text
MCFR.KZ Медицина

Пациент пен медициналық қызметкердің арасындағы жанжалдық жағдаяттар мен жанжалдар

  • 11 декабря 2017
  • 434
кандидат медицинских наук, доцент
Пациент пен медициналық қызметкердің арасындағы жанжалдық жағдаяттар мен жанжалдар
Пациент пен медициналық қызметкердің арасындағы жанжалдық жағдаяттар мен жанжалдар

Жанжал – кез келген ұйымның, әсіресе практикалық медицина саласындағы ұйымдардың қызметіндегі ажырамас бөлім. Дәрігер мен пациенттің арасындағы жанжалды қалай шешу керек?

 «Дәрігердің күші – оның жүрегінде, оның жұмысы Құдаймен басқарылуы және табиғи жарықпен және тәжірибелілікпен сәуле шашуы тиіс; кез келген дәрінің аса маңызды негізі – бұл сүйіспеншілік». [1]

Парацельс

Белгіленген проблеманың өзектілігіне жанжалдың кез келген ұйымның, әсіресе практикалық медицина саласындағы ұйымдардың қызметіндегі ажырамас бөлік болып табылатындығы жағдай жасайды. Медициналық ортада және қызметте орын алған жанжалдардың негізінде көзқарастар, мүдделер, міндеттер мен мақсаттардың, сондай-ақ оларға қол жеткізу тәсілдерінің қақтығысы жатыр. Бұл жағдаят қоғамда арта түскен әлеуметтік шиеленіспен, медициналық қызметтер мен медикаменттерге бағалардың өсуімен, емдеу мекемелерінің медициналық қызметкерлері мен клиенттерінің дербестендірілген жеке тұлғаларын құрайтын денсаулық сақтау мекемелері қызметінің еркшелігі аясында өмір сүру құнымен және тұрақты өсіп келе жатқан қарқынмен күрделене түседі.

Соңғы уақытта медициналық мекеме мен пациент, дәрігерлер мен пациенттер, орта медициналық буын қызметкерлері мен пациенттердің арасындағы  және т.б. жанжалдар санының өсуі байқалуда. [2]

Заманауи денсаулық сақтауда орын алған жанжалдарды екі топқа бөледі:

  • дәрігерлік қателіктердің салдары ретіндегі жанжалдар;
  • пациент пен барлық буындардағы медициналық қызметкерлердің жеке тұлғалық ерекшеліктері негізінде туындайтын жанжалдар.

Бұл жанжалдардың бір бөлігі объективтік, енді бір бөлігі  – субъективті себептерден туындайды.

Медициналық қызметкерлер жол беретін қателіктердің объективті себептері мыналар болып табылады:

  • денсаулықты қарқынды дамушы заманауи ғылым мен техника тұрғысынан бағалаудың жылдам өзгеретін тәсілдермен байланысты ауруларды диагностикасы мен оларды емдеудегі өзгерістер;
  • нақты емдеу мекемесінде қолданылатын технологиялар мен медициналық техниканың жетілдірілмегендігі;
  • ішкі себептермен емдеу мекемесінің немесе бөлімшесінің жұмысындағы бейберекеттік.
  • Медициналық қызметкерлер жол беретін қателіктердің субъективті себептері мыналар болып табылады:
  • медициналық қызметкерде нақты жағдаят талап ететін дайындық деңгейінің жоқтығы;
  • медициналық қызметкердің емдік-диагностикалық қызметтің коммуникациялық құрамдасымен байланысты қателіктері;
  • медициналық қызметкердің өз кәсіптік дайындығын жетілдіруге қабілетсіздігі немесе құлықсыздығы.

Жанжалдардың себептері көбінде кейбір пациенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктері болып табылады, олар үшін дәрігер мен медициналық бикенің таза медициналық іс-әрекеттері екінші дәрежелі және шешуші маңызға ие болмайды.

Маңызды! Практикалық денсаулық сақтау дәрігерлері, медициналық бикелері медициналық қызметкер өзінің барлық міндеттерін медициналық ғылым мен практика тұрғысынан дұрыс орындаған жағдаяттың өзінде де, пациентпен өзара әрекеттестікте заңдық және психологиялық қателіктері дәрігер мен медбикеге, сондай-ақ бүкіл медициналық мекемеге де елеулі салдарлар әкелуі мүмкін екендігін әрқашанда естерінде сақтаулары тиіс.

Клиникалық таптаурын болған жағдаяттық міндет. Жанжал элементтерімен.

Диагностикалық зерттеудің алдында терапевтикалық бөлімшенің дәрігері пациентке (лат. patiens — шыдаушы, азаптанушы) тазарту  клизмасын – кешке, таңертең жасауды тағайындады.

Постта – медбике И., 28 жаста, өтілі – 5 жыл.

Пациент: 35 жаста. Кәсіпкерлікпен айналысады, өзіне-өзі сенімді, мемлекеттік ауруханаға кездейсоқ түскен. Алда тұрған емшараға теріс қарайды, клизма жасауды қажет деп есептемейді, одан бас тартады. Басқа дәрігерді немесе ауруханадан шығаруды талап етеді.

Пациент пен орта буын медперсоналының арасында жанжалдық жағдаят орын алды. Себебі: дәрігерлік қызмет көрсету деңгейіндегі орынсыз коммуникация.

Медбикеге тапсырма:

  1. Тағайындалған емшараның мақсатқа лайықтылығын негіздеу. Пациентті бұл тағайындаудың қажеттігі мен маңыздылығына көзін жеткізу.
  2. Пациентке тазарту клизмасын қою техникасын түсіндіру. Мұны өздігінен орындауды ұсыныңыздар ( пациент қысылмауы үшін).

Иегов Куәгерлері сектасының өкілі-пациентпен клиникалық жағдаяттық міндет. Қалыптасқан жанжал (жан сақтау бөлімшесі дәрігерлік практикасынан оқиға).

Перзентханада жас пациент әйел –Иегов Куәгерлері өкілінің өмірі үшін күрес жүріп жатты. Босану қан кетумен қиындады, және де қан құю талап етілді.

Секта бұл медициналық іс-әрекетке тыйым салады.

Дәрігерлердің іс-әрекеттері:

Ата-аналары шақырылды, бірақ шешесі де сол діни ұйымда тұрады. Секта басшыларына шығу, заңгерлерді шақыру жасалды, тіпті шетелге де сұрату жіберілді, ал уақыт болса, өтіп жатыр…

Медициналық қызметкерге тапсырма:

Туындаған мүдделер қақтығысын шешу. (Пациент әйелді құтқару туындаған жанжалды шешуге байланысты болады).

Сипатталған жағдайда құқық қорғау органдарының көмегімен бәрібір де қан құюға рұқсат алынды және пациент әйелді құтқарудың сәті түсті.

Ал сіздер мұндай жағдайларда құқық қорғау органдарын тартусыз жанжалды шешудің мүмкін жолдары  болады деп есептейсіздер ме?

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Практикалық денсаулық сақтау жағдайларында жанжалдарды шешу тәсілдері

Пациент пен дәрігер арасындағы мәмілені стандартты екіжақты шарт ретінде құқықтық қарастыру: нормативтік талдау.
 

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль