өзін-өзі сезінуін анықтау.
  7. Пациентті  объективті қарап-тексеруді жүргізу.
  8. Психологиялық-неврологиялық мәртебесін бағалау.
  9. Дене бітімі үлгісін бағалау.
  10.  Тері жабындары мен көзге көрінерлік шырышты қабықшаларды қарап шығу: тері жабындарының түсін, тургорын бағалау, ісіктердің бар екендігін анықтау.
  11.  Шеткергі лимфатикалық тораптарды, сүт бездерін саусақпен басып көру.
  12.  Тірек-қозғалыс аппаратының функцияларын бағалау (көзбен шолып қарап шығу, саусақпен басып байқау, буындардағы қозғалыстар көлемін анықтау).
  13.  Тыныс алу мүшелерін объективті зерттеу:
  • кеуде формасын, көмекші бұлшық еттердің тыныс алу актісіне қатысуын  анықтау;
  • таңдайды қарау;
  • ТҚС-н анықтау;
  • Өкпені саусақпен басып көруді (дыбыстық діріл), соғып көруді, шуылын анықтауды жүргізу.
  1.  Қан айналысы мүшелерін объективті зерттеу:
  • жүрек аймағын көзбен жолып, қарап шығуды жүргізу;
  •  АҚ, ЖЖС-н өлшеу;
  • жүрек пен тамырларға саусақпен басып көруді, соғып көруді, шуылын анықтауды жүргізу.
  1.  Ас қорыту мүшелерін объективті зерттеу:
  • ауыз қуысын (тістерді, тілді) қарап шығу;
  • қарын аймағын қарап шығу;
  • қарынға саусақпен басып көруді, соғып көруді, шуылын анықтауды  (оның ішінде Курлов бойынша бауыр мен көкбауыр мөлшерлерін анықтауды) жүргізу.
  1.  Несеп-жыныстық жүйе мүшелерін объективті зерттеу (көзбен шолып қарап шығу, бүйректер аймағын саусақпен басып көру, соғып көру).

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

ЖПД медициналық бикелерінің дербес жұмысын ұйымдастыру тәжірибесі

"Дәрігер өкілеттіліктерін медициналық бикеге беру. Медициналық бикелердің дербес қабылдауларын ұйымдастыру."

Медициналық бике жұмысындағы этика мен деонтология

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль