text
MCFR.KZ Медицина

Дәрігердің құжаттаманы жүргізу бойынша талаптардың сақталмағаны үшін жауапкершілігі

  • 18 декабря 2017
  • 28
Дәрігердің құжаттаманы жүргізу бойынша талаптардың сақталмағаны үшін жауапкершілігі
Дәрігердің құжаттаманы жүргізу бойынша талаптардың сақталмағаны үшін жауапкершілігі

Мақалада Қазақстанда медициналық құжаттаманы жүргізу бойынша іс-шаралар мен оның талаптары сақталмағандығы үшін жауапкершілік түрлері баяндалған.

Дәрігердің медициналық құжаттаманы жүргізу бойынша талаптардың сақталмағандығы үшін жауапкершілігі туралы мәселені қарастырудың өзектілігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы қолданыстағы заңнамасына бірқатар жаңалықтардың енгізілуі, сондай-ақ заңнамаға жоспарланған өзгерістер жағдай жасайды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі – МӘМС) енгізумен сондай-ақ бірыңғай электрондық медициналық база да енгізіледі, оған дәрігер емдеу туралы барлық ақпаратты енгізуге тиіс болады.

Назар аударыңыз! Мұндай құжаттаманы қате толтыру медициналық ұйымды ғана емес, сондай-ақ дәрігердің өзін де жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін. 

Бұған қоса, бүгінгі күні «Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлердің кәсіптік жауапкершілігіне кепілдік беру туралы» Заң жобасын әзірлеу жүргізілуде, ол да пациент пен дәрігер арасындағы өзара әрекеттің қолданыстағы практикасын елеулі өзгертуі тиіс.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі өз қызметін жүзеге асыру кезінде дәрігер (және медициналық ұйым) қандай құжаттаманы жүргізуге міндетті екендігін белгілейтін бірқатар нормаларды көздейді. Мемлекеттік органдар тексерулер кезінде бұл ережелердің сақталуын тексереді және олар сақталмаған кезде медициналық ұйымды жауапкершілікке тартады.

Практикада медициналық құжаттаманы жүргізу міндеті дәрігердің өзіне жүктеледі, және осыған орай: дәрігер медициналық құжаттаманы жүргізу ережелерінің сақталмағандығы үшін қандай да бір жауапкершілікте бола ма? Және де солай болса, қандай жауапкершілікке? деген сұрақтар туындайды.

Осы мақалада біз осы сұраққа жауап беруге тырысамыз.

Біздің заңнамамен көзделген бүкіл жауапкершілікті үш түрге бөлуге болады:

  •  әкімшілік  (әдетте, бұл айыппұлдар);
  •  қылмыстық (елеулі залал келтіретін іс-әрекет жасағанаы үшін ғана қолданылады. Әдетте, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан  және кәсіптік қызметпен айналысу құқығынан айыру);
  •  азаматтық (ақшалай:  материалдық және  моральдық залал).

Медициналық құжаттама жүргізу ережелерінің сақталмағаны үшін ҚР заңнамасында жауапкершіліктің мынадай түрлері көзделген:

Әкімшілік жауапкершілік мынада қарастырылған:

  • Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБК)  «Медициналық көмек тәртібін, стандарттарын сақтамау және медициналық көмекті сапасыз көрсету» 80 бабында;
  • ҚР ӘҚБК  «Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту» 78 бабында;

Қылмыстық жауапкершілік мынада қарастырылған:

Азаматтық жауапкершілік мынада қарастырылған:

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Қазақстан Республикасы заңнамасының кейбір шетелдердің заңнамасымен салыстырғанда, дәрігерді жауапкершілікке тек оның кінәсі бар болған кезде ғана тарту мәселесіне тақап келгенін атап өту қажет. Алайда мұндай позицияны барлық елдер ұстана бермейді. Мысалы,  Дания, Финляндия, Швеция дәрігерді кінәсі жоқ болған жағдайдың өзінде де азаматтық жауапкершілікке тартуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту үшін пациентке келтірілген залалды болдырмауға болатындыға фактісінің өзін анықтау жеткілікті. Бұл елдерде дәрігерлер өзінің пациенттер алдындағы жауапкершілігін сақтандыруға мәжбүр болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында да   «Қазақстан Республикасында медициналық қызметкерлердің кәсіптік жауапкершілігіне кепілдік беру туралы» заң әзірлеу жүргізілуде, онда дәрігердің пациент алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды белгілеу жоспарлануда.

Бүгінгі күні нақ медициналық қызметтер көрсету (оның ішінде құжаттама жүргізу) тәртібін сақтамағаны үшін тікелей жауапкершілік ҚР ӘҚБК 80 бабында көзделген. Бұл ретте, бұл бап егер бұл денсаулыққа зиян келтіруге әкелмесе, оларға салақ немесе ықылассыз қараудың  салдарынан медициналық қызметкердің кәсіптік міндеттерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы, медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамауы айыппұлдар салуға әкелетінін көрсетеді:

  • жеке тұлғалар, лауазымды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;
  • шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға – 25 АЕК мөлшерінде;
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне –  30 АЕК мөлшерінде;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне –  40 АЕК мөлшерінде.

Бұл жауапкершілікке медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамауға жол берген нақты дәрігердің жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін білдіреді.

Назар аударыңыз! Бұған қоса, дәрігер медициналық қызметтер көрсету тәртібін сақтамағаны үшін жауапкершілік тіпті ұйымға жүктелсе де,  жұмыс берушіге кінәлі іс-әрекеттерінің салдарынан залал келтірілгендіктен, оған бұл ұйымның қызметкері ретінде еңбек заңнамасы бойынша да жауапкершілік жүктелетіндігін еске ұстауы керек. Яғни салынған айыппұл толықтай немесе бір бөлігі кінәлі қызметкерден өндірілуі мүмкін.

Бұрынырақта келтірілген барлық қалған баптардың құжаттаманы жүргізуге тікелей қатысы жоқ, алайда пациент денсаулығына келтірілген зиянға дәрігердің медициналық құжаттаманы қате толтыруының салдарынан жол берілген жағдайда қолданылуы мүмкін.

Бұл мысалға, егер пациент емделуді бір дәрігерден бастаған, өз жұмысын  емедеуді бұрынырақ  жүзеге асырған дәрігер толтырған құжаттар негізінде жоспарлайтын екінші дәрігерде жалғастыратын жағдайда болуы мүмкін.

Маңызды! Мұндай құжаттаманы қате толтыру медициналық ұйымды ғана емес, сондай-ақ дәрігердің өзін де жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін. Жауапкершілік мөлшері мен нысаны медициналық құжаттаманы қате толтырудың салдарынан келтірілген зиянға байланысты болады.

Осыған байланысты, әрбір дәрігердің медициналық құжаттаманы өзі қалай толтыратынына назар аударуы қажет екендігін, бұған жауапкершілікпен және ықыласты қарауды ұйғарамыз. Медициналық компанияларға дәрігерге баруларды жоспарлауды жүзеге асыру кезінде пациентті қарап-тексеру нәтижелері бойынша құжаттаманы сауатты және мұқият толтыру үшін уақыт бөлуді ұсынамыз.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңызда:

Медициналық құжаттаманың қорғалуы қандай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі

Ақылы қызметтер көрсету кезінде есептік-есеп құжаттамасын қалай жүргізу керек және ақылы медициналық қызметтер көрсетілген пациенттер қандай құжаттар алулары тиіс

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение