text
MCFR.KZ Медицина

Медициналық ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • 8 января 2018
  • 15
автор журнала “Старшая медицинская сестра”, старшая медицинская сестра высшей категории хирургического отделения Областного онкологического диспансера, г. Петропавловск
Медициналық ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Медициналық ұйымда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Медициналық ұйымда медициналық персоналға өртке қарсы нұсқама өткізілуі үшін кім жауап береді? Бұл туралы осы мақаладан білесіздер.

Ауруханада өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады, өйткені оның аумағында болатын науқастар мен персоналдың көптігінен өрт шығу  мен  өрттің жағымсыз салдарларының тәуекелі өсе түседі. Эвакуация жолдары, шығатын жерлері, өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтитын, медициналық персоналға өртке қарсы нұсқама жүргізілуі үшін медициналық ұйымның нақты бөлімшесінің меңгерушісі жауап береді. Ауруханадағы өрт дабылдамасы іске қосылған кезде барлық бөлімшелердің қызметкерлері эвакуация жоспарына ие бола отырып, өз іс-әрекеттерінің ретін білуге міндетті.

Назар аударыңыз! Аурухана қызметкерлерінің өрт кезінде нұсқаулықпен ұйғарылған іс-шараларды нақты орындауы үрейленуді, аурухананың қымбат тұратын мүлкін жоғалту мен адам құрбандарын болғызбауға көмектеседі.

Өрт шыққан кезде аурухана қызметкерлернің барлық іс-әрекеттері адамдарды құтқаруға бағытталуы тиіс. Бірінші кезектегі тапсырма – науқасы ауыр балалар мен ересектерді (отадан кейінгілерін – зембілмен), сондай-ақ басқа балалар мен ересектерді  қауіпсіз жерге  эвакуациялау. Эвакуация кезінде сабырлылық сақтау және үй-жайдан кеткен кезде, барлық есіктер мен терезелерді нығыздап жабу қажет, өйткені таза ауа ағыны (өтпе жел) оттың жылдам таралуына жағдай жасайды. Өрт туралы ақпарат тарату да медперсоналдың міндеттеріне кіреді. Бір мезгілде отты сөндіру бойынша іс-әрекеттер орындау – өрт сөндіру құбыртүтігін жазу және от сөндіретін зат беретін шұраны ашу ұйғарылған.

Қажет болған кезде қол өртсөндіргішті және өрт сөндірудің басқа да бастапқы құралдарын пайдаланған жөн:

  1. Өртсөндіргіштің қуатталғандығына көз жеткізу (қысым бергішін қарау),
  2. Өртсөндіргішті тексеру күнін тексеру;
  3. тұтатқышты тартып шығару;
  4. өртсөндіргішті өрт ошағына бағыттау, иінтіректі төмен түсіру;
  5. сөндіруді жел соғатын жақтан жүргізу.                                                          

«Actualis: Медицина»

42


Бүгін «Actualis: Медицина» электрондық жүйесіне кіру мүмкіндігінің саны


Сөндіру кезінде шығару қысымтығынын көп рет ашуға жол беріледі.         

Өртсөндіргіштер – оның туындаған бастапқы сатысында өртты сөндіруге арналған  техникалық құрылғылар.

Егер олар жаңғыш заттардың жарылысымен немесе көптеп шығарылуына байланысты болса, өрттердің көпшілігінде бастапқыдағы жану алаңы шағын болады. Өз уақытында айқындалып, өртсөндіргіштер дұрыс қолданылған кезде өрттердің көпшілігі өрт сөндіруші бөлімшелер келіп жеткенге шейін сөндірілуі мүмкін. Өртсөндіргіштер іс жүзінде автокөлік пен басқа да жылжымалы құрамдардағы тұтануларды сөндіру кезінде де алмастырылмайтын заттар.

Іс жүзінде дүние жүзінің барлық елдерінде өнеркәсіптік кәсіпорындардан көлемі шағын өртсөндіргіштерді кездестіруге болады.

Өртсөндіргіштерді табысты пайдалану үшін өрт сөндіру практикасымен белгіленген белгілі бір тактикалық әдістерді сақтау қажет. Бұл әдістер өртсөндіргішті қозғалысқа дұрыс келтіру мен өрт сөндіретін зат ағыншасын өрт ошағына дұрыс бағыттау болып табылады (1 сурет).

Өртсөндіргіштер жұмысының ерекшелігі олардың іс-әрекетінің қысқа мерзімділігі  (10–40 сек.) боып табылады, сондықтан оларды қолданудағы қандай да бір баяулау немесе қателік олардың іс-әрекетінің тиімділігін жоққа шығаруы мүмкін. Сондай-ақ өрт сөндіруді дұрыс ұйымдастыру, әсіресе бір мезгілде бірнеше өртсөндіргішті пайдаланған кезде мөлшері жағынан айтарлықтай жану ошағын ойдағыдай жоюды қамтамасыз етуі мүмкін.

Өрт анықталған кезде өртсөндіргіштермен жұмыс оларды іске қосудан басталады. Мұның алдында өртсөндіргіш корпусына жазылған пайдалану бойынша нұсқауларды зерделеу қажет.

Өртсөндіргішті өрт орнына мүмкіндігінше жақын әкелу және тек осыдан кейін ғана іске қосу қажет. Сол кезде от өшіру затының бүкәл қоры сөндіру үшін пайдаланылады. Негізгі қателік оны өрт орнынан алыс қашықтықта іске қосу болып табылады. Жылулық сәулеленуден тиімді қорғаныс ретінде сөндіруші материал бұлтының экрандандыру қабілетін пайдалана отырып, бүкіл жану алаңын өңдей отырып, өрт ошағына батыл шабуылдау қажет.

Газ-ұнтақтық ағыншаның іс жүзінде электр өткізбейтіндігіне байланысты ұнтақты өртсөндіргіштермен кернеулігі 1000 В-қа дейінгі электр қондырғыларын сөндіруге болады. Сөндіру 1 метрден аз емес қашықтықта жүзеге асырылады. Электр қозғалтқыштарын, күштік және жарықтандыру құрылғыларын, сондай-ақ басқа да жабық жабдықты сөндіру кезінде ұнтақты корпустың ішіне беру қажет.

Өртсөндіргіштерге қосымша ретінде немесе олар жоқ болған кезде өрттердің көпшілігін сөндіру үшін өрт сөндірудің қолда бар құралдары: құм, шойын үгінділері, киіз немесе әртүрлі жабулар қолданылуы мүмкін. Оларды пайдалану оқшаулаушылық әрекетіне негізделген, алайда құм, топырақты, шойын үгінділерін қолдануда сондай-ақ салқындатушылық әсер болады.

Ұнтақтық өртсөндіргіштер

Ұнтақтық өртсөндіргіштер іс жүзінде өрттердің барлық сыныбын, оның ішінде кернеулігі  1000 В-қа дейінгі электр аспаптарын сөндіру үшін қолданылады. Оларды қолдану саласы өртсөндіргіште пайдаланылатын ұнтақ түріне байланысты болады. Бүгінгі күні бұл өртсөндіргіштердің ең көп тараған үлгісі. Оларды қолданудың температуралық ауқымы -50 -ден +50 С°-қа дейінгі мәндерге жетуі мүмкін.

Бұл өртсөндіргіштермен электр аспаптарының , жанғыш газдар мен сұйықтықтардың шағын тұтануларын сөндіруге болады.

Өртсөндіргіштің ішінде тозаңданған кезде жанған заттың бетінде үлдір түзейтін арнаулы ұнтақ болады.

Өртсөндіргішті іске қосу тәртібі

1. Пломбаны жұлу, оталдырғышты тарту.

2. Иінтіректі басу, ағыншаны алау негізіне бағыттау.

3. Өрт сөндіруге  1,5 метрден аз емес қашықтықта кірісу.

Назар аударыңыз! Авариялық дабылдаманың заманауи жүйесін иелену өте маңызды!

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2017 жылғы 12-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Өрт қауіпсіздігі қандай нормативтермен регламенттелген

Өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықты қалай жасау керек

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение