text
MCFR.KZ Медицина

ЕПМ-де персоналға арналған емдік-профилактикалық тамақтандыруды ұйымдастыру

  • 27 декабря 2017
  • 68
автор журнала “Руководитель медицинской организации”, доцент Карагандинского областного филиала Республиканского НИИ по охране труда МЗСР РК, к. м. н.
емдік-профилактикалық тамақтандыру
емдік-профилактикалық тамақтандыру

Ағзаны сауықтыруға және оның қорғаныстық тетіктерін арттыруға бағытталған іс-шаралардың арасында емдік-профилактикалық тамақтандыру маңызды орынды иеленеді.

Заманауи жағдайларда меншіктің барлық нысандарындағы медициналық ұйымдарда олардың еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің денсаулығына зиянды және қауіпті әсер етуді болдырмайтын жағдайларды жасау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Қажетті қорғаныстық іс-шараларды (экрандау, қымталандыру, қашықтықтан басқару) және өндірістік ортаны жақсарту (тиімді желдету, ұтымды жылыту құрылғысы, табиғи және жасанды жарықтандырудың жеткілікті болуы және басқалар) бойынша іс-шараларды ұйымдастыру елеулі қаражатты талап етеді.

Мұнымен бірге кәсіптік зияндылықтар профилактикасында өндірістік ортаны сауықтырумен қатар оның әртүрлі уыттануларға орнықтылығын арттыруға бағытталған, ағзаны сауықтырудың да маңызы зор екенін назарға алған жөн. Ағзаның қорғаныстық күштерін арттыру бойынша іс-шаралар емдеу-профилактикалық мекемелердің (бұдан әрі – ЕПМ) кейбір жұмыс орындарына тән, қарқындылығы мен әсер етулері аз созылмалы әсер етулер профилактикасында ерекше тиімді.

Ағзаны сауықтыру мен оның қорғаныстық тетіктерін арттыруға бағытталған іс-шаралардың ішінде маңызды орынды емдік-профилактикалық тамақтандыру (бұдан әрі – ЕПТ) иеленеді.

ЕПТ-ды құрудың заманауи қағидаттарының негізі тамақты ағзаға қолайсыз әсер етулер кезінде қорғаныстық рөл атқаруға қабілетті биологиялық белсенді заттардың көзі ретінде тамақты бағалау болып табылады.

Осыған байланысты, ЕПТ мынаны қамтамасыз етуі тиіс:  

1. Физиологиялық тосқауылдардың (тері, асқазан-ішек жолы (бұдан әрі – АІЖ), өкпенің және басқаларының) қорғаныстық функцияларын арттыру, бұл ағзаның ішіне зиянды химиялық немесе радиациялық заттардың енуіне немесе өндірістің қолайсыз физикалық факторларының әсер етуіне бөгет жасайды. Бұған тамақтану рационына жекелеген азық-түліктік өнімдерді қосу жолымен қол жеткізіледі, бұл өнімдер мүйізгек қабатының синтезін, тері май бездерінің функцияларын күшейтуге, терінің, жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабықшасы мен АІЖ өткізгіштігін қалыпқа келтіруге, ішек перистальтикасын жақсартуға, ішектегі іріңдік микрофлора белсенділігін төмендетуге және басқаға септігін тигізеді.

2. Өнеркәсіптік улардың биологиялық трансформациясын тотықтандыру, метилдендіру және басқа жолмен түзетімдеу, бұл ағзада алмасудың әлсіз уытты өнімдерінің түзілуіне немесе, керісінше, егер бастапқыдан уыттырақ алмасу өнімдері пайда болса, бұл реакцияларды бұғаттауға, тежеуге бағытталады.

3. Ағзаның жекелеген мүшелері мен жүйелерінің (бауыр, өкпе, тері, бүйрек және басқалар) уыттануға қарсы функциясын арттыру. Мысалы, гепатотропты улар әсер еткен кезде рациондарға липотропты заттарға (метионин, цистеин, лецитин, пиридоксин, полиқанықпаған май қышқылдары және басқалар) бай өнімдерді енгізу қажет.

4. Ағзадан уларды немесе олардың қолайсыз алмасу өнімдерін байланыстыру мен бөліп шығару процестерін күшейту.  Байланыстыру тетіктері әртүрлі болуы мүмкін. Олардың біреуі уларды табиғи кешендермен, немесе хелат түзуші қосылыстармен байланыстыру болып табылады. Табиғи кешен түзушілерге амин қышқылдары (метионин, цистеин, глицерин, глутамин қышқылы және басқалар), оксиқышқылдар,  өт қышқылдары, нуклеин қышқылдары, бірқатар ферменттер, дәрумендер және басқалар жатады. Пектиндер хелат түзуші жақсы қасиеттерді иеленген, олар ауыр металдар (қорғасын, хром, никель, кобальт, сынап, мыс және басқалар) тұздарын байланыстыруға және оларды ағзадан шығаруға қабілетті.

5. Оларға еңбек ортасының зиянды факторлары басым әсер ететін мүшелер мен жүйелердің функциялық жай-күйін жақсарту. Мысалы,  үшхлорэтиленмен уыттану кезінде жүйке жүйесі көбірек зақымданады, сондықтан рационға   В6 және РР дәрумендері енгізіледі, олар орталық және шеткі жүйке жүйелерінің функциясына қолайлы әсер етеді. Кадмиймен улану кезінде негізінен несеп шығару жүйесі зақымданатындықтан, бұл жүйенің қызметіне артық жүктеме түсірмес үшін,  тамақтану рационының құрамындағы ақуыз, минералдық тұздар мөлшерін шектейді.

6. Әсіресе гепатотропты улардың әсер етуі кезінде бауырдың уыттануға қарсы функциясын арттыру. Тамақтану  рациондарына липотропты заттарға бай өнімдерді енгізу қажет.

7. Зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындайтын тағамдық заттардың, әсіресе ағзада синтезделмейтін заттардың (алмастырылмайтын амин қышқылдары, полиқанықпаған май қышқылдары, дәрумендер, минералдық элементтер) тапшылығын өтемдеу.

8. Өндірістік факторлардың қолайсыз әсерін күшейтетін немесе аурулар пайда болу тәуекелінің патогенетикалық факторларын күрделендіретін өнімдерді алып тастау.

9. Иммундық жүйенің аутореттеушілігі және эндокриндік реттеуіне, заттар алмасуына қолайлы әсер ету.

10.  Ағза мен оның бейімделушілік резервтерінің жалпы қарсыласушылығын арттыру, өзін-өзі сезінуін жақсарту, жұмыс қабілеттілігін арттыру, жалпы кәсіптік ауруға шалдығушылықты төмендету [1–3].

Қазіргі уақытта ЕПТ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы  «Жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам беру нормаларын бекіту туралы»  № 1056 бұйрығымен (бұдан әрі  – № 1056 бұйрық) регламенттеледі [1].

Бұл құжатқа сәйкес, жұмыскерлерге ЕПТ түрлерінің біреуі тағайындалуы мүмкін: сүт (қышқылсүтті өнімдер), пектин (онымен байытылған азық-түлік өнімдерінің құрамында), ЕПТ рациондары мен дәрумендік препараттар.

     ЕПТ:

  • жұмыс істемейтін күндерде;
  • еңбек демалысы күндерінде;
  • қызметтік іссапарлар күндерінде;
  • өндірістен қол үзіп оқу күндерінде;
  • ЕПТ беру көзделмеген басқа учаскелердегі жұмыстарды орындау күндерінде; 
  • еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңінде берілмейді.

Жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудегі біздің тәжірибе  медициналық объектілердегі жұмыс берушінің көбінде ЕПТ ретінде тек сүтті тегін берумен ғана шектелетінін көрсетеді.

Жұмыскерлерге жұмыс беруші қаражатының есебінен сүт беру нормалары  № 1056 бұйрықта келтірілген [1]. Мысалы, сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін алуға құқық беретін жұмыстарда жұмыскердің нақты жұмыс істеген күндерінде оның ұзақтығына қарамастан, ауысым үшін майлылығы 3,2 %-ға дейінгі   0,5 литрден сүт беріледі.

Назар аударыңыз! Cүтті қаймақпен, сарымаймен, басқа тамақ өнімдерімен (жұмыскерлерге сүттің орнына берілуі мүмкін, теңестірілген тамақ өнімдерін тегін беру нормаларымен көзделген теңестірілген өнімдерден басқа) алмастыруға, сондай-ақ сүтті немесе басқа теңестірілген тамақ өнімдерін бір немесе бірнеше ауысым үшін алдын ала, сондай-ақ осымен бірдей өтіп кеткен ауысымдар үшін беруге жол берілмейді.

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 11-нөмірінен оқыңыздар.

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль