Зертханалық ыдысты дайындауға арналған өнімділігі жоғары шешімдер

4
Зертханалық ыдыс
Зертханалық ыдыс
Гаппарова Марина Петровна
эксперт ЭС “ACTUALIS“, автор журнала “Старшая медицинская сестра”, руководитель направления промышленного оборудования Miele, г. Алматы
Зертханалық ыдысты машиналық тәсілмен өңдеу уақыт, химиялық заттар мен адам ресурстарының шығындарын қысқартады.

 Шыны ыдысты дайындау кезінде машиналық жуу зертханалық зерттеулердің ажырамас бөлігіне айналды. Талдама тазалығы талдаушылық ыдысты өңдеу сапасымен тікелей байланысты болғандықтан, адам факторына байланыстылық туралы әңгіме де болмауы мүмкін.  Жуу өнімділігін қалай арттыру керек?- бірден-бір сұрақ болып қалады.

Уақытпен бірге адымдау үшін сапалы шешімдер және мамандардың күтулерін ақтауды ұсына отырып, жуу автоматтарын әзірлеушілер бір рет  жуу өнімділігін арттыру саласында үлкен жұмыс атқаруда. Жуудың бір циклі үшін зертханалық ыдыстың көп мөлшерін өңдеу міндеті өте өзекті болып табылады және заманауи жағдайларда қазірдің өзінде практикалық шешімін тапты.

Нарыққа себеттер құрылымының модульдік жүйесі бар автоматтардың шығарылуымен жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бұл тұжырымдама модульдердің мүмкін болатын комбинацияларының саналуандығы мен оларды қосудың қарапайымдылығының арқасында түйсіктік түсінікті басқарумен үйлесімде ең жоғары икемділікті қамтамасыз етеді. Комбинациялардың саналуандығы өз кезегінде, күнделікті пайдалануда автоматтарды пайдаланудың кең мүмкіндіктерін білдіреді. Ал қажетті жүктемелеу құрылғыларының санын азайту жабдықтың құнын төмендетуге және машинаны неғұрлым ықшам етуге мүмкіндік береді.

Инжекторлық арбалардан инжекторлық модульдерге көшу  пайдаланушылардың қарамағына модульдердің 17 түрінен 71-ге дейін комбинация құру (бұрынырақта 19 арба бар болған кезде зертханалық ыдысты жүктемелеудің 11 мүмкіндігі) және бір циклде инжекторлау әдісін қолданумен 128 шыны ыдысқа дейін өңдеу мүмкіндігін ұсынды. Машиналардың жинақылығы мен олардың бағасы бойынша қолжетімді екендігін ескерсек, бұл бұрын-соңды болмаған табыс!

           Икемділік сондай-ақ, зауыттық бағдарламалардың кең таңдауынан бөлек, клиенттің оны өңдеу кезінде ыдыстың ластану дәрежесін, түрі мен санын оңтайлы есепке алуы үшін жеке бағдарламаларды пайдаланудың көзделуімен де қамтамасыз етіледі (1 сурет).

Барлығын рет-ретімен талқылайық. Зертханалық шыныны дайындау міндетін қою процесінде мынаны ескерген маңызды:

  • зертханада қандай ыдыс пайдаланылады;
  • ол қандай материалдардан жасалған;
  • мұның алдындағы зертханалық зерттеулер өнімдерінің қалдықтарын кетіру және бейтараптандыру үшін қандай химиялық заттарды қолдану керек.

Назар аударыңыз! Мұның алдындағы тәжірибелер нәтижелерінің бұдан кейінгі зерттеулерге әсер етуіне жол беруге болмайды.

Бұл міндетті шешу үшін бастапқы жағдайлардың өте кең нұсқалары болатындықтан, ыдысты өңдеу үшін жабдықтарды іріктеу, оны толымдауыштарды (модульдер мен қондырмаларды), жуушы затты, жуу бағдарламаларын және су сапасын  оңтайлы іріктеу процесінде мынадай аспектілерді айқындап алу қажет.

Қолданылу саласы:

  • органикалық химия;
  • бейорганикалық химия;
  • физикалық химия;
  • биология;
  • микробиология;
  •  медициналық мекемелердегі зертханалық зерттеулер;
  • фармакологиядағы зертханалық зерттеулер;
  • тағам өнеркәсібіндегі зертханалық зерттеулер;
  • косметикалық өнеркәсіптегі зертханалық зерттеулер.

Шынылардың жіктемесі:

  • ыдыстар – химиялық стакандар, түбі дөңгелек және жалпақ колбалар, үлкен бөтелкелер, сынауықтар, бөлуші құйғылар;
  • өлшемдік ыдыстар – өлшемдік  цилиндрлер, өлшемдік колбалар, тамшуырлар, вискозиметрлер;
  • тостағандар –  Петри тостағандары, келішелер, сағат шынылары;
  • ұсақ бөлшектер – тығыншалар, қалақшалар, қақпақтар;
  • материал – шыны, керамика, таттанбайтын болат, резеңке, пластик, алюминий.

Бүкіл ыдыс сондай-ақ, мөлшерлері немесе көлемі (1 мл, 500 мл, 10.000 мл) және саны бойынша да жіктеледі. Ыдыс құрамын дәл сипаттау бойынша жуу машиналарын толымдауға егжей-тегжейлі талаптар әзірленуі мүмкін.

Бұйымдардың геометриясы:

  • формасы – цилиндр, дөңгелек;
  • мойын диаметрі мен тұрқының  диаметрі;
  • мойын диаметрінің тұрқы диаметріне арақатынасы;
  • биіктігі/ұзындығы;
  • мойын диаметрінің биіктігіне арақатынасы (2 сурет).

Толығырақ "Аға медбике" журналының 2017жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Оны инфекциялық науқастар пайдаланғаннан кейін ыдыс өңдеудің технологиясы

Зертханалық ыдысты машиналық жуу үшін жуушы зат қалай таңдап алынады

Машиналық жуу бағдарламасын қалай таңдау керек



Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль