Медициналық бике мен пациенттің психологиялық қарым-қатынасы

16
қарым-қатынасы
қарым-қатынасы
Ригибаев Владимир Федорович
кандидат медицинских наук, доцент
Бикелік процесс ол пациентпен болашақ қатынастардың негізін қалайтын бірінші кездесуден басталады және де оны қателіктерсіз өткізу психологиялық жағынан маңызды.

             Психологиялық қарым-қатынасты құру

Бикелік процесс пациентпен бірінші кездесуден басталады, ол ерекше маңызды. Ол болашақ қатынастардың негізін қалайды және оны қателіктерсіз өткізу психологиялық жағынан маңызды.

Бірінші кездесу жақсы дайындалған және ойластырылған болуы тиіс, өйткені диагностикалық маңызға ие болып қана қоймай, сондай-ақ психотерапевтикалық фактор ретінде де маңызды. Пациент осы жердің өзінде өзіне деген ыждаһатты көзқарас пен өзіне шынайы көмектесу ниетін көруі және байқауы тиіс.

 Пациентті тыңдай білу (!) және ол үшін ненің ең басты нәрсе болып табылатындығын белгілеу маңызды,  бұл сіздерге кейінірек бастапқы психологиялық бикелік диагноз қою үшін қажет болады.

Өзі туралы әңгімелеуге ынталандыру мақсатымен сұрақтар қоюда дауыстың талап етушілік сарынынан және шағымдарды жоққа шығарудан қашқақтаған жөн. Медициналық қызметкерге пациентке жүгінудің әмбебап ережелерін ұсынудың қиын екендігі сөзсіз. Медициналық бикенің кәсіптік қызметінің ерекшелік белгісі қаныққан психологиялық ая болып табылады.

Әрбір нақты жағдайда медициналық бике пациенттің жай-күйіне, оның қарым-қатынасқа дайындығы мен оның кәсіптік тәжірибесіне қарай, неғұрлым қолайлы тәсілді таңдап алады.

                    Белсенді тыңдау техникалары

Белсенді тыңдау – бұл оның өміріне саналуандық элементін енгізу мақсатымен пациентпен жай ғана әңгімелесу ғана емес. Әлеуметтік психологияда бағалаумен  және бағаламай тыңдау бөліп көрсетіледі.

Медиктер бағаламай тыңдауды бағалайды. Неліктен? Бұған негіздемелердің бар екендігі айқын, алайда өзіміз талқылап көруге тырысайық.

                              Бағалаусыз тыңдау

Бағалаусыз тыңдаудың міндетті шарты  – мүдделілік. Бұл коммуникативтік процестегі басты нәрсе үндемеу, пациент хабарламаларын қайталау, мақұлдау шеберлігі болып есептеледі. Пациент сезінген нәрсені эмпатиялық түсінуді көрсетуге болады. Мынадай:  «Сол кезде сіздің көңіл-күйіңіз бұзылған шығар», «Сізге қаншама нәрсені басыңыздан өткізуге тура келген» және т.б. сияқты стандартты сөйлемдерді қолдану. Алайда әңгімені осыған ұқсас психологиялық үлгілермен аса жүктемелеуге болмайды, өйткені аса жоғары сезіну – бұл сезімсіздіктің көрінісі.

Пациент айтып отырған нәрсені бірдей түсіну үшін сұхбатты күшейту тәсілдерін пайдалануға болады: «Тәңір жарылқасын, жалғастыра беріңіз, бұл өте маңызды…».

Психологиялық проблемаларды көруге пациент сөзіндегі ширығушылық симптомдары көмектеседі, олар сөйлеу екпінінің өзгеруінен, үзілістердің, паразит сөздердің (егер олар бұрынырақта болмаса), таптаурындардың, иронияның  пайда болуынан көрінеді. Юмордан айырмашылығы, ирония психологиялық қолайсыздықты көбірек әйгілейді.

Психологиялық қолайсыздықтың белгісі пациенттің кейбір сұрақтарға жауап беруден жалтаруға немесе жалпы сөйлемдермен жауап беруге ұмтылуы болып табылады. Қорғаныстық мінез-құлықты танып-білу бұдан кейінгі бикелік күтім жасауды жүзеге асыру үшін маңызды.  Мұның бәрін  оны ешбір бағалауларсыз тыңдай отырып, пациент өз пікірін барынша толық білдірген кезде аңғаруға болады.

                                 Баға берумен тыңдау

Бағалаумен тыңдау оны пеациенттің өзі қалаған кезде,  мақсатқа лайық болады. Медициналық қызметкер ауру барысын, талдамалар нәтижелерін талқылау кезінде күн сайын дерлік оны өткізуге мәжбүрлік ниетіне байланысты емес, бағалаумен тыңдау қажеттігіне жолығады, өйткені пациент оның ағымдағы оқиғаларға кәсіптік бағалауын күтеді.

Тыңдауды оңды бағалаудан бастаған жөн, өйткені тұрақсыз көңіл-күйі бар пациенттер жағымсыз бағалауларды жақсы есте сақтап, оларды бірінші орынға қояды:

– Сіздің бұл талдаманы жасауға келіскеніңіз қандай жақсы болды. Енді қараңызшы, біз …

Әңгімелесуді науқасқа қатысты қандай да бір нәрсені жағымсыз бағалаумен бастаудың және аяқтаудың қажеті жоқ. Әңгімелесудің бұл өткір тұстарын оларға баса назар аудармай, әдептілікпен айналып өту керек. Олар бағаланусыз, «қалықтап» қалатындай болсын:

Қателіктерге жол бермеу үшін бұл нәтижелерді әзірше бағаламай-ақ қояйық. Объективті талдама үшін, тағы да бір  консультация қажет болатын шығар

Науқаста эмоциялық бағалаушы тыңдау кезінде көбінде көз жасы немесе ашу-ыза, немесе агрессияның пайда болуы мүмкін. Бұл көріністер әңгімелесуде өзін айқындаған психологиялық проблемаларды айғақтайды. Және де олардың ауру дамуында белгілі бір рөл атқарғанын болжамдауға болады. Мұндай жауап әрекеттерге қарамастан, пациентке пікірін толықтай білдіруге мүмкіндік беру қажет, өйткені әдетте эмоциялық  «бұзып өтулер» оның психологиялық жай-күйін айтарлықтай жеңілдетеді.

Маңызды! Оқиғаларға баға берулер өз негізінде сындарлы және тілектестік сипатқа ие болулары тиіс.

Бағалаумен тыңдау – бұл  пациентпен құрылымдалған әңгімелесу, оның барысында мынадай сұрақтарға жауаптар алу қажет:

  • Не істеу жоспарланды?
  • Жоспарланғаннан не істелді?
  • Не істелмеді және неліктен?
  • Пациент бұдан кейін не істеуге және кімнің көмегімен істеуге тиіс екендігі туралы жоспарлар қандай?

Толығырақ  «Аға медбике»  журналының 2017 жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Читайте также в ЭС «ACTUALIS: Медицина»: 

Пациентпен жұмыстағы әңгімелесу бикелік бастапқы психологиялық диагноз қою элементі ретінде

Медициналық бике жұмысындағы этика мен деонтология

Орта буын медициналық қызметкердің кәсіптік қызметіндегі қарым-қатынас



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль