Стационар жағдайларында медикаменттерді инновациялық басқару

2
Стационар жағдайларында медикаменттерді инновациялық басқару
Стационар жағдайларында медикаменттерді инновациялық басқару
Стационарда медикаменттерді сауатты басқару – госпитальдық фармацияның негізгі мақсаты.

Госпитальдық фармация – бұл емдеудің фармацевтикалық және клиникалық аспектілерін дәрілік препараттармен байланыстыратын интегралды векторлық-қолданбалы ғылым.

Госпитальдық фармацияның негізгі мақсаттары  медициналық ұйымдарда медикаменттерді жүйеленген, қауіпсіз, ұтымды және тиімді пайдалануды жасау, сондай-ақ бұл процесті оңтайлы басқару болып табылады.

Госпитальдық фармация бөлімінің (бұдан әрі – ГФБ) өте маңызды аспектісі дәрілік заттарды антисептикалық орта жағдайларында дайындау болып табылады, мұндай ортаны құру дәрілік препараттарды дайындау үшін лайықты жабдықтар мен антисептикалық жағдайлардың  жоқтығы сияқты себептерге байланысты, әрқашан мүмкін бола бермейді. Бұған қоса, медициналық ұйымда клиникалық фармацияның жеке секторы болуының орасан артықшылығы мекемедегі медикаменттер айналысын басқарудың айқын жүйеленуінің орын алуы болып табылады.

Сондай-ақ ГФБ-нің өмір сүруі  мен тиімді қызмет етуінің елеулі  қажеттігіне медициналық тағайындауларға тұрақты талдама жүргізу және қажеттігіне қарай емдеуді тағайындаған дәрігермен бірге қолайсыз салдарларға әкелуі мүмкін медициналық қателіктер мен жаңсақтықтарды түзетімдеу жүргізу фактісі жағдай жасайтынын атап өту керек.

Бұл пациент қажеттіліктерін барынша қанағаттандырумен медикаменттік терапияны тиімді және қауіпсіз пайдалануда өте маңызды аспект болып табылады.

Госпитальдық  фармация бөлімін сипаттау

«Нейрохирургия Ұлттық орталығы»  АҚ (бұдан әрі  – Орталық) бұрынғы кеңестік кеңістіктегі госпитальдық фармация бөлімі ашылған алғашқы клиникалардың бірі болып табылады.

ГФБ-нде пациенттерге дәрілік заттарды (бұдан әрі – ДЗ) орталықтандырылған дайындау мен дербестендірілген тарату жүргізіледі (1 сұлба).

                             Бүгінгі күні біздің қолымызда не бар

 ДЗ негізгі топтарын орталықтандырылған дайындау мен тарату:

  • антибактериялық препараттар;
  • гипотензивті ДЗ;
  • ілеспелі терапия (ауыруды басатын, құсуға қарсы, гармоналдық ДЗ);
  •  таблеткаланған дәрілік нысандар мен  суппозиторийлерді бөлу;
  • сұйық дәрілік нысандарды  (суспензиялар, сироптар) құю.

ОГФБ жұмысының артықшылықтары:

  • ламинарлық шкафтарды пайдалану медициналық персоналдың қауіпсіздігін арттырады және жұмыс үшін асептикалық жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
  •  пациенттер үшін тәуекел азаяды;
  • арнайы оқытылған персонал;
  • бақылаудың қос деңгейі, ол мөлшерлемені есептеу кезінде де, сондай-ақ препаратты дайындау кезінде де қателіктер туындау мүмкіндігін болғызбайды;
  • орталықтандырылған дайындау қоғам үшін фармакологиялық терапияны жүргізу құнын (фармакоэкономикалық әсер) төмендетуге әкеледі (2 сұлба).

ГФБ мақсаттары:                  

  1. Қауіпсіздік: ДЗ дайындау процесінде мөлшерлемені қайта есептеу, еріткішті таңдау кезінде барынша мұқият болу, ДЗ дайындаудың асептикалық техникасының барлық ережелері мен рәсімдерін ұстану.
  2. Тиімділік: ДЗ-ды өз уақытында дайындау және сапалы дайындалған ДЗ беру; шұғыл тағайындаулар кезіндегі оперативтік іс-әрекеттер; жұмыстың барлық аспектілеріндегі командалық жұмыс.
  3. Ұтымдылық: ДЗ-ды ұтымды пайдалану және фармакоэкономика. Орталықтандырылған дайындау Орталық үшін тұтастай алғанда дәрілік терапияны, антибиотиктік терапия мен парентеральды тамақтандыруды жүргізудің құнын төмендетуге  (фармакологиялық-экономикалық әсер) әкеледі.

ГФБ міндеттері:

  • барлық дәрігерлік тағайындауларды бағалау;
  • ДЗ-ды орталықтандырылған дайындау және пациенттерге тәулік бойы беру;
  • дәрілік терапия әсерлерінің, оның ішінде жанама әсерлерінің мониторингі;
  • ДЗ қозғалысы бойынша есепке алу мен есептілік;
  • Фармакологиялық терапияның таңдауы бойынша дәрігерлердің  (клиникалық фармаколог/фармацевт) консультациялары.

ГФБ-нің ашылуына байланысты  стационарлық бөлімшелердің функционалы ГФБ-не өтті, атап айтқанда: ДЗ-дың барлық топтарын дәріханадан бөлімшеге алу, мөлшерлемелерді, уақытты, дүркіндік пен енгізу жолын есептеу, ДЗ-дың барлық топтарын әзірлеу, ДЗ-дың бірреттік жүйелерін толықтыру, таблеткаланған нысандарды қою, сироптарды, тамшыларды құю, ДЗ-ды өз уақытында жазып беруді жүзеге асыру, ДЗ айналысының есебін жүргізу, ДЗ мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың (бұдан әрі – ММБ) жарамдылық мерзімдеріне мониторинг.

2017 жылдың мамыр айынан бастап  ГФБ-де арнайы оқытылған қызметкерлер жұмыс істейді.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, медициналық бикелердің негізгі міндеті пациенттерге күтім жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан ГФБ-де Орталықта қосымша фармацевтикалық оқытудан өткен, медициналық білімі бар мамандар жұмыс істейді. Олардың медициналық бикелер дағдылары мен өтілі сақталады, ГФБ қызметкерлері бикелік функционалдан бөлек, фармацевтикалық тәжірибе  ( «2-еуі  1-еуінде» әсері) алады.

Дәрілік заттармен жұмыс процесі

ГФБ жұмысының мақсаты ДЗ айналысының тиімділігін арттыру және стандарттау болып табылады. ДЗ әзірлеудің әрбір кезеңінде сапаны басқару үшін бөлім бастығы жауапкершілікте болады. ДЗ әзірлеу тікелей тұтынудың алдында, асептикалық жағдайларда өткізіледі. Дайындалған ерітінділерді сақтау мерзімдері мен жағдайларын ескере отырып, кейінге қалдыру оқиғаларына тек медициналық көрсетілімдер бойынша ғана жол беріледі. ДЗ кәсіптік стандарттар мен өндірушінің нұсқаулығына сәйкес сақталады, мерзімі өткеннен кейін Орталықтың мерзімі өтіп кеткен ДЗ-ды кәдеге жарату жөніндегі ережелеріне сәйкес,  жойылады.

ДЗ әзірлеуге арналған үй-жайға қойылатын талаптар

ГФБ-нде ДЗ әзірлеуге арналған кабинеттің керек-жарақтарына:

  • стерильді шприцтерді сақтауға арналған бөлімшесі бар, ерітінділер дайындауға арналған үстел...

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2017 жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Сондай-ақ «ACTUALIS: Медицина» ЭЖ-нен оқыңыздар: 

КФБ-нде антимикробты дәрілік заттармен жұмыс істеу ережелері

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қауіпсіздігіне мониторинг қалай жүзеге асырылады



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль