«Құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісім» СОР

4
Құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісім
Құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісім
Абзалиев Куат Баяндыевич
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Руководитель медицинской организации”, д. м. н., профессор, независимый аккредитованный эксперт, г. Алматы
Мақалада «Құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісім» СОР ұсынылған, оны кез келген бейіндегі медициналық ұйымда үлгі ретінде пайдалануға болады.

Мақалада мамандардың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірлеген «Құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісім» стандартты операциялық рәсім (бұдан әрі – СОР) ұсынылған. СОР-ді Қазақстан медиуиналық ұйымдарының практикалық қызметінде үлгі ретінде қолдануға болады.

Үлгі

Жергілікті этикалық комиссия

 (Медициналық ұйымның аталуы)

Стандартты  операциялық рәсімдер

«Құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісім»

№ СОР/003

 1.0 нұсқасы

Жарияланған күні:

Мақсаты: Жергілікті этикалық комиссияның (бұдан әрі – ЖЭК) жұмысы кезінде құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісімнің нысанын, шарттары мен жасасу процесін белгілеу.
Қолданылу саласы: СОР ЖЭК жұмысына қатысты құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісімдерге қол қою үшін қолданылады.
Жауапкершілік: ЖЭК мүшелерінің бәрі зерттеулерге қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатымен құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісімге міндетті түрде қол қоюлары тиіс. Келісімге қол қойылу фактісі үшін ЖЭК жауапты хатшысы/хатшылық мүшелері жауапкершілікте болады. ЖЭК-ның құжаттамасымен немесе зерттеу бойынша құжаттамамен танысуға жіберілген жаңа мүшелер, сарапшылар, тәуелсіз консультанттар, зерттеуші мен демеушінің өкілдері, инспекторлар мен басқа да тұлғалар өздері жұмысқа кірісуге дейін құпиялылық/мүдделер қақтығысы туралы келісім нысанын оқып шығуға, түсінуге, қабылдауға және қол қоюға міндетті.

Жаңадан қабылданған мүшелер келісім нысанының екі данасын алады. Сұрақтар бар болған кезде хатшылыққа жүгіну қажет, ол құжат мазмұны бойынша түсініктемелер береді. ЖЭК мүшелері келісімнің екі данасына да қол қоюлары және қол қою үшін жауапты хатшыға қайтаруы қажет. Қол қойылған екінші данасы қол қоюшыда ресми құжат ретінде сақталады. Келісімдердің қол қойылған көшірмелері ЖЭК-ның тиісті қағаз бумасында сақталады. Қағаз бумалары ЖЭК мұрағатында сақталады, оған шекті тұлғаларда ғана қолжетімділік болады. 

Глоссарий

Құпиялылық

Ақпаратты жарияламау

Құпиялылық туралы келісім

Бұл ақпаратты иеленген тұлғалардың құпияны, ақпарат пен сараптаманы әйгілемеуі мақсатында жасалған келісім

Мүдделер қақтығысы

Зерттеу міндеттеріне немесе ЖЭК мүшелерінің міндеттемелеріне ықпал етуі мүмкін, жеке мүдде немесе жеке тұлғаның мүддесі қатысатын жағдаят.

1 қосымша

 Құпиялылық және мүдделер қақтығысы туралы келісім

Бұдан әрі «Төменде қол қоюшы» деп аталатын,  (Т.А.Ә., лауазымы)____________________________, этика жөніндегі Комиссияның  (бұдан әрі ЭК) мүшесі ретінде осымен адамның қатысуымен ғылыми зерттеулерді бағалауды халықаралық және ұлттық нормативтік және құқықтық актілермен белгіленген адамгершілік қағидаттар мен этикалық нормаларға және медициналық көмек көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес жүргізуге және осы Келісімнің талаптарын сақтауға  міндеттенемін.

Келісім талаптары:

Сіз қандай да бір қауымдастықтың өкілі және қандай да болмасын ұйымның немесе өз мүдделерін қорғаушы ретінде емес, жеке тұлға ретінде Комиссия мүшесі болып тағайындалдыңыз. Сіздің негізгі міндетіңіз – адамның қатысуымен зерттеудің этикалық, сондай-ақ ғылыми аспектілеріне тәуелсіз сараптама жүргізу, ЭК қызметінің мақсаттарына орай, шешім қабылдау және барынша объективті ұсынымдар беру.

ЭК қызметі зерттеуге қатысушылардың құқықтары мен есендігін қорғай отырып, қоғамдастықтың сенімін ақтау үшін ең жоғарғы этикалық стандарттарға сәйкес келуі тиіс. ЭК мүшесі ретінде сізден өз міндеттерін орындай отырып, сіз жоғары этикалық стандарттарға сәйкес келетініңіз күтіледі.

Бұл келісім құпия болып есептелетін,  немесе Төменде қол қоюшыға ЭК мүшесінің міндеттерімен бірге сеніп тапсырылған жеке меншікке қатысты кез келген ақпаратқа қолданылады. Төменде қол қоюшыға сеніп тапсырылған және құпия, жеке және қол сұғылмайтын  болып табылатын барлық жазбаша ақпарат тиісінше анықталған болуы тиіс.

 Төменде қол қоюшы құпиялылықты, өзіне сеніп тапсырылған өндірістік және коммерциялық құпияны сақтауға («құпия ақпаратты» әйгілемеуге) міндеттенеді және оны ұйғарылған мақсаттардан  өзге мақсаттарға пайдаланбайтынына, сондай-ақ оны қандай да болмасын үшінші тарапқа ашпайтынына уәде береді.

Сараптама үшін берілген жазбаша құпия ақпарат көшірілмейді және мәміле мәніне айналмайды. Сараптама үшін ұсынылған барлық құпия ақпарат (барлық даналары мен жазбалар) тек қана ЭК меншігі болып қалуға тиіс. 

Осы келісімді орындау үшін Төменде қол қоюшы үшінші тарапқа тиісті қандай да бір ақпаратты тікелей немесе жанама түрде ашпауға және пайдаланбауға міндеттенеді. Бұған қоса, Төменде қол қоюшы осы келісімді орындау үшін өзінің іс-әрекеттері ЭК құрылған жердегі медициналық ұйымның саясатына қарама-қайшы келмейтінін растайды.

Толығырақ  «Медицина ұйымының басшысы» журналының 2017 жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Читайте также в ЭС «ACTUALIS: Медицина»: 

Медициналық бике жұмысындағы этика мен деонтология

СОШ: Этика бойынша ережелер жасау тәртібі



Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Живое общение с редакцией






© 2007–2017  «Медицина  МЦФЭР - Казахстан» 

Все права защищены. Полное или частичное копирование любых материалов сайта возможно только с письменного разрешения редакции  «Медицина МЦФЭР - Казахстан». Нарушение авторских прав влечет за собой ответственность в соответствии с законодательством РК.

По вопросам подписки обращайтесь:        +7 (727) 323-62-12/13

По вопросам клиентской поддержки:         +7 (727) 237-77-04



  • Мы в соцсетях
Сайт предназначен для работников сферы медицины

Чтобы продолжить чтение, пожалуйста 
зарегистрируйтесь.
Это бесплатно и займет всего минуту, а вы получите:
  • доступ к 1 500+ полезным статьям
  • 1 500+ актуальных ответов от ведущих экспертов
  • алгоритмы, СОПы, инструкции
  • ежедневно обновляемая информация
  • приглашение на участие в семинарах и вебинарах 

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
И получить доступ на сайт Займет минуту!
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль