text
MCFR.KZ Медицина

Медициналық практикада жанжал қалай пайда болады?

  • 15 декабря 2017
  • 197
кандидат медицинских наук, доцент
Медициналық практикада жанжал қалай пайда болады?
Медициналық практикада жанжал қалай пайда болады?

Сіздер бұл мақаладан ұжымда жанжалға, оның серпініне, мақсатқа лайықтылығы мен оны бейтараптандыруға дұрыс көзқарас қалыптастыру туралы білесіздер.

ЖАНЖАЛ

Танысу үшін ұсынылған жанжалдық жағдаяттардағы сияқты, әңгіме ұйымдардың арасында немесе жекелеген қызметкерлер арасында, немесе медициналық қызметкер мен пациент арасында жанжал пайда болуына келіп тірелген кезде, бірінші болып жанжалдың қауіптілігі және ымыраға қол жеткізу  үшін қандай да бір келіссөздердің қиындығы туралы ой пайда болады. Алайда бұл мүлдем осындай емес. Жанжалдар әртүрлі  болады және ұйымдастырылған жанжал шығару мақсатымен, иә-иә, нақты саналы ұйымдасқан болады, олардың ең әртүрлі терең және күтілетін салдарлары болуы мүмкін.

Жанжал – өте кең түсінік, олар пайдалы (оңды) және талқандаушы (жағымсыз) болады. Дайындығы бар басшы оңды жанжалды көтермелей отырып, ұйымды сындарлы басқара және елеулі табыстарға қол жеткізе алады.

Ұйымда жанжалға, оның серпініне, мақсатқа лайықтылығына, және де ол тұрақсыздандырушы фактор болып табылса – оны бейтараптандыруға дұрыс көзқарас қалыптастыру қажет.

Медициналық практикадағы функциясыздандырушы жанжал

Емдеу мекемесінде медициналық қызметкерлер мен пациенттердің арасындағы жанжалдар мынадай себептер бойынша неғұрлым жиі орын алады:

  • Пациентке жеткіліксіз көңіл бөлу. Бұл жанжалдық жағдаяттар мен жанжалдар шығуының ең жиі болатын себебі.
  • Медициналық қызметкер мен пациент мінездерінің ерекшеліктері. Жанжалдың бұл себебі коммуникативтік дағдылар бойынша дайындығы төмен деңгейдегі медициналық қызметкерлерге тән, бұл кезде медициналық қызметкердің өзі туралы пікірі оның құзіреттілігінің бүкіл қалған деңгейінен асық болады, ал бұл пациентті өзінің жанжалшылдық қасиеттерін танытуға арандатады. 

Медициналық қызметкер тарапынан коммуникативтік ережелерді бұзушылық жағдаятты және пациент пікірін дұрыс түсінуге кедергі жасайды. Бұрмаланып берілген және дұрыс түсінілмеген ақпарат жағымсыз процестің жылдамдатушысы рөлін орындай отырып, жанжалдың себебі де, сондай-ақ салдары да болуы мүмкін.

  • Әртүрлі  мамандандырылған медициналық қызметкерлердің іс-әрекеттерінде келісушіліктің, атап айтқанда емдеу жоспарын жасау кезінде алқалылықтың жоқтығы пациенттің игілігіне айналуы мүмкін.
  • Медициналық құжаттама жүргізудегі ақаулықтар, олар пациенттерді сауықтыруға бағытталған медициналық іс-шараларды өткізуге әсер етеді.
  • Пациенттің емдеуге ақпараттанған келісімінің жоқтығы. Бұл пациент медициналық қызметкерлер өзімен не істейтінін және мұның неге керек екендігін түсінбейтін жағдайлар.
  • Медициналық қызметкердің диагностика мен емдеуге көрсетілімдерді негізделмеген кеңейтуге немесе азайтуға әкелетін кәсіптік құзіретсіздігі.
  • Денсаулық  пен емдік-диагностикалық қызмет сапасына  бірмәнді емес өлшемшарттар (медициналық қызметкерлер мен пациенттердің емдеу-қалдына келтіру процесінің өтуіне әртүрлі көзқарастары) жанжалдық  жағдаяттардың, одан кейін жанжалдардың шығуына әкелуі мүмкін.
  • Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі – БМСК)  мекемелерінің практикасында амбулаториялық-емханалық қабылдау ұзақтығын қысқарту – жанжалдылықтың жетекші факторы.
  • Стоматологиялық практикада пациент пен медициналық қызметкердің арасындағы басты жанжалдық фактор көбінесе баға мен орындалған қызмет көрсету сапасының сәйкессіздігі болып табылады.
  • Фармацияда  пациент пен фармацевт жанжалы кәсіпқой мен нақ осы себеппен әрқашан дерлік өнімсіз болатын әуесқойдың жанжалы болып табылады.

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Жанжалдың қалыптасуындағы қарым-қатынастың рөлі

Оғаш пікір, бірақ қарым-қатынас – көптеген жанжалдарды шешуге арналған көпшілік таныған аспап – жанжалдық жағдаятты өте жиі туындататын себеп те болады. Бұл түсінікті де, өйткені кез келген орынсыз қарым-қатынас – жанжалға бастайтын жол. Бұл көбінде әңгімелесуші өз ойларын  анық және түсінікті етпей, жеткіліксіз білдірген кездегі, қасақана жасалмаған іс-әрекеттер. Жанжалдың айтарлықтай жиі себебі тыңдаушының жете көңіл бөлмеуі, емеурінді, болжамдар мен қарым-қатынаста пайдаланылатын өзге де тәсілдерді түсінуге мүмкіндік бермейтін оның жинақы еместігі болып табылады.

Пациент пен медициналық қызметкер қарым-қатынасының көпшілігін мәжбүрлік қарым-қатынас деп атауға болады. Бұл түсінікті, өйткені науқас адамның медициналық қызметкермен кездесулері мен әңгімелесулерінің негізгі уәжі пациентте денсаулыққа байланысты проблемалардың пайда болуы болады. Медициналық бике мен пациенттің арасында жанжалдардың шығуында медициналық қызметкер мен пациент қарым-қатынасының әралуан түрлері маңызды рөл атқаруы мүмкін, сондықтан медициналық қызметкердің қарым-қатынас түрлері мен қағидаттарын білуі медициналық қызметкердің пациентпен неғұрлым орынды жұмысы үшін жағдайлар жасайды.

Қарым-қатынас түрлері:

1. Бетперделер қарым-қатынасы – бұл әңгімелесушінің жек тұлғалық ерекшеліктерін түсіну мен есепке алуға ұмтылыс жоқ болатын қарым-қатынас. Қарым-қатынастың мұндай түрінде медициналық қызметкерге нақ осы науқастың қандай екендігі бәрібір. Ол онымен орташаланған абстрақтілі пациент сияқты әңгімелеседі. Бұл дұрыс емес! Қарым-қатынастың әрбір оқиғасыбұл қатаң жеке процесс.

2. Қарадүрсін қарым-қатынас. Медициналық қызметкер әңгімелесушіге баға береді, бірақ оны не керекті, не қоздырушы  объект ретінде бағалайды. Егер керек болса – онда қарым-қатынас белсенді, егер қоздыратын немесе кедергі жасайтын болса, онда оны әдепті қарым-қатынастан итермелейді. Бұл дұрыс емес! Жеке тұлға ретінде әрбір пациент медициналық қызметкердің барынша көңіл бөлуіне лайық. Сіздерге жалақыны  бухгалтерия емес, соның төлейтінін ұмытпаңыздар!

3. Формальды-рөлдік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың мұндай түрінде пациенттің әлеуметтік рөлі қарым-қатынас құрудағы шешуші нәрсеге айналады. Қарым-қатынастың мазмұны да, құралдары да регламенттелген болып шығады.

4. Іскерлік қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл ретте істің мүддесіне бағытталғандықпен барлығы да (жеке тұлғаның ерекшеліктері де, мінезі мен жасы, тіпті көңіл-күйі де) есепке алынатын түрі. Алайда іскерлік қарым-қатынаста әңгімелесушілердің мүмкін болатын жеке тұлғалық айырмашылықтары мүлдем есепке алынбайды. Сіз, медициналық қызметкер, бұл процесте мүдделеріңіздің өз блогын иеленіңіз, ал бұл ретте  пациенттің жеке тұлғасы сізге бәрібір. Іс бәрінен де жоғары түру керек! Медициналық қызметкердің қызметінде бұл дұрыс емес! Қарым-қатынас дербестендірілген болуы тиіс.

5. Рухани тұлға аралық қарым-қатынас. Қарым-қатынастың мұндай түрі бір-біріне сеніммен қарайтын адамдарға, немесе өте жақын таныстарға тән. Бұл коммуникация кез келген  тақырыптарға әңгімелесулермен сипатталады. Серіктестер бір-бірін қозғалыстарынан, бет әлпетінен және интонацияларынан түсінеді. Әңгімелесуде кез келген тақырыпты ашуға болады,  пациент қарым-қатынас барысында құпия проблемалар бойынша да пікір бөлісе алады.

6. Коммуникацияның зайырлық үлгісі. Қоғамда қабылданған нормаларға жауап беретін қарым-қатынас. Қарым-қатынас процесінде адам ойлағанын емес, қандай да бір жағдаятта этикет бойынша айтылуы қажет нәрсені айтады. Коммуникацияның зайырлық үлгісі жабық және ерекше кодексі болуымен ерекшеленеді: көрсетілетін ұнату, көрсетілетін такт, көрсетілетін сыпайылық, келісу және мақұлдау.

7. Іс-әрекеттік тұлға аралық қарым-қатынас. Қарым-қатынастың бұл үлгісі пайдакүнемдікке (пайда алуға) бағытталған. Мұндай мақсаты болған серіктес әртүрлі тәсілдерді – мақтауды...

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 12-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңызда:

Практикалық денсаулық сақтау жағдайларында жанжалдарды шешу тәсілдері

Пациент пен дәрігер арасындағы мәмілені стандартты екіжақты шарт ретінде құқықтық қарастыру: нормативтік талдау.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение