text
MCFR.KZ Медицина

Қазақстан Республикандағы кардиохирургиялық белсенділік

  • 16 января 2018
  • 13
эксперт ЭС “ACTUALIS“, эксперт журнала “Руководитель медицинской организации”, д. м. н., профессор, независимый аккредитованный эксперт, г. Алматы
кардиохирургиялық белсенділік
кардиохирургиялық белсенділік

Соңғы үш онжылдықтың ішінде қан айналысы жүйесінің аурулары бүкіл дүние жүзіндегі халықтың өлімге ұшырауының әртүрлі себептерінің құрылымында бірінші орын алады.

Еуропалық аймақта жыл сайын қан айналысы жүйесінің ауруларынан (бұдан әрі – ҚЖА) 4,3 млн-нан астам адам (барлық өлімнің 48 %-ы), жасы 65 жастан үлкен 800 000-нан астам адам, оның ішінде   230 000-нан астам адам Еуропалық Одақ (бұдан әрі – ЕО) елдерінде қайтыс болады. ЖИА – Еуропадағы өлімнің неғұрлым кең тараған себебі (оның үлесіне әрбір бесінші өлім тиеді). ЕО елдерінде жүректің ишемиялық ауруларынан (бұдан әрі – ЖИА) еркектердің  16 %-ы мен әйелдердің 15 %-ы қайтыс болады. Еуропаның әртүрлі елдері мен аймақтарында ҚЖА статистикасы әртүрлі, атап айтқанда Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде өлімге ұшыраушылық басқа еуропалық мемлекеттерге қарағанда, жоғары. Өлімге ұшыраушылықтың ең төменгі көрсеткіштері Франция, Португалия, Италия, Испания, Швейцария мен Нидерландыда тіркелді. Германия, Ұлыбритания мен  Польшада аумақтар бойынша елеулі өзгерістер байқалды. Қазіргі сәтте ЖИА-нан 65 жастан үлкен еркектердің арасында өлімге ұшыраудың ең жоғары деңгейі Ресей Федерациясында (100 000 адамға 242), ең төменгі деңгейі –  Францияда (100 000 адамға 17) байқалды.

Кардиохирургиялық қызметтің тиімді жұмысы жеке алғанда да, командамен алғанда да әрбір бөлімшенің жолға қойылған және айқын жұмысына байланысты болады. Шетелдік клиникаларда және қазіргі уақытта Қазақстанда  «Heart-team» жүрек командасын құру әдісі таралған, оның құрамына кардиолог, интервенциялаушы мен кардиохирург кіреді. Олар біріге отырып, әрбір нақты пациентті емдеу мен тактика мәселелерін шешеді. Бұған қоса, кардиохирургиялық көмек «кардиолог – кардиохирург – анестезиолог-реаниматолог – перфузиолог» командалық жұмысының нәтижесі болып табылады. Команданың үйлесімді жұмысы емдеудің жоғары тиімділігіне әкеледі және керісінше, бір буынның артта қалуы бүкіл команда жұмысының нәтижелілігін төмендетуге әкеледі.

Олардан жыл сайын республикада 60 мыңнан астам адам қайтыс болатын қан айналысы жүйесінің аурулары бойынша қолайсыз демографиялық жағдаятқа байланысты, мемлекет Қазақстан Республикасында 2007-2009 жылдарға арналған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту бағдарламасы мен денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жвлдарға арналған  «Саламатты Қазақстан» Бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырды. Осы уақыттан бастап кардиохирургиялық көмектің қарқынды дамуы басталды. Бағдарламаның нәтижесі ҚЖА-нан өлімге ұшыраудың біртіндеп төмендеуі болып табылады. Мысалы, 2009 жылы ҚЖА-нан өлімге ұшырау 100 мың адамға 416,4-ті құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 2 еседен астамға төмендеді және 100 мың адамға шаққанда 193,8-ді құрады, бұл дамыған елдер көрсеткіштеріне жақындайды (1кесте).

1 кесте

ҚР-нда 100 000 адамға шаққанда ҚЖА-мен ауырушылық пен өлімге ұшырау көрсеткіштері

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ҚЖА-мен ауырушылық

2273,1

2086,7

2277,1

2454,0

2463,1

239,7

2429,7

ҚЖА-дан өлімге ұшыраушылық

416,4

403,99

309,61

256,76

207,4

207,2

193,8

ЖИА-нан өлімге ұшыраушылық

157,04

119,04

100,27

87,22

71,75

75,4

71,7

Хирургиялық белсенділіктің өсуі байқалуда (2 кесте). Мысалы, 2009 жылы жүрекке жалпы 11 528 ота жасалса, олардың 1 605-і – ашық жүрекке жасалды,  2016 жылы жүрекке жасалған оталардың жалпы саны 29 749-ды құраса, олардан 10 044-і – ашық жүрекке жасалды. Сондай-ақ оталардан кейінгі асқынулар жиілігінің төмендеуі байқалды, бұл дәрігерлердің бұл салада тәжірибеге ие болғандығына байланысты.

2 кесте

ҚР-ндағы кардиохирургиялық белсенділік

Көрсеткіш

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

жүрекке жасалған барлық ота

11 526

10 288

13 184

19 774

28 488

28 866

29 749

асқынулар % -ы

0,8

1,4

1,6

2,1

1,5

1,0

0,6

ашық жүрекке

1 605

1 933

5 777

8 133

9 943

9 768

10 044

асқынулар % -ы

2,0

3,3

4,4

3,6

2,4

2.2

1,3

электрокардиоынталандыру

389

665

749

2 545

1 594

1 507

1 754

асқынулар % -ы

1,0

1,4

0,3

0,2

0,1

0,1

0,3

жүрек қан тамырларына

8 906

6 632

2 430

3 366

4 614

4 622

4 992

асқынулар % -ы

0,4

0,9

3,2

2,6

2,2

2,8

1,4

Қазақстан Республикасында жүргізілген іс-шаралар мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ҚЖА-дан, атап айтқанда ЖИА-нан өлімге ұшыраудың төмендеуі байқалады, алайда ҚЖА-мен ауыруға шалдығушылық жоғары деңгейде сақталуда – 100 000 адамға 2 429,7-ден келеді және серпінінде біртіндеп артып келеді (1 диаграмма). Бұл халықтың өмір сүруі орташа ұзақтығының артуымен, егде жастағы халық санының артуымен және жіті жай-күйлердің созылмалы нысанға көшуімен байланысты. Бұған ұқсас үрдіс бүкіл дүние жүзінде байқалуда...

Подробнее читайте в журнале "Руководитель медицинской организации"12, 2017.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық

Стационарлық және амбулаториялық пациенттер үшін, оның ішінде ТМККК бағдарламасы бойынша қосымша ақылы қызметтер көрсетуге қосымша келісім стандарты бар ма?

Медициналық қызметтер көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қандай нормативтік құжаттармен регламенттеледі

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Чтобы читать дальше, пожалуйста, зарегистрируйтесь!

Мы вынуждены сделать доступ по регистрации, чтобы обеспечить качество публикаций и защитить авторские права редакции.
После регистрации у вас будет доступ ко всем материалам и сервисам на портале.

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль