text
MCFR.KZ Медицина

Міндетті және профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу шеңберінде бұйрықтарды қолдану проблемалары

  • 21 декабря 2017
  • 12
Міндетті және профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу шеңберінде бұйрықтарды қолдану проблемалары
Міндетті және профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу шеңберінде бұйрықтарды қолдану проблемалары

Мақалада еңбектің зиянды және/немесе қауіпті жағдайлары бар жұмыскерлерге профилактикалық және міндетті медициналық қарап-тексерулерді ұйымдастыру бойынша нормативтік құқықтық база қалыптастыру жөніндегі ұсынымдар берілген.

Қазақстан Республикасының жұмыс істеуші халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты бағыттарының бірі денсаулық сақтаудың  профилактикалық бағытталғандығы болып табылады. Еңбектің зиянды және/немесе қауіпті жағдайларындағы еңбек қызметімен қамтылған жұмыскерлерде бұл бағытты іске асырудың негізгі нысаны ретінде алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулер жүйесі танылған, ол денсаулық жай-күйін анықтау және әртүрлі ауруларды ерте айқындау мақсатымен белсенді зерттеп-тексеру болып табылады.

 2015 жылдың ақпан айына дейін біздің республика аумағында Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 155 бабына сәйкес, медициналық қарап-тексерулер екі негізгі түрмен ұсынылды:

  • міндетті, олар жұмыскерлердің кәсіптік жарамдылығын анықтау мақсатымен өткізіледі;
  • профилактикалық –  жұқпалы және паразиттік аурулардың профилактикасы [1].

Еңбек қызметі кәсіптік зияндылықпен байланысты жұмыскерлерді міндетті медициналық қарап-тексерулер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы  «Олар болған кезде міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 166 қаулысымен (бұдан әріқаулы) регламенттелді [2].

Көрсетілген қаулыда олар болған кезде міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесі, өткізу ережелері, зерттеудің міндетті зертханалық және аспаптық әдістерінің тізбесі мен кәсіптік жарамдылыққа медициналық қарап-тексеру өткізу кезінде маман дәрігерлерді жинау, сондай-ақ одан өткізудің дүркіндігі белгіленді. Қаулымен сондай-ақ міндетті ауысымалдылық, рейсалдылық және рейстерден кейінгі медициналық қарап-тексерулер өткізу тәртібі де регламенттелді.

Бұдан бөлек, ҚР Еңбек кодексінің 317 бабының 15 тармағымен көзделген (2007 жылғы ескі редакциясы) міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық қарап-тексерулердің (бұдан әрі – ММҚ)  профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден (бұдан әрі – ПМҚ), түбірлі айырмашылығы бар, оларды медициналық ұйымдар декреттелген топ контингенттерін диспансерлеу ретінде (бастапқы медициналық-санитариялық көмек профилактикасы бөлімшесінде) жүргізеді [3, 4].

2015 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м. а-ның 2015 жылғы 25 ақпандағы «Міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 128 бірыңғай бұйрығының (РФ тәжірибесінен алынған тәрізді) қолданысқа енгізілуі жұмыс істеушілердің әртүрлі топтарын  – зиянды өндірістік факторлары барлар мен зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі болмайтын декреттелген кәсіптер қызметкерлерін медициналық қарап-тексеру регламенттерін бірыңғай етіп біріктіру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) бірыңғай нормативтік құжаты шеңберінде жасалуына жағдай жасады [5]. Алайда бұл құжатты практикалық қолдану тәжірибесі оны іске асыру кезіндегі бірқатар қарама-қайшылықтар мен қиындықтарға ғана емес, сондай-ақ оның денсаулық сақтаудың басты құжаты – денсаулық сақтау Кодексінің талаптарына жауап бермейтіндігін түсінуге де әкелді [1].

Бұл ретте ҚР ДСӘДМ-нің жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын әзірлеушілер біздің көзқарасымыз бойынша, мүлдем үйлеспейтін әдістемелік тәсілді таңдап алған, ол бұйрықтың бірінші бөлігін екінші бөлігінен бөлу және оны (бірінші бөлігін) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы етіп ресімдеу болып табылды, осылайша әзірлеушілердің кәсіпқойлығы мен құзіреттілігіне сенімсіздік туындатты [6].

Алтымен  ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы әзірленіп, тек содан кейін ғана, ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы жарық көрген болып шығады. Қисынды сұрақ туындайды: егер оларға зиянды өндірістік факторлар мен жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесі әлі де болса белгісіз болса, әзірлеуші-мамандар ММҚ-ді жүргізу қағидаларын қандай өлшемшарттардың негізінде әзірлеген?

Еңбектің зиянды жағдайларымен қамтылған жұмыскерлерді ММҚ-ден өткізудің 100 жылдан астам тарихының кәсіптік патология тарихында ММҚ өткізу қағидалары әдістелік жағынан зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер негізінде жасалады, яғни  бұл жағдайда ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 және 2015 жылғы 24 ақпандағы № 126 бұйрығы бірыңғай бұйрықта ресімделуі тиіс. Декреттелген топ тұлғаларын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өткізу тәртібі басқа бұйрықпен жариялануы тиіс болатын.

Мұндай нормативтік құқықтық құжаттарды ресімдеудегі дұрыс тәсілдің мысалы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің ММҚ өткізу жөніндегі 2012 жылғы 25 қаңтардағы  «Олар болған кезде міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 166 қаулысын келтіруге болады.

2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 және 2015 жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрықтарын қолдану барысында жоғарыда көрсетілген қарама-қайшылықтардың туындауына байланысты еңбектің зиянды және/немесе қауіпті жағдайларында жұмыс істейтін тұлғалардың кәсіптік жарамдылығын сараптау мақсатымен, сондай-ақ бастапқы буын мамандарының бұдан әрі жұмысы үшін зиянды өндірістік факторлардың әсері жоқ декреттелген топ жұмыскерлеріне жүргізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексеру шеңберіндегі  ерекшеліктерді есепке алумен, оларды мұқият пысықтау талап етіледі, өйткені біздің қызмет құқық қорғау саласымен тікелей байланысты және де көбінде бұйрықтардаға шалалықтар сот істеріне алып келеді.

Қорытындылар

1. Қазіргі кезде қолданылып жүрген, ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 24 ақпандағы  «Міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 128 бұйрық пен 2015 жылғы 28 ақпандағы  «Олар болған кезде міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесін бекіту туралы» № 175 бұйрықты әзірлеу кезінде әзірлеушілер әдістемелік тәсілді сәтсіз таңдаған, бұл бұйрықтың бірінші бөлігін екінші бөлігінен бөлу болып табылады. Осылайша, бұл нормативтік құқықтық құжатты қолдану практикалық дәрігерлер үшін белгілі бір қиындықтар туындатады.

2. ҚР Еңбек кодексі 317 бабының 15 тармағымен (2007 жылғы ескі редакция) көзделген қызметкерлерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық қарап-тексерулердің қызмет түрі бойынша, халықтың декреттелген тобы контингенттерінде медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын (бар екендігін) анықтау үшін өткізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден түбірлі айырмашылығы бар.

3. Қазіргі кезде қолданылып жүрген, ҚР ДСӘДМ-нің 2015 жылғы 24 ақпандағы  «Міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 128 бұйрық пен 2015 жылғы 28 ақпандағы  «Олар болған кезде міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесін бекіту туралы» № 175 бұйрықты міндетті медициналық қарап-тексерулерді жүргізумен тікелей айналысатын, алғашқы буын дәрігерлері қиындықпен  қабылдайды.

Ұсынымдар

  1.  «Кәсіптік патологтар (еңбек медицинасы) дәрігерлерінің, гигиенашылар, эпидемиологтар мен медициналық экология мамандарының қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар Ұлттық орталығы» РМКК қызметін шұғыл түрде белсендіруді ұсынамыз.
  2. Ең жуыр уақытта ҚР ДСӘДМ 2015-2016 жылдары кәсіптік патология қызметіне қатысты әзірлеген барлық бұйрықтарына ревизия жүргізуді ұсынамыз.
  3. Халықаралық стандарттарды, Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарын және Бүкіл дүнтежүзілік еңбек ұйымының еңбек медицинасы қызметін ұйымдастыру мен өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыскерлерінің арасында кәсіптік аурулардың профилактикасы бойынша нұсқауларын есепке ала отярып, міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу бойынша нормативтік құқықтық құжаттарды тәртіпке келтіруді ұсынамыз.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 12-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Міндетті медициналық қарап тексерулерге жататын қызметкерлердің жаңа Тізбесі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль