ОСБ медициналық бикесінің лауазымдық нұсқаулығы

8
Зацепилова Галина Сергеевна
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, специалист по санитарно-эпидемиологическому контролю АО «Национальный центр нейрохирургии», г. Астана
Мақалада орталық стерильдендіру бөлімшесі медициналық бикесінің қолдануға дайын лауазымдық нұсқаулығының үлгісі ұсынылған.

Орталық стерильдендіру бөлімшесінің медициналық бикесі лауазымдық нұсқаулығының бұл үлгісі Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес әзірленген және  осыған ұқсас бейіндегі кез келген медициналық ұйымда қолданылуы мүмкін.

Код:

Аталуы:

Медициналық бикенің лауазымдық нұсқаулығы

Құрылымдық бөлімше:

Орталық стерильдендіру бөлімшесі

Бекітілді:

Әзірлеуші:

Лауазымы

Т.А.Ә.

қолы

Бөлімше меңгерушісі

Келісілді:

Бикелік іс жөніндегі директор 

Пациент қауіпсіздігі және сапа менеджменті бөлімінің бастығы

 ППО «НҰО» кәсіподақ комитетінің төрағасы

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Адам ресурстары және кадрлық қызмет бөлімінің бастығы.

Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық  инспектор

 №   нұсқа

№_____  көшірме        _______/   _______/

                                                                         қолы           ТӘА

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

         1.1. Бұл лауазымдық нұсқаулық медициналық ұйымның (бұдан әрі – МҰ) орталық стерильдендіру бөлімшесі медициналық бикесінің (бұдан әрі – ОСБ медбикесі) қызметіне қойылатын талаптарды белгілейді.

        1.2. ОСБ медбикесі лауазымын тағайындаудың мақсаты оның барлық өндірістік қызметті білуі мен сапалы орындауы болып табылады, атап айтқанда:

  • ОСБ-не медициналық бұйымдарды дұрыс қабылдау және оларды өңдеу ағындары бойынша сұрыптау;
  • бастапқы тазарту, стерильдендіру алдындағы тазарту технологиясы, медициналық бұйымдарды стерильдендірудің алдындағы тазарту сапасына бақылау сынамаларын жүргізу дағдыларын меңгеру;
  • барлық материал мен медициналық мақсаттағы аспаптарды  қаптамалауды, толымдауды және стерильдендіруді дұрыс жүргізу;
  • бөлімшелерге стерильді бұйымдарды сауатты бөлу және өз уақытында бөлу.  

        1.3 ОСБ медбикесі лауазымына тағайындау және одан босату ОСБ меңгерушісінің және бикелік іс жөніндегі директордың келісімімен басқарма төрағасы орынбасарының бұйрығымен жүргізіледі.

         1.4. ОСБ медбикесі тікелей аға медбикеге бағынады.

         1.5. ОСБ медбикесі уақытша жоқ болған кезеңде (іссапар, еңбек демалысы, ауыру және басқа) оның міндеттерін ОСБ-нің басқа медбикесі жұмыс уақытын есепке алу графигіне сәйкес орындайды.

          1.6. ОСБ медбикесі өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарын, МҰ стратегиясын, жарғысы мен регламентін, МҰ басқармасы төрағасының бұйрықтары мен өкімдерін, ұлттық және халықаралық аккредиттеу стандарттарының ережелері мен талаптарын, сондай-ақ осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.7. Аға медбике лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

  •  жоғары немесе орта арнаулы медициналық білім;
  •  санат берумен немесе берусіз маман сертификатының, сондай-ақ дезинфекциялық-стерильдендіру режимі бойынша мамандандырудан өткені туралы  сертификатының бар болуы;
  •  қысымы бар аппаратпен (бу стерильдендірушімен) жұмыс істеуге рұқсатының бар болуы.

2.  ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ

          ОСБ медициналық бикесі міндетті:

        2.1. Стерильдендіру алдындағы өңдеу мен стерильдендіру технологиялық процесінің барлық өндірістік операцияларын жетік меңгеруге, ОСБ жұмысының ерекшелігін білуге:

  •  клиникалық-диагностикалық бөлімшелерден медициналық бұйымдарды стерильдендіруге қатаң түрде қабылдауға; 
  •  хирургиялық аспаптар маен медициналық мақсаттағы басқа да бұйымдардың толымдалғандығын тексеруге, оларға  бракераж жүргізу мен өңдеу ағындары бойынша бөлуге;
  • қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес медициналық бұйымдарды бастапқы тазарту, стерильдендіру алдындағы өңдеуді жүргізуге;
  • жасырын қан мен жуушы заттардың қалдықтарын бақылау үшін азопирамалық реактивтің көмегімен сынамалар қою жолымен медициналық бұйымдардың әрбір партиясын стерильдендіру алдында тазарту сапасына бақылау жүргізуге;
  • стерильдендіру алдындағы өңдеу және стерильдендіру алдындағы тазарту сапасын бақылауды жүргізгеннен кейін   хирургиялық аспаптар мен басқа да бұйымдардың жиындарын толымдауды, оларды қаптамалау мен стерильдендіруге дайындауды жүзеге асыруға;
  • медбике аспаптық жиындарды қаптамалаудың алдында әрбір жиынға стерильдендіру индикаторын (химиялық индикатор) салуға, әрбір қаптамада стерильдеу күні мен жарамдылық мерзімін көрсетуге тиіс.

    2.2. Стерильдендіруді жүргізу кезінде қоса берілетін басшылық пен олармен жұмыс істеу нұсқаулығына сәйкес, бу стерильдендірушілерін пайдалану режимі мен талаптарын қатаң сақтауға; бұл ретте ережелерді сақтай отырып, стерильдеу жабдықтарының оңтайлы жүктемесін жүзеге асыруға...

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2017 жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Сондай-ақ «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ-нен оқыңыздар: 

Медициналық ұйымдағы лауазымдық нұсқаулық

Бас медициналық бикенің ЛАУАЗЫМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫ



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль