MCFR.KZ Медицина

СЭС медициналық ұйымдарға қойылатын талаптарды қысқартты

  • 12 февраля 2018
  • 42
СЭС  медициналық ұйымдарға қойылатын талаптарды қысқартты
СЭС медициналық ұйымдарға қойылатын талаптарды қысқартты

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа Санитариялық қағидалар медициналық ұйымдарға қойылатын талаптар санын қысқартты. Бұл туралы мақадан оқыңыздар.

 Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті  (бұдан әрі  – Департамент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын,  «100 нақты қадам» ұлт Жоспарын, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауда кәсіпкерлік үшін тосқауылдарды қайта реттеу, төмендету» жобасын іске асыру шеңберінде министрлік халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманы қайта қарады.

 Комитеттің алдына мынадай негізгі мақсаттар қойылды:

  • кәсіпкерлік үшін әкімшілік тосқауылдарды төмендету;
  • енгізілген жаңа технологияларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар әзірлеу;
  • талаптарды халықаралық стандарттарға келтіру.

Бұл мақсаттарды орындау үшін құрамына бизнес-қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ денсаулық сақтаудың ғылыми ұйымдарының өкілдері кірген Жұмысшы топ қолданылып жүрген Санитариялық қағидаларға   (бұдан әрі – СҚ) талдау жасауды жүргізді.

 2017 жылдың өткен кезеңінде Комитет  жекелеген СҚ-ды қайта қарады, оларда санитариялық-эпидемиологиялық талаптар оңтайландырылды, ескірген және бір-бірін қайталайтын құжаттар жойылды. Эпидемиялық мәнділігі болмашы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алуды жою бөлігінде медициналық қызметті лицензиялау саласындағы заңнамаға ревизия басталды. Мысалы, Комитет 6 СҚ-ды қайта қарады, олардаға талаптар оңтайландырылды, ескірген және бір-бірін қайталайтын 29 СҚ жойылды, 2017 жылдың соңына дейін тағы да 11 СҚ қайта қаралатын болады, оның ішінде зертханаларға, дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізуге, жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларға қойылатын талаптарды регламенттейтіндері де бар.

Назар аударыңыз! Қабылданған іс-шаралардың қорытындылары бойынша бақылау объектілерін тексерулер саны азайды.

Егер 2017 жылдың 1-жартыжылдығында Алматы қаласы бойынша денсаулық сақтау объектілеріне 406 тексеру, 2017 жылдың 2-жартыжылдығында – 475 тексеру жоспарланған болса, 2018 жылдың 1-жартыжылдығында ерекше тәртіп бойынша тексерулер графигіне тек  215 ұйым ғана енгізілді.

Маңызды! Зертханалар тәуекелдің орта дәрежесінен болмашы дәрежесіне ауыстырылды, осылайша бұл объектілер үшін ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізілмейтін болады (бұрынырақта мұндай тексерулер жоспарлы тексерулер деп аталды). Соңғыларын тәуекелдің болмашы дәрежелі объектілеріне бөлу есебінен қызметі басталардың алдында олардың санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар алу бойынша талап жойылады.

 Амбулаториялық-емханалық, клиникалық-диагностикалық және стоматологиялық ұйымдар тәуекелдің жоғарғы сатысы тобынан тәуекелдің орташа дәрежелі объектілерінің тобына ауыстырылды. Осылайша, бұл объектілер үшін ерекше тәртіп бойынша тексерулердің мерзімділігі жарты жылда 1 реттің орнына жылына 1 рет деп белгіленді.

Денсаулық сақтау саласында жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында денсаулық сақтау объектілеріне Тексеру парақтарын оңтайландыру жүргізілді, қазіргі уақытта олар процестер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігіне әсер ететін талаптарды ғана қамтиды.

Мысалы:

  • дәрілік заттар дайындау объектілеріне қойылатын талаптар саны  4,6 есе қысқартылды (83 тармақтан 18-ге дейін);
  • стоматологиялық қызметтер көрсететін объектілерге, – 2,2 есе (83-тен 37-ге дейін);
  • амбулаториялық-емханалық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне және стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне, – тиісінше 1,4 және 1,3 есе.

 2017 жылдың қараша айына дейін  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а-ның 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидалары қолданылды. Бұл нормативтік құқықтық акт де қайта қаралды, қазіргі уақытта күшін жойды, және 2017 жылдың 9 қарашасынан бастап  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 357 бұйрығымен бекітілген жаңа Санитариялық қағидалар қолданылуда (бұдан әрі – СҚ № 357).

Жаңа СҚ № 357-ден мына талаптар алынып тасталды:

  • эпидемиологиялық мәнділігі болмашы объектілер үшін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылардың бар болуына қойылатын;
  •  объектілерді жобалау мен салу кезеңіне қойылатын (желдету, сумен жабдықтау, жарықтандыру, су әкету жүйелерінің жабдықтарына, аумақты аймақтауға, үй-жайлар, лифтілер ауданы мен жиынына).
  • медициналық қалдықтарды тасымалдау мен залалсыздандыруға қойылатын;
  • денсаулық сақтау объектілерінде медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдендіру мен залалсыздандыруды өткізу жағдайларына қойылатын;
  • денсаулық сақтау объектілерінде өндірістік бақылау өткізуге қойылатын, өйткені олар басқа нормативтік құқықтық актілердің талаптарын қайталайды.

Шағын және орта кәсіпкерлік...

Толығырақ "Медицина ұйымының басшысы" журналының 2018 жылғы 1-нөмірінен оқыңыздар.

Cондай-ақ "ACTUALIS: Медицина" ЭЖ-ндегі  материалдарды оқыңыздар:

Санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзушылықтардың үлгілері

Медициналық ұйымдарда пациенттерге арналған буфеттерді жасауға қойылатын санитариялық талаптар

Подписка на статьи

Чтобы не пропустить ни одной важной или интересной статьи, подпишитесь на рассылку. Это бесплатно.

Участвуй в наших семинарах

Школа

Проверь свои знания и приобрети новые

Записаться

Самое выгодное предложение

Самое выгодное предложение

Воспользуйтесь самым выгодным предложением на подписку и станьте читателем уже сейчас

Мы в соцсетях
Мы еще не знакомы?

Давайте познакомимся!
Пользователи, которые зарегистрированы на сайте, имеют ряд преимуществ:

  • Читают закрытые материалы
  • Первыми узнают последние новости
  • Пользуются всеми возможностями сервисов  

У меня есть пароль
напомнить
Пароль отправлен на почту
Ввести
Введите эл. почту или логин
Неверный логин или пароль
Неверный пароль
Введите пароль
Я тут впервые
1 минута, и вы продолжите чтение
Зарегистрироваться